Дыбыс және әріп

№23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия б/б
Павлодар облысы, Екібастұз қ.,
Ибышева Гүлнар Ерікқызы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: Дыбыс және әріп
Мақсаты:
Білімділігі: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылығы: Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Ұжым болып жұмыс істеуге баулу
Әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдыр: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психожаттығу: «Күлімдейік».
-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға, ата-анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан-жағымызға күлкі сыйлайық.
Олар болса кел балалар күлейік
-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабаққа деген ынтамызды көтерейік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Шаттық шеңбері
Армысың ба, ашық күн.
Армысың ба, көк аспан.
Армысың ба, достарым
Сендерді көрсем қуанам.
2. «Не естідің» дидактикалық ойыны.
Сабақты дидактикалық ойын арқылы бастаймын. Ойынның шарты:аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату.
-Сонымен, балалар, естіген дауыстарды қалай атауға болады?
– Дыбыс.
– Дыбыс дегеніміз не?
– Әріп дегеніміз не?
Жалпы күнделікті өмірде адамға қатыссыз, табиғатта, айналада болып жататын дыбыстар өте көп. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс – дыбыс деп аталады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. Дыбыс – сөздің кішкене бөлігі.
– Ал әріп ше?
Әріп – дыбысты таңбалау үшін алынған белгі. Демек, дыбыстың жазбаша – таңбасы.
– Дыбыс дегеніміз не?
– Әріп дегеніміз не?
Жалпы күнделікті өмірде адамға қатыссыз, табиғатта, айналада болып жататын дыбыстар өте көп. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылыс – дыбыс деп аталады. Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Олар: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, кішкене тіл, ауыз қысы, көмей, таңдай, тіл, тіс, ерін, мұрын қуысы. Дыбыс – сөздің кішкене бөлігі.
– Ал әріп ше?
Әріп – дыбысты таңбалау үшін алынған белгі. Демек, дыбыстың жазбаша – таңбасы. Біз д ыбысты айтамыз және естиміз.
Ал әріпті көреміз не жазамыз.
Тақтадағы суреттермен жұмыс.
Сиыр қандай дыбыс шығарады?
-мө-мө-мө
Қой қандай дыбыс шығарады?
-мә-мә-мә
Маса қандай дыбыс шығарады?
-З-з-з-з
Балалар, біз не естідік. Әр түрлі дыбыстар естідік. Яғни біз дыбыстарды қайтеміз. Дыбыстарды естиміз.
ІV. Сергіту сәті:
Қолға қамшы аламын,
Атқа мініп шабамын.
Құрық сілтеп асауға,
Мен атамдай боламын!!!
V. Дәптермен жұмыс
а) «Қай дыбыстан басталады?» тапсырмасы. Шарты: суреттердегі заттардың атын атап, олардың қай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу.
Кітап к дыбысынан басталады. Балапан б дыбысынан басталады. Ағаш а дыбысынан басталады.
-Балалар, енді жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
ә) Үзік сызықтарды қосып, таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу.
VI. Қорытындылау
1.Өтілген дыбыстарды қайталау.
2.Балалардың жауаптарын ескере отырып мадақтау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment