Мейірім-жан шуағы

Баян дарибаева

Тақырыбы:Мейірім-жан шуағы

Мақсаты:   Ата-ананың бала алдындағы міндеттерін түсіндіру және балаға жылы шырай таныта білу

Барысы:

  1. Танысу тренингі
  2. Баяндама
  3. Ұлы жол отбасынан басталады. (жағдаяттармен жұмыс)
  4. Бала тәрбиесіне байланысты кеңестер
  5. Ата-ананың міндеттері
  6. Сұрақ- жауап
  7. «Сергіту минуты» тренинг
  8. Слайдпен жұмыс
  9. «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнама
  10. Тілек білдіру
  11. Қорытынды

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Кез-келген балаға оның әкесі мен шешесінің жеке үлгісі зор әсерін тигізеді.Бірге өмір сүргендіктен, үнемі олармен араласып, әңгімелерін тындағандықтан, әр түрлі жағдайдағы олардың өзін-өзі ұстауының куәсі болғандықтан жасөспірімдер саналы түрде ата-аналарының дүниеге көзқарасын, әдет-ғұрыптарын, қимыл-әрекеттерін қабылдап, бойларына сіңіреді, соларға ұқсауға тырысады. Себебі, келешек білікті азаматтар сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі, ондағы  қарым-қатынасқа байланысты.

Армысыздар құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Мейірім-жан шуағы » атты  дөңгелек столымызға қош келдіңіздер!  Құрметті ата-аналар,  дөңгелек столымызды бастамас бұрын бір- бірімізбен танысып алайық.

  І. «Танысу тренингі» өткізіледі.

  ІІ.     Баяндама «Баланың бас ұстазы- ата-анасы»

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Кез-келген балаға оның әкесі мен шешесінің жеке үлгісі зор әсерін тигізеді. Бірге өмір сүргендіктен, үнемі олармен араласып, әңгімелерін тындағандықтан, әр түрлі жағдайдағы олардың өзін-өзі ұстауының куәсі болғандықтан жасөспірімдер саналы түрде ата-аналарының дүниеге көзқарасын, әдет-ғұрыптарын, қимыл-әрекеттерін қабылдап, бойларына сіңіреді, соларға ұқсауға тырысады.Себебі, келешек білікті азаматтар сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі, ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Тәрбие адам тағдырын шешеді. Тәрбиенің басы – отбасында, одан кейін мектепте. Мектеп тәрбие көзі. Жас баланың алғаш әліппені қолына алған сәтте жүрек лүпілі, қуаныш сезімі, білімге деген құштарлығы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап білінеді. Ал, 5-6 сыныптарға барғанда баланың өзгеруі неде? Әлде,әр түрлі пәндердің қосылуы, әр түрлі пән мұғалімдерінің сабақ беруі әсер ете ме? Бірақ көбінесе, ойланатын мәселе оқушылардың өз ойларын ашық айта алмауы, тіптен сөйлеу қабілеттерінің төмендігі.Сонымен қатар ауыл тіршілігі, түстен кейін қосымша сабақтарға келудің орнына үй тірлігіне ден қойып кетуі білім сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады.Әрбір балаға ата-ананың жаны ашымасы, өз баласының болашағы ойландырмаса, онда болашақ қайда барады?

Кейбір ата-аналардың тәлім-тәрбиеге сыңаржақ қарайтыны алаңдатады. Жиналастырға, бас қосуға, тек жақсы оқитын балалардың ата-анасы келеді. Ал сабақта үлгірімі төмен, тәртібі нашар балалардың ата-аналары мектепке жоламайды. Ата-ана тарапынан «балам менің қандай?» «неге нашар?» деген сауалдарды естімейсің. Бірен-саран ата-ана ғана, онда да бастауыш сыныптар. Сонда жоғары сыныптың баласының болашағы не болмақ?  Демек, бала байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі. Білім мен тәрбие егіз. Кейбір оқушылардың адаммен амандасуын, сөйлескендегі кейбір олқылықтарды көргенде ойланасың. Мектеп көрген, ата-ана тәрбиесінде болған балаға не болған деген сұрақ ойға оралады.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі де көп әсерін тигізеді. Қазір жас балғын бала – ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Ал мектеп кезінде көрген білгені жоқ бала ертеңгі күні қандай азамат болып шықпақ?

Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа, шаңырақ иесі — әкеге жүктеледі. Әке тәрбиесінің орны бөлек. Анасы кейде тым еркелетіп жіберсе, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады. Сонда әке мен ана бала үшін қиындықты бірге көтереді. Қатал, қажыр-қайраты мол, еңбекқор, адал әкелерге жауапкершілік жүктеуіміз керек.  Ата-ана балаларына жақсы  тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы.

«Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң», — деп қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-шы қара сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Бала  өскен  сайын,  оның  тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашанда үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын үш топқа бөліп  қарастыруға болады:

  1. Баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
  2. Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар – ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
  3. Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, мұғалімдерге қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, «қиын» балаларды қалыптастыратын отбасылар.

«Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында  бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады» дейді,  сүйікті  Пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде .  біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы да әбден мүмкін. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті  жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Сондықтан да өз баласының саналы азамат болып өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.  «Азаматтық дегеніміз- жеке адам санасының жетілуінің  ең жоғарғы сатысы. Жаныңның шалқар шабыты, қиялыңның қия  шыңға самғауы. Ол өте қарапайым нәрседен туған. Шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиінен, отбасынан басталады» отбасы- біздің қоғамымыздың алтын қазығы. Кейбір ата-аналар баланың дұрыс емес қылықтарын, «балалығы ғой, ертен өскесін қояды» деп жатады, рас, баланың балалығы болуы мүмкін, бірақ барлық қиқарлық «іс-әрекеттерді баланың балалығы десек, оның арты жақсылыққа апармайды ғой. Оқушыларымыз парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын одан әрі дамытамыз десек, онда құрметті ата – аналар бірлесіп жұмыс жасайық.

 ІІІ. Ұлы  жол отбасынан басталады

(жағдаяттармен жұмыс)

Жағдаят Баланың бастан кешкен сезімі Сіздің әрекетіңіз?
Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Құрысын мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз»- деп күйіп-піседі. Баланың мектепке өкпесі зор, ол ата-ана тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп жағдайын сұрар деп ойлайды.
5- сыныпта оқитын қызы «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын» – деді. Бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді.

Осыдан шыққан түйін: Кез келген шешімді қабылдауда асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы қарамайтындығыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екеніңізді байқайтындай болсын. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді.  Сөйтеді де, өзіне деген сенімді күрт жоғалтады, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.

 ІV. Ата-аналарға кеңестер

Сіз төмендегі ескерту, шектеулерді балаңызға қаншалықты жиі айтасыз?

  • Баршы, қазір қолым бос емес!
  • Қарашы, тағы бүлдірдің!
  • Дұрыс емес!
  • Сенің бірдеңе үйренетін

күнің бола ма?

  • Сен мені жындандырасың!
  • Әкең (немесе шешең) екеуіңнің

менсіз күндерің қараң қалар!

Сіз төмендегі мақтау сөздерді балаңызға  қаншалықты жиі айтасыз?

  • Жаным менің! Қуанышым менің!
  • Сенің қолыңнан бәрі келеді!
  • Сен болмасаң, біз қайтер едік?
  • Ботам келді! Неге көңілсізсің?
  • Кел, көмектесіп жіберейін.
  • Ақылыңнан айналайын!
  • Балам өсіп қалыпты ғой!
  • Сенің көмегің керек болып тұр!
Бала  мен  қарым – қатынастағы кейбір қателіктер Баланың астар санасында қабылдануы Дұрысы
Жылама! Жаман балалар ғана жылайды Мен әлсіз, жаман баламын! Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың!
Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүймірейіп тұрғанын қарашы! Әкемді (шешемді) жек көреді Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын айтып отыру).
Ой, ақымақ – ай! Менің ақымақтығымды жақсы көреді. Бала менің ақылды, әдемі…
Біз сені жақсы болсын деп…

Сен болсаң…

Мені ата – анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын бос  белбеумін Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз. Әлі – ақ бәрі орнына келеді
“Бәленбайдың баласын қарашы…” Мен одан кеммін “Менің ойымша ондайды сен де, жасай аласың! ”
“Әйтеуір бәрін былықтырасың  да жүресің!” Келесі жолы өздері істесі. Енді ештеңе істемейсін! “Әрбір адамның қателесуге құқығы бар. Ештеңе етпейді келесіде байқап істе!”
“Сенің ақылың жететін іс емес…” үлкендердің ісіне араласпай жайыңа отыр Менің қолымнан ештеңе келмейді. Мен түкке тұрмайтын байқұспын.

Менің ойым ешкімге қызық емес.

Араластыруға болатын іс болса: “Қане, сенің ойы қалай?” – деп болмаса, “Бұл істің шешімін өзімізге  қалдыр!”
  1. Ата – ананың міндеттері

1.Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болу;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің  төрайымымен байланыста болу;
5. Мектептегі  іс-шараларға белсене араласу;

  1. VI. Сұрақ-жауап
  2. Ұлы Абай атамыз: «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен. Сіз қалай ойлайсыз?
  3. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу үшін нені қолға алуымыз керек деп ойлайсыз?

 VII. «Сергіту минуты» тренинг

Бой жазу мақсатында сергіту минутында би билейміз

 VIII. Слайдпен жұмыс

  1. «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнама
  2. Кез- келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?
  3. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
  4. Балаңызбен қарым- қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?
  5. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?
  6. Балаңыздың жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жңе аласыз ба?
  7. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
  8. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
  9. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілген жағдайды айтасыз ба?
  10. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
  11. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез- құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
  12. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?
  13. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
  14. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Сауалнаманы бағалау:

  • 0-16 балл. Бала тәрбиесі- сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
  • 16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау- бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибе әрқашан бірқалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
  • 30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз
  1. X. Тілек білдіру

Ата-аналарға дөңгелек стол соңында парақша таратылады. Таратылған  парақшаға өздерінің жүрекжарды жылы сөздерін  бір-бірлерінің қағаздарына жазады. Соңында қағазға жазылған тілектерді оқып, ішінен ең жақсы тілектерді таңдайды.

  1. Қорытынды

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment