Our favourite language (Презентация)

Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы
Жаңақала колледжі
Ағылшын тілі пәні оқытушысы
Ерғалиева Ақбота Серікқызы
Сыныптан тыс шара “Our favourite language”

 Мақсаты:   1) оқушыларды өз ана тілінің қадыр қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемділігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;

2) тіл әуезділігін, көркемділігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал- мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту;

3) тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Апталықтың барысы.

Қазырғы таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заң» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – діннің жүректігі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз қазақ тілі. Біздің отанымыз Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар.

Кұрметтейді кісі екен деп төрге озар,

Қай елде жүрсеңде бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

«Тіл достықтың алтын көпірі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

The game includes such rounds:

1 Introducing self in short

2 Otkel

3 Beles

4 Beket

5 Asu

6 Zheruiyk

Ал енді сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз. Бірінші кезеңіміз – танысу. Әр оқушы өзін ағылшын тілінде қысқаша таныстырып өтеді.

«Hello! Let me introduce myself.  My full name is …  .    I am a first-year (second-year) student at Jangala college. I am 16. My future profession ….. ( book-keeper, electrician, ….). I love sport, music.

2  OtkelСұрақ- жауап.

1 Ұлыбритания орналасқан аралдар қалай аталады?

2 Ұлыбританияның ең үлкен өзенінің аты

3 Англияның астанасы Лондон қай өзеннің жағасында орналасқан?

4 Ағылшындардың сүйікті сусыны.

5 Шекспирдің туған жылы.

6 Оксфорд қаласы немен белгілі?

7 Шотландықтардың ұлттық киімі?

8 «Юнион Джек» дегеніміз не?

9 Ұлыбританияның басшысы кім?

10  Лондондағы ең үлкен әуежайды ата.

3 .  Beles.  Әр мамандыққа сай келетін сөздерді тауып белгілеу керек.

4 Beket.  Мына мәтін басуға дайын емес, соны дұрыстап дайындап бер. This text is not ready for publication.     Edit the text

danieldefoewasafamousenglishwriteroftheeighteenthcenturyhewrotehisworldfamousnovelthelifeandstrangesurprisingadventuresofrobinsoncrusoewhenhewasnearly60yearsold.

Көрермендерге тапсырма. Бір әріп беріледі, үлгі бойынша соған сөздер кұраймыз.

5 Asu. Жасырынып тұрған мақалды табу.

Көрермендерге шағын презентация «Лондонның көрікті жерлері»

6 Zheruiyk.  Мақал-мәтелді сәйкестендіру.

Апталықты қорытындылап, жеңмпазды анықтау.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment