Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі.

 Алматы облысы

Ақсу ауданы

«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп –гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

физика пәнінің мұғалімі:

Ахмадиева Жазира Берденовна

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Меншікті кедергі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Ток күшінің өткізгіш ұштарындағы кернеуге сызықты тәуелділігін тағайындау; тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдау; өткізгіштің электрлік кедергісі; меншікті кедергі ұғымдарын қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, кітаппен жұмыс, сұрақ – жауап, жаттығулар – тапсырмалар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар.

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;
  2. Оқушыларды түгендеу;
  3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
  4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
  5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру,  қайталау.

  1. 1. Тест сұрақтары бойынша үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылар жауапты белгілеп, көршілерімен ауыстырып тақтадағы дұрыс жауап бойынша тексереді.
  2. Электр тогы дегеніміз не?

А) зарядтың ретсіз қозғалысы

В) зарядтардың реттелген бағытталған қозғалысы

С) дұрыс жауабы жоқ

  1. Ток көзін ата.

А) вольтметр

В) амперметр

С) аккумулятор, гальвани элементі, генератор

  1. Ток күші дегеніміз не?

А) зарядтың уақытқа көбейтіндісі

В) зарядтың уақытқа қатынасы

С) заряд пен уақыттың көбейтіндісі

  1. Ток күшін өлшейтін құрал

А) манометр

В) гальванометр

С) амперметр

  1. Ток күшін өлшейтін құралды тізбекке қалай қосады?

А) параллель

В) тізбектей

С) дұрыс жауабы жоқ

  1. Ток күшінің өлшем бірлігі

А) кг, г, мг

В)Дж, кДж

С) А, мА, мкА, кА

  1. Оқушылар шарты белгілердің аталуын интербелсенді тақтада жазып шығады.

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша тізбек бөлігіне арналған Ом заңы, электр кедергісі, меншікті кедергімен танысу.

ІV. Жаңа материалды меңгерту:

Тізбек бойымен өтетін тоққа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Георг Ом ашты.

SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді, Ом заңына сәйкес:  R =       Бұл өрнектен кедергі бірлігін анықтайды.   1 Ом =

Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:

I =               I – өткізгіштегі ток күші

(1787-1854)                                     U – өткізгіш ұштарындағы кернеу

R – өткізгіш кедергісі

Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі, оның L ұзындығына тура пропорционал,  S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатындығы тағайындалды.

Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы меншікті кедергі деп атайды. Меншікті кедергіні  ρ  әрпімен белгілейді.

  1. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

18-жаттығу (2,8), 19-жаттығу (4, 7)  есептерін шығарту.

4 оқушы тақтада орындайды.

Сергіту сәті, «Сандар сөйлейді»  ойыны

Тақтада сандар жазылған. Оқушылардан осы сандар туралы не білетіндері сұралады.

550 жыл

70 жыл

20 жыл

1787 жыл

1854 жыл

Жауаптары:

  • Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды;
  • Ұлы Жеңіске 70 жыл;
  • Ата заңымызға 20 жыл;
  • Г.Омның туған жылы;
  • Г.Омның қайтыс болған жылы;
  1. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:

«Суретті есеп» тапсырмасын орындайды.

  • Үш ғалымда бір салада еңбек етті;
  • Ток күшінің шамасы бірінші ғалымның туған жылының соңғы екі санына тең;
  • Өткізгіштің кедергісі екінші ғалымның туған жылының соңғы екі санына тең;
  • Үшінші ғалым ойлап тапқан заң бойынша өткізгіштің кернеуін есептеңіздер.

«Ауызша есеп» тапсырмасын орындайды.

Тапсырмалар 19 А

 

450 В 45 кВ 4 Ом 20 Ом 5,5 А 40 Ом
R = 30 Ом

I = 15 А

Ж К Р Г П У Ш
I =2 А

U = 8 В

Н А Ф Е Ш П А
R = 20 Ом

U =380 В

Р                                        Д А Ц З Ж Н Й
R = 15 кОм

I = 3 А

Ш И Е К Щ Ю У
I = 0,8 А

U = 16 В

А Л Ы Е Р Д Б
R = 40 Ом

U = 220 В

А Ы Ң І Қ Г М
I =  0,6 А

U = 24 В

Ы Д Х Э Ц Р І

Есепті дұрыс шығарса, бүгінгі тақырыпқа байланысты сөз шығады.

Осы сөз төңірегінде сұрақтар қойылады.

  1. Өткізгіштің кедергісі қандай формуламен есептеледі?
  2. Өткізгіштің меншікті кедергісі  оның ұзындығына, көлденең қимасына қалай тәуелді?

VII. Бағалау.

 ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру: §38,39 оқу.  18- жаттығу № 1,6,7, 19-жаттығу № 1,2,3 есептерін шығару.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master