2013-2014 оқу жылын аяқтау туралы ақпарат

Мектепалды, күндізгі және кешкі (ауысымдық) түрдегі барлық жалпы білім беру мектептерінің 1-11 (12) сыныптарында оқу 24 мамыр күні аяқталады. 31 мамырға дейін 5-8 (9), 10 (11) сынып оқушыларына аралық аттестаттау өткізілетін болады.

9-10 сынып және 12 жылдық эксперименталды сыныптар үшін қорытынды аттестаттау 30 мамыр – 14 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларына 31 мамыр – 20 маусым аралығында өтеді.

25 мамыр барлық мектептерде «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді. 18 маусым –жалпы орта білім беру аттестатын табыстау рәсімі өтетін болады. Аталған іс-шараға Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» ХДП, әкімдік өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, ата-аналар шақырылды.

Ағымдағы жылы 4042 оқушы мектепті аяқтағалы отыр. Оның ішінде қорытынды аттетаттау төмендегідей:

— ҰБТ тапсыратындар саны – 3588 оқушы, ол 88,7% құрайды, оның ішінде 1777 оқушы қазақ тілінде, 1811 оқушы – орыс тілінде;

— дәстүрлі түрде (мемлекеттік емтихан) 454 бала (жақын және алыс шет мемлекеттеріне оқуға түскендер) – 11,2% тапсырады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, ҰБТ-дан босатылған халықаралық олимпиада және ғылыми жобаларға қатысқан оқушылар да бар. Олардың саны ҚР БҒМ-ның арнайы бұйрығы шыққан кезде белгілі болады, қазіргі кезде ҰБТ-ға қатысу үшін базаға енгізілген.

Астана қаласында ҰБТ тапсыру күндері – 2, 4, 6 маусым, аппеляция өткізу күндері – 3, 5, 7 маусым. ҰБТ басталуы: сағат 9.00-де. ҰБТ өткізуге 3,5 сағат беріледі. Нәтижесі тапсырған күні сағат 18.00-ден кейін ілінетін болады. ҰБТ өткізілу форматы өзгерген жоқ, өтпелі 50 баллды құрайды, ал ұлттық жоғары оқу орындарына 70 балл.

ҰБТ жоғары оқу орындарында орналасқан 3 пунктте орналастырылған:

— Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде 3 топ, 1750 оқушы қатысады;

— ҚазМЗУ- 2 топ, 781 оқушы;

— С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – 2 топ, 1057 оқушы.

2013-2014 оқу жылында қаланың мектеп оқушылары республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жоба конкурстарында жоғары нәтиже көрсетті.

Өскемен қаласында жаратылыстану-математикалық бағытында өткен пәндер бойынша олимпиадаға қаланың мектептерінен 45 оқушы қатысты. Жоғары нәтиже көрсеткен мектептер: Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейі, №9 «Зерде» мектебі, №60, 66, 6, 30, 38 мектептер 32 жүлде алды. (алтын-3, күміс-7, қола -18, грамота-4).Шымкент қаласында жалпы білім беру пәндері бойынша жалпы-гуманитарлық бағытында мектеп оқушыларына Республикалық олимпиадасының ІV кезеңі өтті. Олимпиадаға 37 оқушы қатысып, 27 жүлдеге ие болды (алтын-2, күміс-8, қола -11, грамота-6).

Олимпиада бойынша Астана қаласының командасы І орынға ие болды (жалпықалалық) және «Үздік команда -2014» атағын 8 рет иеленіп отыр.

Сонымен қатар, қала мектептерінің 200 оқушысы халықаралық рейтингтік олимпидаларының жеңімпаздары болды.

Сәуір айында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеу бойынша X Халықаралық ғылыми жобалардың жарысы өтті. 106 қатысушыдан 71 оқушы жүлдегер болды.

Сәуір айында «Бәйтерек» медиа-орталығында Астана қаласы 10-11 сыныптарының дарынды оқушылары, республикалық және халықаралық олимпиадалар, ғылыми жоба конкурстарының оқушыларымен Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.А. Суханбердиева кездесу өткізді.

http://astana.gov.kz/

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *