Бастауыш сыныптардың еңбек сабағында ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану

ләззатОңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Таукент кенті

І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің

Бастауыш   cынып мұғалімі

Молдабекова Ләззат Тоқтарбайқызы

Жоғары санатты мұғалім

 Бастауыш сыныптардың еңбек сабағында ақпараттық-коммуникациялық технология  құралдарын   қолдану

                                                 (Баяндама)

«Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады».

Әл Фараби

Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеу, жан-жақты дамыған, өркениетке,білімге, ғылымға құштар тұлға етіп оқыту ұстазға жүктелген зор міндет деп түсінемін. Себебі,  қоғамдағы жетістіктердің  негізгі күші адам,оның білімі,  кәсіби  шеберлігі,  жаңашылдығы бүгінгі күні  өзекті мәселе болып отыр.

Болашақта көшкелі отырған 12 –жылдық білім беру жүйесінің  мақсаты, өзгермелі дүниеде өмір сүре алатын өзінің және қоғам мүддесіне  қарай қызмет ететін білімді шығармашыл құзіретті және бәсекеге қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру және дамыту .

Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына   қарқынды түрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және  автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігі интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамып, жаңаша ойлау қабілеті қалыптасып, жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға ынталанып, нәтижесінде — кәсіби  біліктілігінің қалыптасуына жол ашылады.

Біріккен ұлттар  ұйымының  шешімен «ХХІ  ғасыр-ақпараттандыру  ғасыры»  деп аталады.

Қазақстан Республикасы да  ғылыми техникалық  прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Осыған орай бүгінгі күні білім беру жүйесі  жаңа педагогикалық технологияларға негізделіп  және  ақпараттық  құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді.

Осылайша оқу- тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Ендігі кезекте  мұғалімдерге жүктеліп отырған үлкен міндет  ақпараттық құралдарды  жетік  меңгеріп,   тиімді әдіс –тәсілдермен, болашақтың  тұтқасын ұстаушы, бүгінгі  ұрпаққа  саналы  тәрбие,  сапалы білім беру.

  1. Ақпараттық- коммуникациялық технологияны (АКТ) оқыту пән оқуда қолдану – олардың күн сайын, өзгеріп дамуына байланысты. Әдіс – тәсілдері, технологиялары үнемі жаңартылып отырады. Сондықтан әрбір мұғалім жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылықты, технологияларды меңгеру қажет.

Мыс: Теледидар бағдарламалары,интернет,ұялы телефондар.

Оқушының назарын сабаққа аудара отырып, қиялын шығармашылықпен ұштастыруда бізге АКТ  көмекке келеді. АКТ  оқушылардың  білім  алуына мұғалімге сабақ беру барысында маңызды көмекші.

Басқа негізгі пәндер  сияқты емес еңбек, сурет, дене шынықтыру пәндері көбіне екінші кезекте айтылып келді. Бірақ кәсіптік бейімдеу, өмірлік қажеттілік тікелей осы пәндермен байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн.

  1. Осы кішкене бүлдіршіндердің арасында не бір қол өнер шеберлерін, зергерлер, тігіншілер, заманауи дизайндер отырған да болар. Өзім сабақ беретін сыныптарда ізденгіш, қол өнеріне бейім  оқушыларды назарда ұстап, бағыт- бағдар беріп отырамын.

.Еңбек пәні сабағынан жыл сайын сәуір  айларында мектепшілік көрме өткізіп, аудандық қолөнер көрмесіне жеңімпаздың жұмысын жіберіп отырамыз.

Қол өнері- халқымыздың төл өнері деп есептеймін.

Сондықтан оқушыларға әрбір жұмыс, бұйым жасағанда ұлттық нақыш  рең беру жағын ескертіп отырамын. Ою-өрнек тақырыбына байланысты өткен сабақтарда үнемі суретші ата Ә.Қастеевтің мына  сөздерін:

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Арқардың мүйізінен үйрендім деген және батыр атамыз Б.Момышұлының;

Өткенді еске алып ойға шолам

Сұрыптап, тезге салып көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям.

-деген сөздерін оқушыларға жатқа айтқызамын.

Өнердің кез-келген адамның бойына қона бермейтін қасиет  екенін шәкірттеріме ұғындырамын.

Еңбек – қол өнері –сән бір-бірімен тығыз байланысты әлем.

Оқушылар АКТ құралдары арқылы білгенін дамытып, жаңа ақпаратпен танысады. Үйренумен қатар жаңашылдыққа ұмтылады.

Дәстүрлі сабақтардағыдай емес, жаңа технологиямен өткен сабақтарда мұғалім берген бағыт бойынша, тастаған ұсыныс, ойды оқушы өз іс-әрекетінмен дамытады. Нәтижеге қол жеткізеді.

Қорыта айтқанда АКТ құралдарын толық игеріп, ең таңдаулы әдістерді, технологиямен қолдануды меңгеру- әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын.

Техникалық сауаттылық- мұғалімге  мына ақпараттық өзгермелі заман көшінен  қалмаудың кепілі.
 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master