Мұнай өнімдері және өңдеу

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж

Химия пәнінің оқытушысы

Юсупов Гайратилла Махамаджанович

Тақырыбы:   Мұнай өнімдері және өңдеу

1.Әрбір оқушыны өз бетінше білім алуға үйрету. Білім дағдыларын қатесіз, дәлме-дәл, бірнеше рет қайталау нәтижесінде автоматты түрде орындауға жету. Өз қатесін қайталамауға, алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға үйрету. Оқушыларға мұнайды   өңдеу тәсілдерін түсіндіру. Логикалық ойлау қабілетін арттыру

2.Дүние-танымды қалыптастыру. Адамгершілік қасиеттерді, рухани байлықты, эстетикалық, еңбек сүйгіштік дағдыларды қалыптастыру. Адамзаттық ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибелері мен тәлім-тәрбиелік, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Химия пәніне деген көзқарасты, білімге деген күштарлықты тәрбиелеу. Көмірсутектер  тақырыбындағы білімдерін жетілдіріп дамыту.

  1. Оқушылардың салыстыра және айыра білу, негізгі мәселесі ажырата білу және жүйелілік, анализ жасау, фантазия және елестету қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, аралас.

Пәнаралық байланыс: физика, математика, география.

Көрнекті құралдар: интерактивті тақта,  карточкалар.

Пайдаланылған әдебиет: Б.А.Мансуров, Г.П. Хамченко, Эл.оқулық П.А.Пархоменко.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтың тақырыбын жариялау (2-мин.)
  2. Мақсат қою кезеңі: Оқушыларды сабақ барысында жүргізілетін іс-шаралар мен таныстыру (1-мин).
  3. Білімді тексеру кезеңі: (8-мин).

а) мүнай дегеніміз не?

ә) бензол молекуласының құрылымдық формуласын жазыңыз

б) Көмірсутектердің галогентұындыларына мысал келтіріңіз

в) Атаулары бойынша мына алкандардың құрылымдық формулаларын құрыңдар:

2,3-диметилбутан

2,2,3-үшметил-3- этилпентан

2,3,6-үшметил-4-этилгептан

г) Молекулаларға атау беріңіз

 

А) СН3-СН2 –СН-СН3                      Б) СН3 – СН2 – СН2 – СН3

|

СН3                                           СН3

|

В) СН3-СН – СН2–СН2-СН3         Г) СН3 – СН – СН – СН3

|                                                                 |

СН3                                                             СН3

 

Алкадиендер дегеніміз қандай молекулалар?

Каучуктың химиялық құрамын көрсетіңіз

Алкиндер дегеніміз қандай молекулалар?

Гидрлеу реакциясы дегеніміз қандай реакция ?

Галогендеу реакциясы дегеніміз қандай реакция ?

Жану реакциясы дегеніміз қандай реакция ?

Дегидрлеу реакциясы дегеніміз қандай реакция ?

Алкендер дегеніміз қандай молекулалар?

№ 1   30 грамм 2 метил бутанның зат мөлшерін анықтаңыз

№ 2   45 гр 2,2 диметил пентанның зат мөлшерін анықтаңыз

n=m/M   n-зат мөлшері моль

№ 3   60 гр 3 метил 1 гексиннің қалыпты жағдайда көлемін есептеңіз

№4   50 гр 2,2 диметил 3,5 гептадиеннің қалыпты жағдайда көлемін есептеңіз

V=m ∙VM/M

Негізгі бөлім

Мұнай

Мұнай (персия тілінен neft-тұтанатын)-жанғыш, майлы, түсі-кен орнына байланысты ашык-қоңырдан қара-қоңырға дейін болатын, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Ол судан жеңіл, тығыздығы 0,80-0,95г/см, суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді.

Табиғи мүнай қүрылымында су минералды түздар және әр түрлі механикалық қоспалар болады. Оны шикі мұнай деп атайды. Шикі мұнайды судан тазартқаннан кейін тауарлық мұнай алынады.

Мұнайдың құрамына 3 тұрлі көмірсутек кіреді: қаныққан, циклопарафиндер, аромат көмірсутектер. Үздіксіз жүмыс істейтін қондырғыларды мүнайды фракциялы айдау әдісі арқылы мүнай өнімдерін алады.

Ректификациялық мұнара-биіктігі 40 метр болатын болат цилиндрдірлі қондырғы. Оған құбыр пешінде 320-400 С дейін қыздырылған мұнай түседі.

Фракциялы (бөлшектеп) айдау дегеніміз- қайнау температурасы әр түрлі құрам бөліктерден түратын қоспаны қайнату арқылы бөліп алу.

Мұнай-қайнау температуралары әр түрлі көмірсутектер қоспасы болғандықтан, оны өңдеудің негізгі әдісі-айдау болып табылады.

Серік газдардан және судан арылғаннан кейін, мұнай қыздырылады,сонда ол фракцияларға бөлінеді.

1.40-200С аралығындаС59 көмірсутектері бар бензин фракциясы. Қайталап фракциялағанда авиациялық және автомобильдік двигательдердің бензиндері алынады.

2.150-300С аралығында С1016 көмірсутектері бар керосин фракциясы бөлінеді. Керосин шам, трактор, реактив жанармайларына пайдаланылады. Керосиннің газойлмен қоспасы-дизель жанармайы. Алғашқы екі фракция ашық тұсті мұнай өнімдерін береді.

3.Мұнай қалдығынан тұтқыр, қара сұйқтық мазут деп алынады. Мазут қазандық қондырғыларында отын ретінде қолданылады. Мазутты қосымша айдағанда-машина, ұршық, цилиндр жанармайлары, битум алынады.     Мазуттан вазелин және парафин бөлініп алынады. Вазелин медецинада қолданылады. Мазут өңделгеннен кейін жол құрылысында кеңінен     қолданылатын гудрон алынады.

Крекинг- (ағыл. crak-жару, бөлшектеу)  10-12 көміртек атомы бар көмірсутектер 5-10 көміртек атомдары бар көмірсутектерге бөлшектенуі

С16Н18 → С8Н188Н16

Бекіту кезеңі:

  1. Мыналар: а) табиғи газ; ә) мұнайға серік газдар не үшін қолданылады?
  2. Мұнайға:а) физикалық қасиеттері бойынша; ә) құрамы  бойынша  анықтама  беріңдер.
  3. Мұнай құрамын  бір  молекулалық  формуламен  өрнектеуге  бола ма?

Қандай мұнай шикі  деп  аталады? Шикі  мұнай  өңдеуге  жіберіле  ме?

  1. Мұнайдан қандай өнімдер алынады? Олардың қолданылуын көрсетіңдер.
  2. 6. Крекинг   дегеніміз қандай құбылыс?

 Үйге тапсырма беру кезеңі:      67 бет 1-9 сұраққа жауап беру

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment