Атом- күрделі бөлшек.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

Химия пәнінің оқытушысы

Юсупов Гайратилла Махамаджанович

Сабақтың тақырыбы:          Атом- күрделі бөлшек.

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:  атомдың құрылысын оқушыларға түсіндіру, әрбір оқушыны өз бетінше білім алуға үйрету. Білім дағдыларын қатесіз, дәлме-дәл, бірнеше рет қайталау нәтижесінде автоматты түрде орындауға жету. Өз қатесін қайталамауға, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету.

Тәрбиелік: дүние-танымды қалыптастыру. Адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты, эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибелері мен тәлім-тәрбиелік, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Химия пәніне деген көзқарасты, білімге деген күштарлықты тәрбиелеу.

Дамытушылық:  оқушылардың салыстыра және айыра білу, негізгі мәселесі ажырата білу және жүйелілік, анализ жасау, фантазия және елестету қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жарыс.

Пәнаралық байланыс: физика, математика, биология.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта, электронды химиялық лаборатория,  карточкалар.

Пайдаланылған әдебиеттер: О.С.Габриелян,

Г.П. Хомченко,

Эл.оқулық П.А.Пархоменко.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақтың тақырыбын жариялау (2-мин.)
  2. Мақсат қою кезеңі: оқушыларды сабақ барысында жүргізілетін іс-шаралар мен таныстыру (1-мин).
  3. Білімді жаңарту кезеңі: (8-мин).

Өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында «Гайнворд» ойынын ойнаймыз.

Сұрақтар Жауаптар
1 а) Мына заттардың салыстырмалы атомдық массасын анықтаңыз:

О, Аl, Са, С.

 

2 б) Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын табыңыз:

Са (ОН)2, СО2,, Н24, Н2О.

 

3 Авогадро тұрақтысы нешеге тең ?
4 Оксид дегеніміз не ? Оның қандай түрлері бар?
5 Тұздар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз

 

2)  Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Ұқсас қатарды тап» ойыны

Мына элементтерден ұқсас қатарды табыңыз.

Li Mg O
Ba Na N
He C K
Li Mg O
K Ca F
Ti Ba Si
Fe O Cl
B Co C
J Br Ti
Mg HCl Li2O
 H2SO4 Na2O Cl
CaO F O
Li Mg O
NaOH KOH LiOH
Ti Ba Si

Откізілген ойынды қорытындылау
а) Металдар периодтық кестеде қалай орналасқан ?

ә) IА топша элементтеріне қандай элементтер жатады.

б) IIА топша элементтеріне қандай элементтер жатады.

4.Материалды түсіндіру кезеңі   (10 мин).

Атом – электробейтарап бөлшек. Атом  ядродан және оны айналып жүретін электрондардан турады.

Атомдың турақтылығын түсіндіру үшін даниялық ғалым Н.Бор үш постулат үсынды:

  1. Электрон ядроны кез келген орбитамен емес, тұрақты орбита бойымен айналады.
  2. Электрон бір орбитадан екінші орбитаға өткен кезде энергия бөлінеді немесе сіңіріледі.
  3. Эннергия үздіксіз емес, тек белгілі бір порция- квант түрінде бөлінеді немесе сіңіріледі.

Ядро құрылысының протондық- нейтрондық теориясы.

Атом ядросы протон мен нейтрондан түрады.

Ядро заряды бірдей бірақ массасы әртүрлі атомдар изотоптар деп аталады.

Ядро зарядтары әр түрлі, атомдық масалары бірдей атомдар – изобаралар деп аталады.

Атомдың барлық массасы ядрода шоғырланған. Электронның массасы, ядро бөлшектерінің массасына қарағанда өте аз шама болғандықтан, ол атом массасына ешбір әсері білінбейді.

Химиялық реакция кезінде атом өзінің сыртқы электронын береді немесе сыртқы қабатына электорон қабылдап алады.

Ядро бөлшектері бір-бірімен әрекеттескен кезде жүретін өзгерістерді ядролық реакциялар деп атайды.

Бөлшек атауы Бөлшектің шартты массасы Бөлшектің шартты заряды
1 Протон- p+ 1 +1 Атомның реттік номеріне тең Z
2 Нейтрон-n0 1 0 n=A-Z

n= нейтрон саны

A=атом массасы

Z=реттік номер

3 Электрон- e 1/1837 -1 Атомның реттік номеріне тең Z
  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру үшін кезеңі (10-мин.)

Мына  атомдардың бөлшектері санын анықтаңыз: Zn, C, N, Fe, Cu.

Zn C  

N

 

Fe Cu
Протон- p+

 

Электрон- e

 

 

 

Нейтрон-n0

 

  1. Бекіту кезеңі (10 мин).

Өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында электрондық лаборотория көрген реакцияны теңдеуін құрып теңестіріңіз.

2Na + 2H2O   —- 2NaOH + 2H2

2Mg + O2  ——   2MgO

2Ca + O2   —–  2CaO

Ca + 2H2O  —– Ca (OH)2 + H2 қызғылт түсті ерітінді гидроксид түзілгенін білдіреді.

СuCl2 + Fe   —  FeCl2 + Cu

Al +HCl  —–   Al Cl3 + H2

Есеп №1.

1 моль мырышқа артық мөлшерде мыс хлориді (II) қосқанда қанша мыс бөлініп шығады.

2 моль                  х

СuCl2 + Zn    ——-   ZnCl2 + Cu

Mr                     Mr

1 моль Zn = 65 гр. Zn                                  65 гр. * 2 = 130 гр. Zn

130 гр. Zn –  х г.

65 г/моль – 64 г/моль

 

х = 130 * 64 = 128 г.

65

Жауабы: 128 г.

7.Үйге тапсырма О.С. Габриелян 126 бет 6 есеп (1-мин)

8.Оқушыларды бағалау (2-мин)

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master