Химиялық элементтердің тотығу дәрежесі

Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
“Комсомол”(Айнатас) жалпы орта мектебі
Химия пәнінің мұғалімі  Қабаева Гулжамал

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тотығу дәрежесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, химиялық элементтерінің тотығу  дәрежесі туралы ұғымдарын түсіндіру,

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

б) тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ. Жаңа сабақты топтастыру.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.

Сабақты ұйымдастыру формалары: Жеке, топтық, жалпылама.

Сабақты өту әдісі: СТО әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Физика,математика.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

                                      ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

                                                Деңгейлік тапсырмалар

                                      ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

                                             а) Кім алғыр

                                             б) Кім жылдам

                                             в) Ой толғау

                                         ІV. Бекіту.

                                               Оқулықпен жұмыс

                                              б) №5 жаттығу.

  1. Оқушыларды бағалау.

                                      VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

Сергіту сәті

«Ақ тілек. Әсем күлкі»
– Көңіл – күйлеріңіз қалай?
– Керемет!(қолдарын көтереді)
– Сабаққа  дайындықтарың қалай?
– Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
– Ынталарыңыз қалай?
– Ғажап! (қолдарын көтереді)
– Ендеше ашық сабағымызды  бастайық!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Деңгейлік тапсырмалар бойынша топтық жарыс

  1. Сутектің химиялык таңбасы
  2. Сутектің атомды, массасы

3 Сутектін жаи зат екенин анықтап оған «гидрогениум» деп ат берген француз ғалымы

4 . Сутекті 1776 жылы  алған ағылшын ғалымы кім?

  1. Сутектің өнеркәсіпте алыну жолы қандай?
  2. Сутектің зертханада алыну жолы
  3. Сутектің физикалық қасиетін сипатта
  4. Белсенді металл сумен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?
  5. Су құрамындағы сутектің массалық үлесі қаншаға тең?
  6. Жер қыртысында сутектің массалық үлесі қанша?

Кім жылдам? Ойыны

Топтарға кеспе қағазы таратылып ондағы химиялық реакция теңдеулерін аяқтап теңестіру қажет.

1-кеспе қағазы

а) Zn + HCl                      ә) Ca + H2O

б)  H2+ S                            в) 2H2 O

2-кеспе қағазы

а) CuO + H2                     ә) K + H2O

б) Zn + H2 SO4                   в) H2 + C

 

3-кеспе қағазы

а) Са + HCl                     ә) Na+ H2O

б) К + H2 SO4                    в) H2 +O2

Жаңа сабақ

Тотығу дәрежесі – қосылыстағы элементте электрондарын толық беру немесе қосып алу нәтижесінде пайда болған заряд.

  1. Жай заттағы элементтің тотығу дәрежесі 0-ге тең.
  2. Кейбір элементтердің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты болады:
  • H+1; О-2;
  • Металдардың  барлығы оң тотығу дәрежесі оның валенттілігіне сәйкес:
  • Na+1 ; K+1 ; Ca+2 ; Mg+2 ; Ba+2 ; Al+3 .

Қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежесін табу жолдары

  • MnO2, Mn2O7, NO, NO2, Cr2O3, CrO3, CO2, CO
  • №1 Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?
  • H2S, N2, HJ,   H2,    NaF,   Cl2,   CaF2
  • КМпО4 H2CО3 H23

«Ой толғау»:

  1. Тотығу дәрежесі деген не ?
  2. Тотығу дәрежесін қалай анықтайды? Оның сандық мәні неге байланысты ?
  3. Оттек пен сутектің көрсететін тотығу дәрежелерін ата
  4. Күрделі қосылыстағы элементтердің

белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп    шығарады ?

«Кім жылдам?» тест сұрақтарын шешу

  1. Тотығу дәрежесі +4 ке тең элемент:

а) CO2      ә) K2O      б) HF        в) H2O

  1. Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?

а) FeS        ә) О2          б) CaF2      в) Ca3(PO4)2

  1. Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта

а) KClO3     ә) HClO4     б) HCl    в) Cl2

  1. Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі

а) үнемі оң                      б) бірде оң, бірде теріс

ә) үнемі теріс                  в) нольге тең

  1. Көміртектің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?

а) -6      ә) +4      б) -4        в) 0

Рефлексия   сөйлемді толықтыру

Бүгінгі сабақта мен . . . үйрендім.

Бүгінгі сабақта мен . . . білдім.

Бүгінгі сабақтан кейін…

Бағалау

Үйге тапсырма беру: §64    №6,7.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master