Табиғаттағы су. Судың құрамы. Судың физикалық және химиялық қасиеттері

Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
“Комсомол”(Айнатас) жалпы орта мектебі
Химия пәнінің мұғалімі  Қабаева Гулжамал

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың құрамы. Судың физикалық  және химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушының білім мен білік дағдысын қалыптастыру, ой-әрекетінің дамуын арттыру, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, қасиеттері, қолданылуы және табиғаттағы су туралы түсінік беру;
  2. Судың ашылу тарихы, құрамы, физикалық қасиеті туралы мағынаны ашу және судың құрамы мен қасиеттерін білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыру;
  3. Оқушыларды табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғай білуге, экологиялық, экономикалық және сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  СТО – стратегиялары. Өзін-өзі бағалау.

Қолданылған көрнекіліктер мен құралдар:  компьютер, графопроектор, электронды кітапшалар. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың барысы:     I. Ұйымдастыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. Сабақты бекіту.
  2. Үйге тапсырма.
  3. Үй тапсырмасын тексеру.

Ой қозғау.

  1. «Ойлан тап» оқушылар үй тапсырмасын орындайды. 2, 3-жаттығу.

Ойлан  тап!
(Химиялық  терминдермен жұмыс)
Тотығу –

Тотықсыздану –

Тотықтырғыш –

Тотықсыздандырғыш –

Электрондық баланс –

2.I, II ІІІ топ  бойынша оқушыларға есептер шығаруға тапсырма беріледі.

І) Алюминийдің оттекпен;

ІІ) Темірдің хлормен;

ІІІ) Литийдің күкіртпен тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

 

Топ оқушылары өздері бірін –бірі тексеріп бағалайды

а) 4Al0+3O20 →2Al2+3O3-2

         Al0 – 3e →Al+3              4   тотығады  тотықсыздандырғыш

      O20+4e →2O-2         3   тотықсызданады    тотықтырғыш

б) 2Fe0 +3Cl20 →2Fe+3Cl3-1

      Fe0 -3e →Fe+3             2  тотығады  тотықсыздандырғыш

      Cl20 +2ē →2Cl-1          3  тотықсызданады   тотықтырғыш

в) 2Li0 +S0 →Li2+1S-2

       Li0 -1ē →Li+1          2  тотығады  тотықсыздандырғыш

       S0+2e →S-2             1  тотықсызданады   тотықтырғыш

 

III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  • Қызығуды ояту.

Жалпы сыныпқа тапсырма.

І топқа   Су туралы не білеміз? Ассосация құру.

ІІ топқа   Судың маңызы

ІІІ топқа  Судың қолданылуы

Судың химиялық қасиеттері

  1. 2K+2H2O =2KOH+H2
  2. Mg+H2O=MgO+H2
  3. K2O+H2O=2KOH
  4. SO2+H2O=H2SO3
  5. Металдардың кернеу қатары бойынша түсіндіру

 

ІV. Сабақты бекіту. Мағынаны ажырату.

   Қазіргі кезде әлемдегі экологиялық жағдай сараптайтын болсақ:

  1. Әлемдегі су қорының азаюы
  2. Судың ластануы
  3. Судың адам өміріндегі маңызы
  4. Графикалық диктант
  • Иә    Жоқ
  1. Табиғи таза су болады ма?
  2. Алғаш суды синтездеген Г. Кавендиш.
  3. Су оттектің екі атомы сутектің бір атомынан құралған күрделі зат.
  4. Судың сандық құрамын анықтаған Ж.Менье.
  5. Су дәмсіз , түссіз сұйықтық
  6. Су еріткіш.
  7. Жер қыртысында ¾ бөлігі су
  8. .Адам сусыз 3 күн ал тамақсыз 30-50 күн өмір сүреді.
  9. Адам тәулігіне 12-18 л су пайдаланса, қазір 200-400 л су пайдаланып отыр.
  10. Су 00С –те қайнайды.

 

  1. Үйге тапсырма.

«Судың маңызы» тақырыбына мәнжазба.

  1. 2,3 – жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқушы  ізденістерінен :

Географ: су-табиғатта ең көп таралған зат. Сумен жер шарының з/4 бөлігі қапталған. Атмосферада су бу түрінде кең таралған. Температура суығанда ол шоғырланып, алдымен бұлтқа айналып, кейін жаңбыр немесе қар болып жауады. Өсімдіктер бетіне шық болып қонады.  Сондықтан судың ауа райына ықпалы зор.

Тұщы су- баға жетпес байлық. Жер шарындағы барлық судың  ер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған  98% ащы су. Дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. XX ғасырдың басында әрбір адам тәулігіне  ғасырдың басында әрбір адам тәулігіне 12-18 л су пайдаланса, қазір 200-400 л су пайдаланып отыр. Сондықтан жер бетіндегі тұщы су қорын таза ұстау, оны ластамау, үнемдеп орынды жұмсау әрбір азаматтың парызы!

 

Биолог: жердегі тіршілік көзі су болып табылады. Ағзаның  жасушасында үрдістер судың қатысуымен жүзеге асырылады. Сусыз тіршілік жоқ. Ересек адам  64%, ал бала 85% судан тұрады. Ағзаның әрбір жасушасына су керек . Судың көп мөлшері мида  81%, қан және бездерде  73-80% ,бұлшық еттерде  50-70% сүйекте  22-34%, көздің  шыны тәрізді денесінде  99% бүйректерде  82% бауырдың құрамында  69% су бар .Адам сусыз 3 күн ал тамақсыз30-50 күн өмір сүреді.

 

Экономист :қазіргі уақытта тұшы судың жыл сайынғы дүниежүзілік тұтынуы 5-6мың шақырым  немесе жердегі тұшы су ресурстарының 10% құрайды,Тұшы суды тұтыну оның қорының жаңару жылдамдығынан жоғары елде және аймақта тұшы су жетіспеушілігі байқалуы мүмкін.Дүние жүзінде тұшы судың құрылымы төмендегідей: ауыл шаруашылығы 60% cу қоймалары 4%.Өнеркәсібі дамыған елдерде ауыл шаруашылығына қарағанда өнеркәсіпте суды көп пайдаланады. Тұшы суды негізгі тұтынушылардың бірі-ауыл шаруашылығы болып табылады .Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырудың бір құралы суландыру.Судың көп мөлшерін өсімдіктер тұтынады. Бір тонна бидай алу үшін шамамен 1500тонна, ал мақтаға 10  000 тонна су қажет екені есептелген .

Су қолданылмайтын  бірде-бір өндірістік үрдіс жоқ 1 тонна болат өндіру үшін  орташа есеппен 240 м\3 су жұмсалады оның  су жұмсалады оның 200м\3 айналымындағы су,тек 40м\3 таза су.Кейбір түсті металдармен басұа материалдарды алу үшін жұмсалатын судың мөлшері оданда көп, 1 тонна қағазға-250м\3  1 тонна никелге  4000м\3 таза тұшы су қажет екні есептелген.

Физик:су –түссіз сұйықтық, иіссіз, дәмсіз,100\0 С-де қайнап 0 C-де  қатады.Су үш агрегаттық күйде бола алады: қатты,сұйық, газ.Судың тағы бір ерекше қасиеті динамикалық тұтқырлығы. Бұл қасиеті майда құм тәрізді сүзгіден оңай өтіп,тазартуда үлкен рөл атқарады. Тағы бір қасиеті булану транспирация,сублиматция.Булану заттың сұйық не қатты күйден газ тәрізді күйге ауысады. Қатты заттардан сұйық күйге айналмай булануы сублимация деп аталады. Судың ерекше қасиеттерінің бірі дыбысты жылдам өткіетін акустикалық қасиеті магнитті қабылдағыштығы.Жарық сәулесін жақсы көрсету.Су мәңгі қозғалыстағы айналымдағы сұйықтық оның бұлай болуына ауырлық күш гравитациялық күш әсер етіп тыным таптырмайды.

 

 

 

Судың ашылу тарихы

1781-1782 ж Г.Кавендиш.

1783 ж А.Лавуазье

2H2+O2  = 2H2O

1785 ж  Ж .Менье

Молекул  формуласы  – H2O                        Құрыл формуласы     H-O-H

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment