Сыртқа қондырылатын тоқ трансформаторларының конструкциясы

Жамбыл облысы

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

Жаңатас көпсалалы колледжінің

электртехника пәнінің оқытушысы

Бексейтова Акмарал Мырзабековна

Электрмашиналары мен трансформаторлары пәнінің сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:Сыртқа қондырылатын тоқ трансформаторларының конструкциясы.

Пән оқытушысы: Бексейтова Ақмарал Мырзабекқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік –білімгерлерге   сыртқа қондырылатын тоқ конструкциясыжайлы  кең ұғым беру, жаңа тарау бойынша алған білімдерін нақтылау және тереңдету.

Дамытушылық –білімгерлердің ойлау қабілетін дамыту, сұрақ-жауап, пікір-сайыс түрлі әдістер арқылы   ой-өрісін, білімдерін кеңейту, өз бетінше іздену, зерттей білуге жаңа білім мен әрекет тәсілдерін қабылдауға ұйымдастыру.

Тәрбиелік –Білімгерлерге тоқ трансформаторларының түрлерін ажырата білуге, техникалық   терминдерді ұғынуға, сауаттылыққа, еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  топпен жұмыс,түсіндірмелі,баяндау

Көрнекілігі:  тақырыпқа байланысты слайдтар мен сызба-нұсқалар,буклеттер,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Білімгерлерді түгендеу

2.Білімгерлердің  сыртқы бейнесі, дәрісхана тазалығы.

3.Білімгерлердің  сабаққа дайындығы мен көңіл –күйлеріне мән бере отырып,назарларын сабаққа аудару.

Үйтапсырмасын пысықтау сұрақтары

1.Ток трансформаторларының жұмысы

2.Трансформаторларды орналастыру жері мен қорғау аймағы

3.Трансформатордың орналасудағы дайындық жұмыстары

4.Трансформатордың климаттық жағдайы

5.Трансформатордың тоғын есептеу әдісі

6.Тоқ трансформаторы мен күштік трансформаторларының айырмашылығы

 

Жаңа тақырыпты баяндау

Сыртқа қондырылатын тоқ трансформаторларының жұмысы

Кіріспе

1.1.Трансформатордың жұмыс режимі

1.2.Сыртқа қондырылатын тоқ трансформаторларының жұмысы

1.3.Газдық қорғаныс

1.4.Диффернциальды қорғаныс

1.5.ТФЗМ-35 кв ток трансформаторы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Трансформатор– кернеудің өзгеретін өлшемдер шамаларын өзара электрлік байланыссыз реттеуге арналған электрлік құрылғы. Трансформаторлар электртехникада, электроникада, автоматтандыруда, техникада, байланыс құрылыстарында, телевидениеде, ЭЕМ мен техниканың басқа салаларында кең қолданыс тапты. Олардың бір бірінен қызметі мен құрылысы жағынан айырмашылықтары болады. Дегенмен, оларға бір құрылғының түрлері деп қарап, электр энергиясын тасымалдаудың физикалық процестерін мысалдары арқылы зерттейді. Электр энергиясында күш трансформаторлары елеулі орын алады. Олардың көмегінсіз электр энергиясын беру, тарату мен қолдану мүмкін емес. Электр энергиясын шығаратын көздердің кренеуі 20…30 мың Вольттан артпайды.

1.1.Трансформатордың жұмыс режимі

 

  1. Бос жүріс;
  2. Жүктеме немесе жұмыс.
  3. Қысқа түйықталу;
  4. Егер де трансформатордың ІІ-реттікорамасыажыратылып,І-реттікорамасытокқақосылса, ондабұл трансформатор жүксізжұмысжасайды. Сондықтанбұл бос жүрісрежимідепатайды.
  5. Егер де трансформатордыңІ-шіжәне ІІ-реттікорамасытокқақосылса, ондабұлжұмыстық режим депаталады. 3.Қысқа тұйықталу режим-трансформатордыңеңқауіптірежиміболыпесептеледі. Бұл режим кезіндеорамадақысқатұйықталутоктарыпайдаболады

Слайд 1

1.2.Сыртқа қондырылатын тоқ трансформаторларының жұмысы

Сыртқа қондырылатын  Т  бірінші реттік орамасы көп жағдайда (ансаф-РПН) қатар және тізбектеп қосыла алатын екі секциядан тұрады. РПН-ң қызметі жоғары кернеуді төмендетіп,төмендеп кетсе жоғарылатып отыратын қондырғы.Бұл трансформациялау коэффициентіне  байланысты екіге жеткізеді. Сыртқа қондырылатын Т екінші реттік орама саны екіден беске дейіне болады. Оның бірі өлшеу үшін, ал қалғаны-релелік қорғау (Р) үшін арналған.

Слайд 2

1.3.Газдық қорғаныс

  1. Трансформатордан ақау шыққан кезде газдық реле жұмысқа қосылып,дыбыстық, «өшіру» сигналдары арқылы белгі береді.
  2. Газдық қорғаныс дегеніміз-ақау болған кезде алдын-ала ескертетін және трансформатордағы газдың жоғарыға көтерілуі.
  3. Газдық қорғау трансформатордың ішіндегі зақымдалу сезімталдығына әсер етеді . Әсіресе орамдағы тұйықтауда газдық қорғау әсер етеді .
    Газдық қорғау сонымен қатар созылған бұранданың изоляциясына және жергілікті болаттың қызуына әсер етеді . Газдық қорғау бактан кеңейткішке мынадай жылдамдыққа 0,6-0,8 л/с ие болғанда майдың жылдамдығында газдық қорғау пайда болады

1.4.Дифференциальды қорғаныс

  1. Дифференциальды қорғаныс-жоғары және төменгі трансформатордың арасындағы шинналық көпірде

МАКСИМАЛДЫ ТОҚТЫҚ ҚОРҒАУ (МТҚ)
Бұлқорғаусыртқықысқатұйықталуданқорғауүшінжәнедифференциалдыққорғаударезервтікболыптабылады . МТҚ екіфазалықөтпелітокта РТ-40 реле базасындаорындалады

1.5.ТФЗМ-35 кв ток трансформаторы

ТФЗМ-35 типті ток трансформаторы 35кВ

Т-трансформатор

Ф-фарфорлы

З-тұйықталған(заземлен)

М-майлы

35-кернеу

 

 

                                  Жаңа сабақты  қорытындылау

 

Трансформатордың жұмыс режимі
Бос жүріс
Жүктеме
Қысқа тұйықталу
Қорғаныс түрлері
Газдық
Дифференциальды
Сыртқа қондырылатын тоқ трансформаторларының жұмысы

 Қорытындылау:

Трансформатордың қызметіне қарай жұмыс істеу режиміде бар.Әрбір режимнің атқаратын қызметіне байланысты топтарға бөлініп,әртүрлі жүрістерге бөлінеді. Сыртқа қондырылатын  Т  бірінші реттік орамасы көп жағдайда (ансаф-РПН) қатар және тізбектеп қосыла алатын екі секциядан тұрады.Барлық электр жабдықтары мен электр аппараттарының барлығында қорғаныс құралдары жабдықталған.

 

Үйге тапсырма беру:

1.Сыртқа қондырылатын трансформатормен ішке қондырылатын трансформатордың айырмашылығын түсіндіру.

2.Қорғаныс түрлерін талдау.

Бағалау.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1.Электрическая часть электростанций: Учебник для вузов /Под ред. С.В. Усова. 2-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат, 1987. – 616 с.

2.Электротехнический справочник /Под ред. профессоров МЭИ, Т.2, 7-е изд., испр. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 1986. – 712 с.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment