Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы

 Кудайбердиева Гульфайрус Жубановна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

технология пәнінің оқытушысы

 Сабақтың тақырыбы:    Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы

Пән аты:        Тамақ әзірлеу технологиясы

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы туралы мағлұмат беру

Ә)Тәрбиелік:Денсаулықтың кепілі-дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.

Б)Дамытушылық: Болашақтағы өз мамандықтары бойынша дұрыс жұмыс жасауға, тамақ өнімдерін тиімді пайдалануға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, 1сұрақ 1ұсыныс әдісі, « Қорытынды диктант»

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточка, Тамақ өнімдерінің түрлері.

Пәнаралық байланыс: Химия,Биология

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
  2. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен тақырыпты қайталай отырып, студенттерге тақырып бойынша сұрақтар қою.

  1. Технология пәнінің бағдарламасы алғашында қандай бағыттар бойынша ұсынылды?
  2. Аспаздық тарихы қай кезеңнен басталды?
  3. Тамақ әзірлеу технологиясы пәнінің мақсаты қандай?
  4. « Ауру – астан » сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?

III. Жаңа сабақ:

Жаңа тақырыпты ашуға бағытталған сұрақтар

  1. Академик И.П.Павловтың «Тамақтану өмірдің химиясы» деген сөзін қалай түсінеміз?
  2. Тамақ өнімдерінің құрамында қандай химиялық элементтер білеміз?

 

Алдымен студенттерге мәтін таратылады

Тамақ өнімдерінің химиялық құрамы

Қоректену – барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады.Ағзаға қажетті тағамдық заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгірістерге ұшырап, денеге сіңіріледі. Онда тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы. Өйткені организмге барлық пайдалы заттар қажет: ақуыздар, майлар, көмірсутегі, витминдер,  минерал тұздар қажет.

Сондықтан ішетін тамақтың түрін өзгертіп отыру керек, оған ақуызы бай сүт, ірімшік, балық немесе ет витаминдері мен минерал тұздары көп көкөністер, жемістер мен түрлі майлар жатады.

Тағам туралы әнгіме адамзат алдындағы ең маңызды мәселенің бірі.Адам өзінің өмір сүруіндегі қажетты заттардың барлығын оттегінен басқасының барлығын тағам арқылы алады. Академик И.П.Павловтың айтуынша тамақтану өмірдің химиясы,демек тамақтың химиялық құрамын,адам организміндегі олардың өзгеруін, ыдырауын білу,түсіну арқылы өзімізді білеміз.

Тамақтануды дұрыс ұйымдастыра білу керек,ол ғылым жетістіктеріне   негізделген болу қажет.
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай ағзадағы химиялық элементтерді үш топқа бөледі :
1.Макроэлементтер (оттек, сутек, көміртек, азот, фосфор, күкірт, кальциий, магний, темір, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10% – дан жоғары болады.
2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%.
3. Ультрамикроэлементтер
– сынап, алтын, уран, және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен.

Тамақ құрамында иод, темір мырыш сияқты химиялық элементтер жетіспеушілігінен немесе дұрыс тамақтанбау салдарынан көптеген аурулар туындайды. Йод тапшылық аурулары және теміртапшылық анемия адам ағзасының дұрыс дамуына бөгет жасап, туберкулез, рак сияқты маңызды және тағы да басқа жетіспеушілікпен байланысты аурулардың пайда болуына себебін тигізеді.

Бұл элементтердің тапшылығы — ми дамуының ақауларын туғызады, жұқпалы ауруларға қарсы қорғау механизмдерін төмендетеді, балалардың ақыл-ой мен физикалық дамуының бұзылуы және соның салдарынан халықтың интеллектуалдық потенциалының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Йод көптеген теңіз өнімдерінің құрамында, қоян етінде, тауық етінде, қара құмықта, қара жидекте, шабдалыда т.б. бар. Сондықтан тағам өнімдерін таңдау кезінде, әсіресе, нан, сүт, тұз сияқты әрдайым пайдаланатын өнімдердің таңбалауына назар аударып, йодталған тұз сатып алған жөн. Бұл теміртапшылық анемия және йодтапшылық ауруларының алдын алуға көмектеседі.

  1. Үлестірмелі карточкалар

Мидың жақсы жұмыс жасауына мынадай тағамдардың түрлері мен құрамы ма­ңызды роль атқарады.

Балық және теңіз өнімдері. Ба­лықтың құрамы йодқа, фосфорға, омега-3 қыш­қылына бай екені көпшілікке белгілі. Міне, осы екеуі мидың жұмысына жауап беретін және өте қажетті минералдар болып та­былады. Әсіресе, тунец, лосось, иваси, май­шабақ (кильки) балықтарын атауға бо­лады.

Сұлыдан жасалған ботқа. Жас ағзаға күш-қуат беріп, Е, В дәрумендерімен, ка­лий, мырыш элементтерімен толықтырып отырады.

Жаңғақ. Шығыс данышпандары жаң­ғақты «ақылды өнім» деп атаған. Өйткені, жаңғақтың қай түрі де ең алдымен ми қызметін жақсартып, оны қажетті ми­нералдармен «қоректендіреді». Бас-ми қызметіне қатысатын қан тамырлары үшін грек жаңғағының құрамындағы заттардың зәрулігі ерекше. Ұмытшақтықтың алдын ала­тын да бірден-бір жидек осы грек жаңғағы. Жаңғақ дәнінде калий, каль­ций, магний, фосфор, темір, тағы басқа химиялық элементтер өте көп. Күніне бес жаңғақ жеу керек, бұл С дәруменінің тәуліктік нормасы.

Бал мен қара шоколад-екеуі де ми мен жүйке жүйесінің жұмысына пай­далы.

Жидектер-қан та­мырларын тазалап, оның құрамындағы хо­лес­теринді жоятын  өнім. Егер ағзада қан ай­налымы жақсы болса, онда ми­ға да қанмен бірге оттектің қа­жетті мөл­шері ба­рады деген сөз. Барлық жидектер есту, көру, есте сақтау мүшелерін жақсартып, оларды түрлі сырқаттардан сақтайды. Жидекті үнемі пайдаланған жағдайда баланың әдеттегіден көңілді әрі сергек жүретіндігі байқалады. Оқуға деген құлшыныстары арта түседі.

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін:

Сәбіз-мидың зат алмасуын жақсарту арқылы, кез келген нәрсені жаттаған кезде жақсы көмектеседі.Сәбіз Каротин көзі Ағзаны жұқпалы аурулардан сақтайды. Жатар алдында бір тәрелке ұнтақталған, маймен араластырған сәбіз жеу керек.

Асқабақ дәндерінің  құра­мында мырыш бар, ол мидың ойлау жыл­дамдығын ұлғайтады, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Зейінді жақсарту үшін:

Пияз-мидың мөлшерден тыс, психикалық шаршаған кезінде кө­мектеседі. Қанды сұйылтады, миды оттекпен қамтамасыз етеді. «Пияздан барлық ауру қашады»

Қара жүзім–есте сақ­тау қабілетін жақсартып, ми жұмысын ынталандырады. Таңертең 1 стақан шы­рын, ал кешке жүзімнің 1 талын жесе әр түрлі ми қатырғыш сөзжұмбақтарды оңай шешуге көмектеседі.

Мейіз–құрамында бордың қо­сын­дысы бар, бұл есте сақтау қабілетті арттырады.

Ұсы­нылған кеңестерді ұстанымыңызға айналдырсаңыз екі-үш ай көлемінде өз нәтижесін берері сөзсіз.

Қызылша Тамыр жемісі мен жапырақтарында белок көп, кальций бар Жүйке жүйесінің қызметі мен жүрек бұлшық еттерінің жиырылуын реттейді. Шырыны тұмау тигенде адам ағзасына пайдалы.

Картоп «Екінші нан», 2% белок, 0,4% май, 16-18% крахмал бар
Қант диабетімен ауыратын адамдардың аз тұтынғаны жөн. Дәрілік зат есебінде қолданады. Ішке тарту жоғары тыныс жолының ауруын емдеуге көмектеседі.

Кейбір тамақтардың құрамындағы химиялық заттар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін

Ал бұдан басқа кейбір тамақтардың, сусындардың құрамына көңіл аударып, дұрыс пайдаланған жөн. Себебі, олардың құрамындағы химиялық заттар денсаулыққа кері әсерін де тигізуі мүмкін. Мысалы, Кока-коланың құрамындағы ортофосфорқышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде фосфор адамның қанының құрамындағы кальций тұзын көбейтіп, бүйректе тас пайда болуына әкеліп соғатыны дәлелденген.  «Кока-Кола» ХХ ғасырдың аясында Америкада шығып, кейін бүкіл әлемге тараған әйгілі сусын. Ол 1886 жылдан бастап тұтынушыға жол тартты. Сол уақыттан бері үздіксіз сауда сөресінен түспей келе жатыр. Әлемде оның құпия құрамы туралы аңыз жиі айтылатын. Ауылдық жерлерде аталмыш сусынмен сойылған малдың қарнының түгін кетіру, шәйнектің қағын түсіру, машинаның шайнасқан болтын босату сияқты тәсілдер қарапайым жұртшылыққа белгілі. Ал «Кока-Кола» сусынына бір түйір шикі ет салса, 3-4 сағатта іріп кететіндігіне аспаздар куә болған.

 

Кока-кола сусынын шөлге ішесіз ба? Сұрағы бойынша сауалнама жүргізілген болатын?

Сауалнама қорытындысы

Газды сусындарға әуестік
Сұрақ Жауаптар Саны
 

1

 

 

 

 

Кока-кола сусынын шөлге ішесіз ба?

Кока-кола сусынын мүлдем

ішпеймін.

 

2
 

2

 

Кока-кола сусынын күніне бір мәрте міндетті ішіп түрамын.

 

15
3 Арасында әуестікке ішемін 12
Барлығы: 29

Диаграмма түрінде көрсеткіш

 

 

  1. Сарамандық жұмыс:

Алма  Картоп

YI . 1сұрақ 1ұсыныс  әдісі

YI I. Қорытынды диктант

Академик И.П.Павловтың айтуынша тамақтану ________________деді. Тамақтануда азық-түліктің түр-түрін жеу өте пайдалы. Өйткені организмге барлық пайдалы заттар ____________________________________ қажет.Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі_______________,_______________,________________. Макроэлементтердің ағзадағы мөлшері __________ дан жоғары болады. Ағзадағы Микроэлементтер тобы____,____,_____,_____,_____,_____. Кока-коланың құрамындағы ___________________адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі. .«Кока-Кола»_________ ғасырдың аясында      Америкада шығып, кейін бүкіл әлемге тараған әйгілі сусын. Ол ________жылдан бастап тұтынушыға жол тартты.Мейіз–құрамында _____________ қо­сын­дысы бар, бұл есте сақтау қабілетті арттырады. Тағамның құрамындағы ағзалық заттар ыдыраған кезде ___________бөлінеді. Тамақ құрамында химиялық элементтер жетіспеушілігінен____________________________________секілді аурулар пайда болады.

YIII. Бағалау парақшасы таратылады ( текшелер арқылы өздерін бағалайды)

  1. Үйге тапсырма:Дәріс оқып келу, дәріс бойынша тест құрастыру.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment