Құқық бұзушылықтың алдын алу басты – міндет

2016-01-13-18-02-05-825-1Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жаңатас көпсалалы колледжінің оқытушысы

А.Т.Естемесова

 Құқық бұзушылықтың алдын алу басты – міндет

 

Жасөспірім кезеңі – балалық шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі кезеңі.

 

Бұл уақытта адам 13 – 17 жас аралығында болады, бала емес, бірақ әлі ересек адам болмайды. Бұл жас – “қоғамдық импритинг” кезеңі – барлық нәрселер адамдарға ерекше әсерлі болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді.

 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық  қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы»заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесінің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет.

 

Жасөспірімдерге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар: сабақтан қашу, сабаққа бармаудан бастап – адам өліміне дейінгі қылмыстар.

Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездесетін келесідей мінездер тән:

 

  1. Қарсыластық реакциясы.

Жасөспірімнің іс-әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс-әрекеттер – үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.

 

  1. Имитация реакциясы.

Нақты образға, жеке адамға еліктеу. Кейде бұл белгілі „кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы жасөспірімдерге „қылмыскер-суперменнің” үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.

 

  1. Компенсация реакциясы.

Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы, мектепте сәтсіздік болса, “батыл” іс-әрекеттермен орын толтыру)

 

  1. Гиперкомпенсация реакциясы.

Жасөспірімдерге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз-өзіне сенімсіз, ұялшақ жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды. (Мысалы бокс, карате т.б)

 

  1. Топтасу реакциясы

Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасуы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді.Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:

 

  • Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты;

 

  • Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым – қатынас ерекшелігіне байланысты;

 

 

  • Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен;

 

  • Төменгі экономикалық – қоғамдық статус;

 

  • Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;

 

  • Алкоголь және наркотикалық заттар;

 

  • Құрдастарының әсері;

 

  • Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай;

 

 

Төменгі экономикалық- қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді.

Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың)  балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, оларды тұтқынға алып жазалайды.

 

   Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:

Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшалы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым, алкоголь, наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді-кездесулер;ойын-сауық, би кештері; рок – концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.

Жасөпірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар,газет,журналдардан т.б) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатігездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскерлердің іс – әрекетінің егжей-тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.

 

Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, қандай-да бір қылмыс түрінде қатыстықтары болмаса да, айғай-шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін “хипперлер”,”металистер”,”мотоциклистер” сияқты бейресми топтардың жағымсыз қылықтары баспасөз бетінде әр түрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жатады. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тәртібі, мінез-құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын. Көп болып олардың жаман жолға салынып кетуіне атсалысатын.

 

Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтын көптеп кездесетіндіктен, арнайы зеттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым-қатынаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.

 

Құрбы-құрдастардың әсері.  Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антиқоғамдық тәрбиесімен құрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Әлеуметтану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында қылмыстық іс-әрекетке даярлану басталады. Жеткіншектерге құрбы-құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.

 

Әсер етуші келесі фактор – тұрғылықты специфика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер  болмаса да, бұл жердегі жас балалардың заңды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады.

 

Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, құбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы, ертеректе, сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару т.б) итермелеуші себептерінің біріне айналып отыр Көптеген экономикалық – саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін

 

Қылмыстың психологиялық факторы:

 

  1. Қылмыс жасауға итермелейтін факторлардың бірі – ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі.
  2. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдері де қылмыс жасауға жақын болып келеді.
  3. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады.
  4. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорылығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді.
  5. Бірақ, әкесі жағынан жақындықтың аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар.
  6. Қыз балалар өздерінің агрессивтілігімен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталаған.
  7. Сонымен қатар, қылмыс жасауға тұлғалық факторларда әсер ете ала ма деген сұраққа жауап іздеген.
  8. Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі – балалық шақтан бастап қамқорлық, мейірімділіктің жетіспеушілігі.

 

Қылмыстың биологиялық факторы:

 

  • Қылмыстардың көбі сыртқы себеп бойынша жасалады. Бірақ, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей және жанама әсер етуі кездеседі. Мысалы, қылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазығының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірақ, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтындығын білдіреді.

 

  • Биологиялық фактордың қылмыс жасауға қандай рөлі бар екенін зерттей келе ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін екендігін анықтаған. Сондықтан, жанұяның комплексті әсері өзіне қоршаған орта факторымен генетикалық факторды қоса көрсетеді.

 

  • Адамда өзіне тән темпераменті болады. Сондықтан да бұл кейбір жағдайда тұқым қуалаушылық фактор және де бала туа сала жаман тәрбиеге жақын болуы мүмкін. Егер бұны ата-анасы қалай жеңуді білмесе, жөнделмесе, жасөспірімдік кезінде әр түрлі психикалық бұзылыстарға ұшырауы мүмкін.

 

  • Жасөспірім құбылмалы көңіл-күйімен, импульсивтілігімен, агрессивтілігімен ерекшеленген. Дұрыс емделі мен диета толық емделуге мүмкіндік береді. Ол басқа да адамдар туралы әңгімеленген. Мысалы, заң бұзушылар кереңдікпен, көзі дұрыс көрмеушіліктен зардап шеккендер. Органикалалық себептер сонымен қатар босануға дейінгі және кейінгі асқынулардан болуы мүмкін.

 

Алдын алу үшін шаралар:

 

  • Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар.Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата-аналары балаларының уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап тексеруі қажет. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, комектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата-анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі жасөспірімдерге үміт артып, сенетін адамдарды ренжітіп көңілін қалдырғысы келмейді.

 

  • Жасөспірімдер сабақтан тыс өте көп уақыттары бар. Сондықтан қазіргі кездегі ”дворлық клубтарды” ары қарай дамыту керек. Бос уақытын босқа жібермей, спортпен шұғылданып, пайдалы іс-әрекеттермен айналысу керек.

 

Колледждегі  үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Бұларға, колледждегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, курстастарының  кері әсері және ата-анасымен қарым-қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы, колледж  программасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы – бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар білімгердің психикасына кері әсер етеді. Осы кезде жасөспірімдерді «тыныштықты бұзушылар» болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері  әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістіре түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.

Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне – жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен.  Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес қарым-қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді.

Заңға сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелік құралдар әзірлеп, білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне енгізу керек. Жасөспірімдердің арасындағы заңға қайшы мінез-құлықтардың алдын алудың неғұрлым тиімді шарасы девиантты мінез-құлқымен ерекшеленетін кәмелетке толмағандардың, әсіресе қоғамға қарсы бағдарланған жасөспірімдер топтарының лидерлерін дер кезінде анықтауға және олардың айналадағы адамдарға теріс ықпал жасауына жол бермеу болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелер қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осы мақсатта үйлестіруші орган, балалар мен жасөспірімдер құқық бұзушылығының алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру кезінде жинақталатын ақпарат, тәжірбие, білім мемлекеттік денгейде алмасуды жандандыруға тиіс. Осы орайда айта кететін бір жағдай, біздер, яғни тәрбиемен айналысатын адамдар жасөспірімдердің жалпы әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сай келмейтін мінез – құлқы есею процесімен байланысты болатындығын ескеруіміз керек және есейген сайын олардың мінез – құлқы өзгеретіндігін есте сақтауымыз керек. Ал жасөспірімдерді тәртіп, құқық бұзушы немесе бастап келе жатқан құқық бұзушы деп анықтау жастардың бойында жағымсыз мінез-құлық қалыптасуына әкеліп соғатындығын да терең ескеруіміз қажет деп ойлаймын. Өйткені 1989 жылдың 22 қарашасында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының «Бала құқықтары туралы» конвенциясында 18 жасқа дейінгі адам бала болып есептелетінін ескерткен.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master