Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері

IMG-20160408-WA0002Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жаңатас көпсалалы колледжінің

Педагогика және психология  пәнінің оқытушысы: Есболаева А.Д. 

Сабақтың тақырыбы:  Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:. Білімгерлерді  ұйымшылдыққа, ұжымның намысын қорғауға, сыйластыққа, тапқырлыққа, өзара жақсы қарым – қатынастағы көңіл – күйге, алғырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаға шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушының ой – өрісін, танымдық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, оны жан – жақты үйлесімді етіп дамыту.

Тәрбиелік: Білімгерлердің  тәрбие үрдісі туралы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау, тәрбие туралы ой – пікірлер мен тәрбие үрдісінің ерекшеліктерін айқындап, қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мазмұнын ашу, меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, білімді бақылау, бағалау әдістері,«Кубизм »,«Кластер» әдісі,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ, тест.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Топпен сәлемдесу
  2. Түгелдеу
  3. Зейіндерін сабаққа аудару
  4. Топтастыру әдісі.

II.Үй тапсырмасын сұрау:

 

  1. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру жолдары.
  2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру барысында іс –әрекетті ұйымдастыру әдістері
  3. Ынталандыру әдісі туралы ұғым
  4. Үйрету туралы түсінік
  5. Жаттықтыру әдісі
  6. Ойын туралы түсінік
  7. Тапсырма туралы тусінік
  8. Педагогикалық талап
  9. Принцип дегеніміз не?
  10. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу
  11. Қоғамдық пікір туралы түсінік
  12. Қоғамдық пікірдің негізгі нысандары

 

Уй тапсырмасын орындау барысында, ұпай жинау әдісі бойынша дұрыс жауаптарына 10;20;30; ұпайдан беріледі.

Қосымша үй жұмысына берілген тапсырманы сұрау. Сөз сойлейтіндер: “Қоғам”, “Адам”, “Мінез”, “Тәрбие”  байланысты пікірлер.

Жаңа сабақты анықтау үшін, білімгерлердің қызығушылығын таныту барысында жаңа сабақтың тақырыбын «Мозайка», яғни «Құрастыру» ойынын ұйымдастыру. Әр топ білімгерлері жылдамдық таныту қажет.

III.Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сабақ: «Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері»

 Жоспар:

  1. Ұлы ойшыл ғұлама ұстаздардың тәрбие жайлы пікірлері.
  2. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы
  3. Оқушыларды тәрбилеу мазмұны:

а) Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.

ә) Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу.

б) Тәрбие процесінде мұғалім,мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.

  1. Жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлері: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбиесі т.б.

 

     Кіріспе.

Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан – бастауыш мектеп кезеңінен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Тәртібі қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.

Адамзат тарихында жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық-психологиялық негіздері ерте заманнан-ақ ойшылдар, ғұламалардың назарында болғаны мәлім. Олардың құнды идеялары атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге жетіп отыр.Қазақтың ғұламаларының ішінде әл–Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.

  1. Әл–Фарабидің айтуынша, «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек.Онсыз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » -деді. «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» – деп ескертеді . Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз – адамның санасы мен мінез – құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.

Ж.Баласағұни «Құтты білік» дастанында адамгершілік тәрбиесін адамның бойында кісілік, парасаттылық, имандылық, тектілік және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады. Оның «Адамшылық жаса адамға адам бол, Адам атын мақтаныш қып адал бол» деген ой-пікірлері әл-Фарабидің идеяларымен үндесіп жатыр

Осы ой-пікірлер қазақ даласында тұңғыш мектеп ашып, болашаққа оқу- бiлiм сәулесiн таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин, ұлы ғұлама Абай Құнанбаев, көрнектi қоғам қайраткерi, ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсынов, қазақ жерiнде тұңғыш ұлттық педагогика, психология пәндерiнiң негiзiн қалаған Мағжан Жұмабаев, Жүсiпбек Аймауытовтардың шығармаларынан да орын тауып, кешегiнi бүгiнгiмен жалғастырып келе жатқан игiлiгi мол қазына болып отыр.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінде мұғалімдердің бала тәрбиесінде адамгершілік мәселесін жоғары талап етіп көрсеткендігі байқалады. Оның өзінің досы Н.И.Ильминскийге 1861 жылы қаңтардың 19 жұлдызында жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 жұлдызы күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар… Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын », – деп өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскеннін зор қуанышпен хабарлады.

Сондай–ақ, 1882 жылы шілдеде Н.И.Ильминскийге жазған хатында:

«Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша, жақсы педагогика құралы да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды, – деп жазды. Мұғалім өз шәкірттерін жан–тәнімен жақсы көрсе, оқу–тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес, оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата–аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді: «Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты»  Ағартушы–педагогтың бұл пікірінен байқағанымыз, адамгершілікті – оқу–тәрбие үрдісінің арқауы ете отырып, бала тәрбиесінде мұғалімнің ролі айрықша екендігін түсіндіреді. Әрине, бұл мәселенің қазіргі таңда да көкейтестілігін жоймағандығы анық.

Ы.Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл әлемдiк тәлiм- тәрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң көрiнiс тапқанын көремiз. Ол өз еңбегiнде «Мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың» дедi .

Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе, адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Онан басқа жолмен озамын демектiң бәрi – ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде: «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi.

  1. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау , ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.

Мақсат дегеніміз бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.

Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттік саясаты мен экономикасына тәуелді.Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болады. Тәрбие қоғамдық

құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.

Оқушылардың жеке ерекшелігі-денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы,т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулері керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.

Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу- тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек.

Бірі- ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан,ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі-тәрбиеленушінің педагогикалық ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.

Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды.Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның арасында, отбасының және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қалыптасады. Отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар, әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы дамытылуда. Мектеп пен отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті- оларды қажетті өмір сүру процесіне дайындау.

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны – оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті – оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.

Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту.”Дамыта оқыту” ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.

Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. “Кісілік”, иізгілік”, “имандылық” тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік – адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.

Адам – ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.

Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.

Моральдың негізгі міндеті – адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.

Еңбек тәрбиесі – тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдерінежауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.Еңбек тәрбиесі — жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен Е. т-н ұштастыру мәселесін алғаш рет ғыл. тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Е. т. отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Е. т. мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  роль  атқарады.  Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  қызғылықты  етеді,  оған  ең  жоғары  рухани  ләззаттануға  мүмкіндік  береді. Біз  әр  адамның  адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан – жақты   дамытуға  ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдікті, әсем  нәрсені  сүйетіндей  дамытуымыз  кеек.  Адамның  әсемдікті  және  жексұрындықты,  сәулеттілік  және  ұждансыздықты  қуаныш  пен  қайғыны  т.б. түсінуіне  байланысты,  оның  саналы  тәртібі  мен  мінез – құлқы  айқындалады.  Осыдан  келіп  адамның  әсемділікке  шынайы  көз қарасы  мен  мұраттары  болуы  керек  екендігі шығады. Мектеп  оқушыларының  эстетикалық  түсініктері, олардың  еңбекке  әсемдік  тұрғысынан  қатынасы,өзіндік  белсенді  іс- әрекетімен  байланысты  екенін  көрсетеді. Мәселен  өзі  шешу  мүмкіндігі  болғанда  ғана  оның  әрі  мінез- құлықтық, әрі  әсемдік  көңіл- күйі  жай  табады, тояттайды.

Жемісті  еңбектен  қанағаттануы,  көңілдің  жай  табуы, эстетикалық  сезімі  бала  үшін  көп  жағдайда  бір  нәрсе.

Оқушылардың  оқу  еңбегіне  талғампаздық  қатынасын  дамыту,  оны  оқудың   қозғаушы  күші,  дем  берушісі  ретінде  пайдалану  үшін  балалардың  өзіндік  белсенді  іс — әрекеті  ұйымдастыру,  көркемдік  ләззат  және  құлықтық  әсер  алуы  қамтамасыз   ететін  еңбектің  нәтижесіне  жетуіне  көмектесу  қажет.

Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.

– Қазіргі таңдағы мұғалімдерге оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.

– тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;

– сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;

– мектеппен отбасының байланысын жасау;

Мұғалім, ұстаздардың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.

Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.

 

  1. Сергіту сәті жасалады.

Видео роликпен көрсетіледі.

  1. Сөзжұмбақ Сұрақтар:

VI.Қорытынды. ( тест)

VII.Бағалау.(  «Алма ағашы » көңіл-күйдің бейнелері, смайлик)

 

VIII. Үйге тапсырма

  1. Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері туралы түсінік
  2. Тәрбиенің негізгі мақсаты туралы түсінік.
  3. «Келешек ұрпақ тәрбиесінің қалыптасу»атты (эссе жазу)


<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment