Ұлттық киім киген адам тұлғасын бейнелеу

укК.Ж. Камбарова                                            №14 орта мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері  пәнінің мұғалімі

Талдықорған қаласы 

Сабақтың тақырыбы:Ұлттық киім киген адам тұлғасын бейнелеу           

Мақсаты:

Әр дәуірдегі ұлттық киімдердің өзіндік ерекшелігін әңгімелеу және бейнелеу.    Міндеті:

1.Киімнің түр-түсіне, безендірілу ерекшелігіне талдау жасуда  қай уақытта пайда болғанын анықтауға баулу.

2.Ұлттық киім киген адам тұлғасын дәл бейнелеуге үйрету.

3.Ұлттық эстетикалық тәрбие беру.                                                                    Сабақтың көрнекілігі:

Ұлттық киім түрлері, табиғат көрініс  плакат айналмалы шеңбер, карточка Ә. Қастеевтің А. Иманов келбеті. Г. Исмаилованың Қыз Жібек, А. Ғалымбаеваның Қазақтың ұлттық киімдері.                                                                                                                 Сабақтың құрал жабдықтары: түрлі-түсті қарындаш, альбом.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді  меңгерту сабағы .                                                Сабақтың  әдісі: теория және практикалық сабақ.                                        Қолданылған әдебиеттер: Г. Исмаилова, А.Ғалымбаева, Ә. Қастеевтің – Қазақстан суретшілері. Пән аралық байланыс: әдебиет, табиғаттану.

Сабақтың   барысы :                                                                                                    

 І.Ұйымдастыру кезеңі.                                                                                                    

– Сәлеметсіздер ме ? Бүгінгі сабаққа әзірсіндер ме. Сәлемдесу, кластың сабаққа даярлығын шолу.

 ІІ.Жаңа білімді меңгертуге дайындық.                                                                             –Бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы:                                                                           Ұлттық киім киген адам тұлғасын бейнелеу .

Кіріспе  

-Балалар, біздің еліміз- кең байтақ, таулы, қыратты, өзенді, көлді болып келеді.Біздің табиғатымыз  қаншалықты бай болса, ұлттық киімдеріміз әсем, әрі көрікті болады.

-Табиғатты барлық түстер біздің ұлттық киімдерімізде кездеседі, тіпті биік тауларымыз сәукелеге ұқсас, оюларымыз жан-жануарлар мен өсімдіктерге ұқсас.

– Сендер, теледидардан «Алтын дала» бағдарламасын көретін шығарсыңдар?

Бүгін біз «Алтын дала» бағдарламасындағы айналмалы шеңбердегі берілген сұрақтарға жауа берейік.Қандай ұлттық киімдердін түрлерін білесіңдер?

  1. -Айырқалпақ туралы не білесіңдер?

– Айырқалпақ – ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі. Айырқалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі.

  1. Байтақ – жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетін байпақтың киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады.
  2. Бөрік — қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және жас төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, т.б. деп аталады.
  3. Жаулық әйелдердің бас киімі. Оны ақ түсті матадан немесе ақ жібектен тігеді.
  4. Күпі — матамен тыстап, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып, тігетін ұлттық сырт киімі. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген.
  5. Күрте — жеңсіз жеңіл киім. Онда жең де, жаға да болмайды.
  6. Камзол – әйелдер ұлт киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сиякты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Камзолды кей жерлерде “жеңсіз бешпент” немесе “көзекей” деп атайды.
  7. Малақай (құлақшын) — ерлердің салкында киетін бас киімі. Оны   құндыз, бұлғын, суcap, жанат, түлкі, қарсақ, суырт т.б. аңдар мен құлын, бұзаудың терісінен,қозы мен лақтың елтірісінен тігеді.
  8. Саптама етік-ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяк киім.

10.Сәукеле – әйелдің  бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.

  1. Тиқия — ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия.
  2. Төн — қазақтың ұлттық киімдерінің бір, оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді.
  3. Шопан — Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі.
  4. Шекпен — жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады.
  5. Ішік – қазақтың ұлттық киімдерініц бірі; оны елтіріден, сеңсеңмен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Бұл – ұлттық киімдер 19-шы ғасырдың аяғында 20-сы ғасырдың басында мұражайда сақталған киімдердің үлгісі. Міне, балалар, Қазақстан суретшілерінің жұмыстары – Ә. Қастеевтің, А. Иманов келбеті ұлттық киіммен бейнеленген. Г. Исмаиловтың «Қыз Жібек -ұлттық киімі бейнеленген. А. Ғалымбаеваның : “Қазақтың ұлттық киімі” атты кітабында осы аталған суретшілеріміз ұлттық киімдердің үлгісін көрсеткен.

III. Жаңа білім менгерте.

–   Міне, біз ұлттық киімдердің түрлерімен таныстық. Енді қыздың ұлттық киімін қыздар, ал ер жігіттің ұлттық киімін ұлдар бейнелеуге кіріселік.

Музыка қою (20 мин). Оқушылар жұмыс жасауға кіріседі.

  1. Жаңа білімді меңгеруін тексеру.

Оқушылар жұмыстарын аралап жүріп, көмектесу, тексеру.

  1. Бекіту бағалау.
  2. Өте жақсы орындалған оқушылар жұмыстарын көрсетіп, жақсы жақтарын айту (формасы, оюлары, бояуының үйлесімділігін ескеру).
  3. Жақсы орындаған оқушылар жұмыстарын көрсетіп, кемшіліктерін айту.
  4. Орташа орындаған оқушылардың жұмыстарын айтып өту.
  5. Үйге тапсырма: Сәукеле мен айырқалпақ суретін салып келу.

VII.  – Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master