Табиғи суды талдау әдістері

Атырау облысы

Атырау қаласы

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің

Экология арнайы пән оқытушысы

Шугаюпова Гульерке Тагаллемовна

Сабақтың тақырыбы: Табиғи суды талдау әдістері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты:

Студенттерге табиғи суларды талдау әдістері мен топтастыру және оларды практика жүзінде қолдануға үйрету.

ә) Дамытушық мақсаты:

Жеке тұлғаны, жалпы қабілеттілікті, оқушылардың танымдық қасиеттерін және шығармашылық қабілетін дамыту. Студенттердің сабаққа белсенділігін арттырып, пәнге   деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, танымдарын кеңейту.

б) Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыны тез ойлануға, азаматтылыққа, адамкершілікке, жоғары саналыққа, ұқыптылыққа, сауатты жазуға, сұйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Өтілген  сабақтарды пысықтау, жаңа сабақты меңгерту, қайталау мен жинақтылық білімін жетілдіру.

 Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Ой жинақтау, сұрақ – жауап, Венн диаграммасы, миға шабуыл, ойын түрлері.

 Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру, химия, география.

 Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, суреттер, кестелер.

 Техникалық құралдар: интерактивті тақта

Сабақ құрылымы

I.Сабақты ұйымдастыру:

а) Оқушылардың сәлемдесуі

ә) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

б) Құрал-жабдықтарды, аудитория дайындығын тексеру

  1. Үй тапсырмасын тексеру:
  1. Студенттердің білімін деңгей сұрақтары  бойынша тексеру және үй тапсырмасын қайталау:

А –  «жеңіл»        В – «орташа»      С – «қиын». Әрбір деңгей бойынша 10 сұрақ қойылады.

  1. Қорытындылау.
  2. Сергіту  сәті. «Кім ұтқыр ойлы?» актуалдау ойыны.(жұмбақ)

Аяғы жоқ жүреді,

        Жоғарыдан төмендеп,

        Сықылықтап күледі,

                   Сай-салдан сылдырлап.

                                                                      (Су)

                  Бір түкті кілем,

                  Бір түксіз кілем.                           (Жер, аспан)

 

                   Жұрттың бәрі соны сүйеді,

                   Бірақ қарағысы келмейді.          (Күн)

            

                   Бар ма, жоқ па оны анық білмейсін,

                    Ол жоқ жерже, өмір сүріп жүрмейсін.            (ауа)

 

                    Қанаты жоқ – ұшады,

                    Аяғы жоқ – қашады.                                     (Жел)

        

                    Қырда қылыш жарқылдайды.                       (Найзағай)

              

                    Қайталап атымды,

                    Көктемде ән саламын,

                    Кез-келген ұяға,

                    Жұмыртқа табамын                                       (көкек)

 

                   Асқар тауда қара орман             (шаш)

                  

                    Қарындасы қонаға

                    Ағасын іздеп келгенде,

                    Ағасы қашып кетеді,

                    Үйден шығып бір жерге.                               (Ай мен күн)

 

                   Үй  үстінде ұсақ тас                                         (жұлдыз)

                

                    Жазда болмайды,

                    Қыста болады.

                   Терезеге қонады,

                    Әсем ою ояды                                                   (Қырау)

 

  1. Жаңа сабаққа көшу.

 

III.    Жаңа сабақ  меңгерту          

                                                      Сабақ жоспары:

  1. Гидросфераның классификациясы.
  2. Табиғи су және табиғи судың түрлері.
  • Судың химиялық және физикалық қасиеттері.
  1. Су қорын ластайтын негізгі факторлар (көздер).
  2. Ақаба суды топтастыру және оларды тазалау әдістері.
  3. Ақаба суды нормалау.
  1. Сабақты бекіту.
  1. Миға шабуыл
ж

 

Ұ қ б у л
ш

 

ф қ ы ш а
л

 

е н о л н
а

 

с ү з у у
м

 

а қ а б а

 

  • Судың жақсы қасиеті? Жұққыш
  • Судың газ тәрізді күйге түсуі? Булану
  • Суды ластайтын физикалық ластаушы? Шлам
  • Судың химиялық ластаушыға жататын? Фенол
  • Суды әр түрлі торлардан тазалау әдісі? Сүзу
  • Бұрын өндірісте және тұрмыстық жағдайда қолданылған, құрамы әртүрлі қосылыстармен ластанған су? АҚАБА

 

  1. Венн диограммасы.

Екі заттың бір-бірінен айырмашылығын және ұқсастығын анықтайтын диаграм ма.

  1.             «Кім жылдам?»Жаңа тарауды еске түсіру.

                                      Сұрақтары:

  1. Гидросфера жер бетінің канша % алып жатыр? Жауап: 77.1 %
  2. Ересек адамның бойында неше % су болады? Жауап: 65%
  3. Су орналасқан орнына байланысты неше түрге бөлінеді? Жауап: 5 түрге

1) Атмосфера бу, тұман

2)Мұхит

3)Теңіз

4)Өзен

5)Жер қойнауында (жер асты)

 

  1. Судың физикалық қасиеті?

Жауап: Су –  түссіз, дәмсіз сұйықтық .1000С – де қайнап, 00С – да қатады.

  1. Судың агрегаттық күйі? Жауап: қатты,сұйық, газ
  2. Сублимация дегеніміз – не?

ЖАУАП: Қатты заттардың сұйық күйге айналмай булануы.

  1. Суды синтездеп, құрамын есептеп шығарды ким және қай жылы?

ЖАУАП: 1783 ж   А.Лавуазье1

  1. Судың молекулалық формуласы: Н2О
  2. .   Ластаушы көз деп атайды?

Жауап:

Жер беті мен дер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және            жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп аталады.

  1. Судың негізгі ластаушылары нешеге бөлінеді?

Жауап: 1) химиялық;   2) биологиялық; 3) физикалық;

  1. Ластағыштар заттар деп атайды?

Жауап: Судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп     атайды.

  1. Табиғи суларды ластайтын компоненттер физикалық күйіне байланысты қанша түрге бөлінеді?
  2. Табиғи суларды ластайтын компоненттер  табиғи күйіне байланысты неше түрге бөлінеді?
  3. Ақаба сулар пада болу түрлері мен құрамына байланысты қандай категорияларға бөлінеді?

Жауап: 1) тұрмыстық   2)өндірістік   3) атмосфералық

  1. Ластанған суды тазалау әдістері?

Жауап:  1) механикалық;  2)химиялық; 3)биологиялық;   4) физикалық;

  1. V. Қорытындылау.
  2. Бағалау.

VІI.  Үйге тапсырма:   Кенжегалиев А.К. «Қоршаған табиғат ортасының  мониторингісі» 46-47 беттер.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master