Етпен кеспе дайындау

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауылы

Жаңақала мектеп-гимназиясының

технология пәнінің жоғары санатты мұғалімі:

Бесбаева Гулсайра Кенжебайқызы

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.

Шаттық шеңбер: «Спектр»

Шеңбердегі оқушылар көршілес құрбысының әрекетін қайталау арқылы, бірін-бірі тыңдай отырып бірдей жаттығу жасайды. Бірлескен жұмыстың көрінісін береді.

Топтастыру:

Сұрақтар қою

-Дастархан мәзіріне қойылатын талаптарды атап бер

-Мерекелік дастарханның жай дастарханнан айырмашылығы қандай?

-Бірінші және ыстық тағамдарға мысал келтір

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.

Мұғалімнің әрекетін кезекпен- кезек қайталау арқылы бірлескен жаттығу әрекетін жасайды.

 

Сұрақтарға жауап береді

Тұсаукесер  Етпен кеспе дайындау.

Қажетті ыдыс-аяқтар: кастрөл ет кесетін тақтайша, асханалық пышақтар, кепсер, шұңқыр тәрелке, қасық, шөміш.

Азық түлік: сұйықтық үшін: 40 г сәбіз,40г пияз, 20г май, 950г сорпа. Кеспе үшін:75г ұн, жұмыртқа, 14г су, 2 г тұз.

Дайындау технологиясы: –  қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған сәбізбен пиязды қосып 2-3мин, содан кейін кеспе салып 10-12 минут қайнатады, соңында тұз бен дәмдеуш заттарды қосамыз.

                      Еттен жасалатын тағамдар

Жұмыс барысы

1. Кеспеге арналған қамырды жұмыртқа, тұз, су қосып илейді.

2. Сәбіз бен пиязды шашақтап турап, қуырады.

3. Сорпаны отқа қояды.

4. Қамырды қалындығын 1 мм етіп жаю, жайылған қамырды шашақтап кесу.

5. Қайнап тұрған сорпаға шала қуырылған көкөністерді салып, 2-3 минут қайнату, дәміне қарай тұз, дәмдеуштер қосып, кеспені салып 10-12 минут қайнату.

6. Дайын тағамды оттан алып, көжені тәрелкелерге бөліп құю, аскөк сеуіп безендіру.

7. Ұсынар алдында сорпада бөлек қайнатылған етті кеспенің үстіне салады.

Еттен жасалатын тағамдар

Зертханалық жұмыс№2

            Суытылған еттің сапасын анықтау

Қажетті құрал –жабдықтар: ет үлгілері, лупа,тәрелке,дәптер ,қалам.

Жұмыс барысы

Ет сынамаларына түйсікті талдау жасауды өткізу

4-кестені толтыру

1.      Ет жылулық жай-күйі бойынша қалай бөлінеді?

2.Суытылған еттің сапасын қалай анықтайды?

3. Мұздатылған еттің сапасын қалай анықтайды?

Үлгінің сипаттамасы  
  Консистенция     Түсі   Иісі
1      
2      
 

 

Сарамандық жұмысты орындайды

Тақырыбы:

Етпен кеспе дайындау.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың орындалуын ретімен дәптерге жазады.

 

Суретті тағам түрлерінің пайдасы  мен қажеттілігі жайлы сипаттама береді

 

 

 

 

Еттің адам ағзасына қажеттлігі жайлы  дәптерге жазады

Етті пісіру, сақтау жолдарын дәптерге жазады.

№2 зертханалық жұмыс

4 кесте 16 бет тапсырманы орындайды

 

Тақырыбы: Суытылған еттің сапасын анықтау

 

 

 

Негізгі бөлім Әр  оқушы сызбалау арқылы  немесе суретке салу арқылы     сарамандық жұмысты  орындайды.

Сарамандық жұмыс 16

Қой ұшасымен шабу

Жылқы ұшасын бөлшектеу

Сарамандық жұмысты   орындайды. 16-бет

 

Малды аспаздық пайдалану кезіндегі сызбасын дәптерге жазады

18-19-20 беттер

 

Қорытынды

 

 

 

Ет өнімдеріне, ас мәзіріне қатысты ойларын, алған білімдерін сызбаға салып таныстырылым дайындайды Оқушылар  сұраққа жауап беру  арқылы, ортақ пікір білдіреді

Топтан бір оқушы қорғайды.

 Бағалау  Бағалау парақшасымен бағаланады:

Пән————– Сынып————–

Топтардың бірін-бірі бағалауы.

  Критерийлер 1 2 3 4 5 6
1 Топ мүшелерінің белсенділігі

 

           
2 Мазмұнының ашылуы            
3 Эстетикалық талғамға сай болуы            
4 Уақытқа сыйуы            
5 Түйінді ой айтуы            
 Топтар бірін-бірі бағалайды.

 

Үйге тапсырма

 

Рефлексия

 №3 кесте 15-бет Кестені дәптерге орындап келу. 5тақырыпты түсініп оқу.

Бес саусақ әдісі

-Маған ұнады

-Маған жеткіліксіз болды

-Маған қиын болды

-Мен көп білдім,,,

-Ұсыныстарым…

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master