Әлем туралы түсінік

Жиенбаев А. Н

Сабақтың аты §66  Әлем туралы түсінік
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø Әлем туралы түсінік жайлы мағлұмат беру

Ø Әлем туралы түсінікті күнделікті тұсмыста қолдана  білуге үйрету

Ø Топта        бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø Әлем туралы түсінік жайлы мағлұмат алады

Ø Әлем туралы түсінікті күнделікті тұрмыста қолдана  білуге үйренеді

Ø Топта   бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Ғарыш сәулелерінің пайда болуы  – жұмбақ. Жұлдыздарда термоядролық отын таусылғаннан кейін, ядролардың бірігуі кезінде туатын ғаламат зор сәулелік қысым жойылады. Сөйтіп, гравтитациялық тартылыс күші, өзіне қарсы бағытталған сәулелік қысым жойылысымен, жұлдыз массасын оның центріне қарай алапат зор күшпен қысады. Егер осындай күшке Жер немесе Күн тап бола қалса, онда Жер радиусы бар болғаны 1 см шардың, ал Күн радиусы 3 км шардың аумағына сыйып кетер еді. Бұндай радиустарды гравитациялық радиус деп атайды. Алапат гравитациялық қысым салдарынан жұлдыз  атомдарының электрондары ядро ішіне еріксіз сығымдалады. Сөйтіп, электрондар мен протондар бірігіп, нейтрондарды құрайды. Осылайша пульсар деп аталатын нейтрондық жұлдыз пайда болады.

Гравитациялық қысымның әсерінен пульсардың температурасы біртіндеп миллиардтаған градусқа көтеріледі. Соңында қартайған жұлдызда жинақталған есепсіз мол ішкі энергия коллапс деп аталатын қопарылысқа алып келеді. Коллапста босайтын энергия Күннің бүкіл 10 млрд жыл бойы шығаратын энергиясынан 100 еседей артық болады. Коллапсқа ұшыраған жұлдыз күндізгі Күн жарығанан да басым түсіп, көк жүзінде әсіре жарқырап барып сөнеді. Осындай коллапстарды біздің бабаларымыз да, қазіргі замандастырамыз да жай көзбен-ақ көрген. Көк жүзінде күндіздің өзінде  де көзді ұялтып, кенеттен пайда болатын бұндай жұлдыздарды әсіре жаңа жұлдыз деп атайды.

Күн – орташа жұлдыз. Ал Күннен массасы ондаған, жүздеген есе үлкен жұлдыздар гравитациялық радиусқа дейін сығылса, онда олар «қара құрдымға» айналады. Гравитациялық радиус аумағында зат сингулярлық күй деп аталатын ерекше бесінші күйге ауысады.

Әлемнің  бір нүктеге қарай жиырылуынан шексіз өскен энергия қара құрдымда жарылыс жасайды да, Әлем қайта кеңейіп жаңадан құрыла бастайды. Қазіргі Әлемнің кеңеюі мен дамуы Үлкен жарылыс деп аталатын нүктелік қопарылыстан басталған.

Тапсырмалар Топтық  жұмыс
Топтық   жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Элементар бөлшектер жайында не білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Әлемнің дамуы дегенді қалай түсінесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс  (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу        
2 Міндетін атқару        
3 Топтық жұмысқа атсалысуы        

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Топтық   жұмыс(есептер шығару)  (5 минут)

1 топ   №1116,

2 топ №1126

VІ. Топтық  жұмыс «тест жұмысы» (13 минут)

  1. Қозғалыс мөлшерінің өзгерісі түсірілген қозғаушы күшке тура пропорционал болады және осы күш әрекет ететін түзудің бағытымен бағытталады. Бұл қандай заң?

А. Ньютонның І заңы;

В. Ньютонның ІІ заңы;

С. Ньютонның ІІІ заңы;

Д. Гук заңы.

  1. Дене дөңгелек бойымен сағат тілінің қозғалысының бағытына қарсы қозғалады (1-сурет) А нүктесінде жылдамдық векторы қандай бағыт алады?

А. 1;     В. 2;

С 3;      Д. 4.

  1. Ауасы бар түтікшеде бытыра, тығын, қауырсын салынған. Осы денелердің қайсысы үлкен үдеумен төмен қозғалады?

А. Бытыра;     С. Қауырсын

В. Тығын;       Д. Денелердің барлығы бірдей үдеумен қозғалады?

  1. 6 Н күш әсерінен массасы 2 кг дене қалай қозғалады?

А. 3 м/с жылдамдықпен бірқалыпты;

В.  3 м/с жылдамдықпен бірқалыпсыз;

С. 3 м/с2 үдеумен бірқалыпты үдемелі;

Д. 3 м/с2 үдеумен бірқалыпты кемімелі

  1. Үдеудің өлшем бірлігі

А. М

В. Н

С. м/с

Д. м/с2

  1. Центрге тартқыш үдеудің формуласы

А.           В.             С.              Д.

  1. Кеплердің І заңының тұжырымдамасы

А. Күн айналасындағы екі планетаның айналу периодьары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең;

В. Планетаның радиус-векторы тең уақыт аралықтарында тең аудандар сызады;

С. Барлық планеталар Күн айналысында эллипс бойымен айналады; фокустарынң бірінде Күн тұрады.

Д. Дұрысы жоқ.

  1. Математикалық маятник тербелісінің формуласы

А.                        С.

В.                         Д.

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не  қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Бөлшектердің тарихын жазу
Кейінгі оқу §65  Элементар бөлшектер мен ғарыш сәулелері туралы түсінік

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment