Мазасыздануға арналған тренинг жаттығулары

Лиля Арзакметова

Тақырыбы:  Мазасыздануға арналған тренинг жаттығулары

Мақсаты: Баладағы мазасыздану деңгейін төмендету

Түрі: тренинг жаттығулары

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды әзірлеу

  1. «Иә» жаттығуы

Өтілу барысы: көзді жұмыңдар, өздеріңді ормандамын деп ойлаңдар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырдыңдар.Қыдырып жүріп, үңгірге жақында. Қабырғасын қолыңмен ұстап, тастың қаттылығын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр.Соны тап, судың аққанын есті және орман тыныштығын құстардың әнінде. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа өзің ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел, бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын «иә» деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз)

Иә, менің бүгінім мен ертеңім тамаша. Ішіңізден күлкі сезініңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда,жұқа,жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады,сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады.

Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын».

  1. «Портрет» жаттығуы

Өтілу барысы: ақ қағазға бояумен немесе қарандашпен өздеріңізді қалай көргілерің келсе, салыңдар. Енді бөлшектер қосыңыздар,шаш салыңыздар. Оны түспен бояңыздар.Әрі қарай көз салыңдар.Күшіңіздің мені көздеріңде, сондықтан көзді айққын,ашық, жалындатып салыңыздар.

Порттреттегі көздеріңіз қуаныш пен бейқамдықты бейнелесін.Бетіңіз бой жазған және тыныш күлкіде болсын.Портрет жасай отырып, нң жақсы қасиеттерді бейнелеңіз. Портретте өзіңізді қалай көргініңіз келсе,солай бейнелеңіз. Қолды салуды ұмытпаңыздар, олар күшті, әрә нәзік.

Портретті аяғына дейін салыңыз. Тағы да қарап, нені қосу керек, ойланыңыз.

Өз бейнеіңзді жетілдіріңіз, портретті «иә» – бұл мен, жетілген, бақытты жанмын деген сөздермен тірілтіңіз.

  1. «Өрмекші торы» жаттығуы.

Психолог: біз басқа адамдардың  арасында өмір сүреміз. Басқа адамдардың пікірі біздің өзіміз туралы білімімізді молайта түседі. Кейде  біздің өзіміз  туралы ойларымыз қоршаған адамдардың  пікірімен сәйкес келеді, кейде келмейді. Бұл қалыпты жағдай. Келесі жаттығу өзімізге  басқа адамның көзімен қарауға көмектеседі. Ал бүгін мен сендерден әдепті болуды және   өздеріңнің жолдастарың туралы тек қана жылы сөз айтуды сұраймын. Қане, ортаға шығып шеңбер  құрайық. Мен бір балаға орлған жіпті лақтырамын, оны атымен атаймын және оның маған ұнайтын  мінзі, қылығы, сырт келбеті туралы айтамын, содан кейін жіпті алған бала келесі балаға лақтырады, дәл осылайша ол бала келесісіне  лақтырады (балалардың барлығы қамтылуы керек).

Психолог: Жаңа ғана бізді байланыстырған жіпке қараңдаршы. Әдетте бізге  ол көрінбейді, бірақ ол бар. Өмірде де бізді  осындай  жылы,  мейірімді сөздер мен сезімдер әрдайым  байаныстырып тұрсын. Ал енді  өрмекті тарқатамыз да, басқа балалардың бізге не айтқанын есімізге  түсіреміз.

  1. Қорытындылау

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master