MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері

жумаАтырау қаласы

Атырау аграрлы-техникалық колледжі

Жумажан Айнагуль Жумажанқызы

Сабақтың тақырыбы: MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік:Электрондық кестенің негізгі құрамына түсінік беру Excel терезесі, кітап парақтарының құрамымен (қатар,бағана, ұяшық) таныстыру

Тәрбиелік: Студенттерді бөлмелік, кеңсеішілік жұмыстарды жасау кезінде ұқыптылыққа,мұқияттылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: Студенттердің ой өрісін дамыта отырып, пәнге деген  қызығушылықтарын арттыру.

Квалификациялық талаптар:   MS Excel бағдарламасын іске қосу жолдарын

Білу керек:  ұяшықтарды пішімделу әдістерін,кестені өңдеy тәсілдерін жасақтай білу.

Орындай білу:   Дербес компьютердеMS  Excelбағдарламасын  кестелерді жасақтау, нұсқама карта мен кестені әзірлей  дайындай білу.

Пән аралық байланыс:   Информатика, математика.

Көрнекілік құралдар:       Кестелер, тесттер, таратпа материалдар

Техникалық құралдар:    интерактивті тақта

Жабдықтар:         мультимедиялық презентациялар,

бейнетаматериалдар, макеттер.

Сабақтың құрылымы:

І. Сабақты ұйымдастыру (сәлемдесу, аудиторияның дайындығын,студенттерд  сабаққа қатысын тексеру, топқа бөлу және   смайликтермен бағалау).

ІІ.Үй тапсырмасын тексер

 1.Сұрақ жауап өткен тақырып бойынша

1.Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?

Ответ: терезе, окно, windows

  1. Деректерді сақтауға арналған құрылғы?

Ответ: жад, память, memory

  1. Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны

Ответ: Жұмыс үстелі, Рабочий стол, work table

  1. Терезе командалары орналасқан бөлікті қалай атаймыз?

Ответ: мәзір жолағы, строка меню,menu

5.Қандай командалық көмегімен құжаттардың көшірмесін дайындаймыз?

Ответ: көшіру, копировать, copy

  1. Мәзір жолағының қай командасы арқылы беттің көлемін өзгертеміз?

Ответ: Түр, вид, shift

  1. MS Word терезесінің мәзір жолағында қанша команда орналасқан ?

Ответ: тоғыз, девять, nine

  1. Жолдар мен бағаналардың қиылысуын қалай атаймыз?

Ответ: ұяшық, ячейка, cell

  1. Студенттің шығармашылық жұмыс (макет дайындау)

1топ ) ноутбук (құрылымы туралы,қалай жасылынғанын айту)

2топ) процессор (ішкі құрылысын, маңызын көрсетіп, қалай дайындағанын жеткізу)

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

ББҮ (Білемін, Білгім келеді, Үйрендім) Студент пен мұғалімнің арасындағы біліп үйрену жолдары:

Жаңа сабақ түсіндіру жоспары

  1. Excel бағдрламасы жөніндегі жалпы мағлұматтар
  2. Excel бағдарламасы іске қосу
  3. Excel менюімен жұмыс атқару

а) Ұядағы мәліметтерді түзету

б) Текст енгізу

в) Ұядағы мәліметті түзету

  1. Бейнеролик (орыс тілінде)
  2. Мұғалімнің сөзі: MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері(слайд)

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

MS Excel сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel – дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 – ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т. с. с. әріп комбинациялары басталады.

Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:
* Енгізу пернесін басу;
* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;
* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;
* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.
ІІІ. Жаңа материалды бекіту.

  1. Компьютерде жұмыс (кесте дайындау)
  1. Терминмен жұмыс
т и л и т а к и м с
у д и л е р р о с к
ш ь с о р о м е х а
ы м с е ц о р р е н
к м о н и д п е д о
л а в и т и с м а м
п к а а о р к е т к
л а б т у р ь п м о
а т е л ь а ю т е р
  1. Венн диаграммасы
WORD
EXCEL
  1. Сергіту сәті (мақал мәтелдің күнделікті өмірде қолданып жүрген нұсқаларын анықтау қажет)

Сол мақал – мәтелдердің күнделікті өмірде қолданып жүрген нұсқаларын анықтау қажет. Әр дұрыс жауапқа – смайликтер беріліп бағаланып отырады.

  Компьютер туралы мақал – мәтелдер Күнделікті өмірде қолданылып жүрген мақал – мәтелдер
1 Жігітті компьютеріне қарап бағала Жігітті досына қарап бағала
2 Байт биттен құралады Теңге тиыннан құралады
3 Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас Шегірткеден қорыққан егін екпес
4 Компьютердің жұмысы иесіне мәлім Аттың сыры иесіне мәлім
5 Антивирусы күштіні вирус ала алмайды Досы күштіні жау алмайды
6 Күлсең ескірген компьютерге күл Күлсең кәріге күл
7 Компьютерде екі колонка дауысы жер жарады Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады
8 Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы процессор одан да жақсы Бір бас жақсы екі бас одан да жақсы
9 Білмесең анықтамадан сұра Білмесең,  білгеннен сұра
10 Веб дизайншының өз еркі сайтты қалай жасаса да Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса да
  1. тапсырма бойынша кестені толықтыру: Сыни тұрғыдан ойлаудың БҮҮ стратегиясын пайдалана отырып өткен тақырып бойынша мына кестені толтыру
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келетіні

ІV. Қорытындылау, студенттердің білімін бағалау. (жиналған балдары бойынша)

  1. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқама беру.

«Менің достарым » тақырыбында кесте сызып, оны толтыру/аты-жөні, туған жылы, бойы, салмағы.

Негізгі әдебиет: Бөрібаев А.Н.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment