Қоршаған ортамен қарым-қатынасты түзету

IMG-20160408-WA0003Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жаңатас көпсалалы колледжінің

Педагогика және психология  пәнінің оқытушысы: Есболаева А.Д.

 Психологиялық тренингтің тақырыбы:  «Қоршаған ортамен қарым-қатынасты түзету»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Адамдар арасындағы қарым – қатынастың мәнін түсіну
  2. Дамытушылық: Білімгерлердің бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу.
  3. Тәрбиелік: Топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу, топта белсенді жұмыс жасауға қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың әдісі: ұжымды біріктіру, сұрақ-жауап, талқылау, әңгімелесу, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: тірек сызба, интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақ, тест.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Топпен сәлемдесу
  2. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

ІІ. Негізгі бөлім. 

Психологтың кіріспе сөзі

     Бүгінгі тренингке қош келдіңіздер! Бұл психологиялық тренинг сіздердің бір жылғы оқу жылы бойы жақсы көңіл-күйде жүрулеріңізге арналған. Биылғы оқу жылы әрқайсымызға қандай әсер, қуаныш, жаңалық әкелетіні бізге белгісіз. Сондықтан да біз, бүгін топ білімгерлерімен әр түрлі тақырыпта ойын ойнап жаттығулар жасап, көңіл-күйімізді көтереміз.Қиындықтарды жене білуге тырысып, сол жөнінде әңгімелесеміз.
Шамамыз келгенше, жалпы ұжымдық жақсы көңіл-күй қалыптастыруға тырысамыз. Ол үшін біз өзімізге сенім мен үміт ұялатып, жылы шырай танытсақ, барлығы ойдағыдай болады.
Сондықтан да  тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 

Мақсаты: Білімгерлерді  достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

ә) «Автопортрет» жаттығуы. 

Мақсаты: Білімгерлерді  достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.
б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 

Нұсқау: Психолог алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесінің суреті көрсетіледі.


в) «Достық қарым- қатынаста мен қандаймын?» тесті (талдау)

«Қарым қатынаста мен қандаймын?» тесті.

Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.

Нұсқаулық:берілген  тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.


г) «Тынығу жаттығуы: «Релаксация»
д)  «Кім жылдам, кім тапқыр?» атты жаттығуы

Мақсаты:қарым қатынас деңгейін анықтау.

Нұсқаулық:берілген  тесттің сұрақтарын ынтамен оқып шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптарды «иә» «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз, әрбір сұраққа көп бөгелмеңіз.

  е) « Әрқашан күн сөнбесін ! » жаттығуы

Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . Әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады . « Әрқашан күн сөнбесін ! әні орындалады.

 ж) Ата-аналардың пікірі (видео)көрсетіледі.

Психологтың сөзі:

  Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.

            Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.

            Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.    
ІV. Қорытынды бөлім. 

       “Кездескенше»  жаттығу«      

       Қатысушылар тренингтік жаттығудан алған әсерлерін, сезімдерін, көңіл-күйлерін бейнелейді, суреттейді, болмаса стикерге жазбаша жазып «Алма » ағашына қыстырады

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment