Жұлдызды аспан

Нарбаева Назгуль

Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды аспан

Сабақтың мақсаты: Жұлдызды аспанның негізгі ұғымдарымен таныстырып, солар жайлы түсінік қалыптастыру.

Білімділік:  Аспан денелері, жұлдызды аспан, шоқжұлдыздар жайлы ұғым
қалыптастыру; Әртүрлі дидактикалық материалдар арқылы ой-өрістерін жетілдіру;
Дамытушылық:  Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік:   Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Әдіс-тәсілдері: өздігінен игеру,оқушылардың бірін-бірі бағалауы
Пәнаралық байланыс:  физика, тарих
Көрнекіліктер: жұлдызшалар, ақпараттық таратпалар, кесте, шоқжұлдыздардың суреті

презентация, сызбалар, видео.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушылардың іс – әрекеті

І. Ұйыдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу

Дайындалып, орнына отыру. Қайталауға уақыт беру.

ІІ. Үй тапсырмасына шолу.

Формуламен  жұмыс  

а) Формулаларды тақтаға жазу.

ә) Сұрақтарға жауап беру.

  1. Дыбыс дегеніміз не?
  2. Дыбыс қалай таралады?
  3. Вакуумда дыбыс тарала ма?
  4. Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?
  5. Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?
  6. Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?
  7. Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?
  8. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
  9. Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?
  10. Акустикалық резонанс дегеніміз не?
  11. Жаңғырық дегініміз не?
  12. Ультра дыбыс, инфрадыбыс дегеніміз қандай дыбыстар?
  13. Серіппелі маятник
  14. Математикалық маятник
  15. Томсон формуласы
  16. Толқын ұзындығы
  17. Толқын жылдамдығы
  18. Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы
  19. Электромагниттік толқынның вакуумдегі толқын ұзындығы.

ІІІ. Практикалық жұмыс. (есептер шығару)

1 –  есеп.  Дыбыстың ауадағы таралу жылдамдығы 340 м/с болса, жиіліг 340 кГц. Дыбыс көзінен ауаға таралатын ультрадыбыс толқынының ұзындығын анықтаңдыр.
2 –  есеп.  Мылтық атылғаннан соң, дыбыс пен оқ 1360м биіктікке бір мезгілде барып жетсе, оқтың бастапқы жылдамдығы қандай? Мылтық вертикаль жоғары қарай атылған. Оққа әсер етуші ауа кедергісін ескермейік. Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.                                                                                               3 – есеп. Толқын көзінің тербеліс жиілігі 0,2 Гц, ал толқынның таралу жылдамдығы 10 м/с. Толқын ұзындығы неге тең?
4 – есеп.  Егер электромагниттік толқындардың 2 см болса, онда олардың вакуумдегі тербеліс жиілігі неге тең?
ІҮ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.      «Жұлдызды аспан».

Шоқжұлдыз дегеніміз не?  Бұлтсыз және Айсыз түнде қала жарығынан алыс жерде көз алдымызға жұлдызды аспанның ғаламат көрінісі ашылады. Бір қарағанда жұлдыздар шашыранды ажыратып білу мүмкін емес сияқты көрінеді.Жұлдыздар туралы әр халықтың өз мифі мен аңызы, өздері қойған аттары бар, оған қоса шоқжұлдыздар саны әр түрлі болады.                                                                                                                                         Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтүстік жартышарында, 48-і оңтүстік жартышарында, ал қалған 9-ы аспан экваторының бойында екі жартышарға да ортақ орналасқан. Көрінерлік ж.ш. m (лат.magnitude- “шама”сөзінен)әрпімен таңбаланады. Көптеген шоқжұлдыз атаулары көне заманнан бері сақталып келеді. Қейбіреулері грек мифологиясымен, мысалы, Андромеда, Персей, Пегас, ал қайсыбіреулері жарық жұлдыздар құрайтыншоқжұлдыздардың кескінкейпіне байланысты ұқсас нәрселермен (Жебе, Үшбұрыш, Мизам және т. б.) аталған. Жануарлардың атымен аталған да шоқжұлдыздар бар, мысалы, Арыстан, Шаян, Сарышаян.

 

 

Дәптерлерін ашады, тақырыпты жазады.

Жұлдыздар туралы аңыз (видео)

Аспан күмбезіндегі шоқжұлдыздарды іздеп тапқанда, олардың ең жарық жұлдыздарын, жұлдыздар карталарында көрсетілгендей, белгілі бір пішінге келтіріп, түзулермен ойша қосады. Әр шоқжұлдыздағы жарық жұлдыздарды ерте кезден-ақ грек әріптерімен белгілеген  Шоқжұлдыздың ең жарық жұлдызы көбінесе , одан соң ,т. т. деп алфавит ретімен, жарық мөлшерінің бәсеңдеуіне қарай белгіленеді; мысалы Кіші Аю шоқжұлдызындағы Темірқазық (Поляр) жұлдызы . Жетіқарақшыдағы басты жұлдыздардың орналасуы және ескі жұлдыздық карталарда оны калай кескіндегені көрсетілген. Кұралсыз көзбен айсыз түні горизонттан жоғары 3000-дай жұлдыз көруге болады. Қазіргі кезде астрономдар бірнеше миллиондаған жұлдыздың дәл орындарын анықтап, олардан келетін энергия ағынын, осы жұлдыздардың тізімкаталогын жасады.

 

  1. Бекіту
  • Шоқжұлдыз деген не?
  • Аспанда қанша шоқжұлдыз бар?
  • Жұлдыздар шоқжұлдыздар құрамында қалай белгіленеді?/ грек алфавитінің әріптерімен белгіленеді/
  • Көрінерлік жұлдыздық шама деген не? Белгіленуі қалай? / m/
  • Абсолют жұлдыздық шама нені білдіреді? Белгіленуі / жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын , М/
  • Ең жарық жұлдыздар қандай жұлдыздық шамаға жатады? / бірінші ж.ш./

Есептер шығару
1.Нөлінші жұлдыздық шамадағы жұлдыз бірінші жұлдыздық шамадағы жұлдыздан неше есе жарық? / 2,5 есе/
2. Темірқазық жұлдызының жұлдыздық шамасы 2,02, ал Веганың жұлдыздық шамасы 0,03. Осылардың қайсысы жарық және неше есе жарық? /Вега. 6,25 есе/
3.Регулдың көрінерлік ж.ш. және абсолют ж.ш. неге тең? / m=1,35 M=-0,6 /
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

  1. Үй жұмысын беру. «Эксперименттік тапсырма»
    Күзгі аспанның жарық жұлдыздары мен шоқжұлдыздарын бақылау.

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master