Электротехникалық жұмыстар

Тараз қаласы

№53 орта мектебі

Технология пәнінің мұғалімі Махашев Ғалымжан Ермекұлы

Сабақтың тақырыбы: Электротехникалық жұмыстар

Мерзімі: 09.03.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы Мақсаты Міндеті Күтілетін  нәтиже Тақырыпты  ашуға байланысты әдіс – тәсілдер Сабақ  барысында  қамтылатын  модульдер Бағалау Сабаққа қажетті  құрал -жабдықтар
Электротехникалық жұмыстар Электротехникалық жұмыстарды орындау

 

1. Монтаждау, орау, оқшаулау, құрастыруды меңгерту;

2. Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге дағдыландыру;

3.Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сыныпта  ынтымақтастық  атмосферасы  орнайды.

 

Монтаждау, орау, оқшаулау, құрастыру, тұрмыстық құралдарын жөндеуді меңгереді

 

Топпен жұмыс  жасайды

Постер әдісі

 

Миға шабуыл әдісі

 

Визуалды айғақтармен жұмыс

 

«Ыстық орындық» әдісі

 

 

 

 

1. Оқу  мен оқытудағы  жаңа  тәсілдер.

2. Сыни  тұрғыдан  ойлауға  үйрету.

3. оқушының жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.

Кері  байланыс.

Формотивті, сумативті (критериялық) бағалау

  Аспалы электрқысқыштар, штепсель вилкасы, сым,шам және қажетті құрал- саймандармен жабдықтар
Сабақтың  кезеңдері Мұғалімнің  іс – әрекеті Оқушының  іс-  әрекеті
Ұйымдастыру  кезеңі Оқушылармен  сәлемдесу.
Қызығушылығын  ояту

Психологиялық  атмосфера  қалыптастыру

Психологиялық  ахуал  орнату. «Шаттық  шеңберін»  орнату. “Екі шындық және бір өтірік” ойыны.

Оқушыларға өздері туралы екі  ақиқат және шындыққа жанаспайтын бір пайымдаулар  айту ұсынылады.  Мысалы: Мен Жуалы өңірінде туып – өстім, “Иля Илиннің” рекордын жаңарттым және кітап оқығанды  жақсы көремін.

Сыныпта ынтымақтастық  атмосферасын  орнатады. Шаттық  шеңберінде  оқушылар  өздері туралы екі  ақиқат және шындыққа жанаспайтын бір пайымдаулар  айтады
Үй жұмысын тексеру кезеңі 1. Сұрақ-жауаптар

1)  Электротехникалық жұмыстарының негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы қандай? (монтаждау, орау-оқшаулау, құрастыру, пайдалану, жөндеу)

2) Электр тізбегін құрастыру қанша амалдан тұрады?

( екі амалдан тұрады: сымды ұштау және оны электр арматурасына жалғау).

3) Ең қарапайым электр тізбегі қанша  элементтен тұрады? (төрт элементтен тұрады: ток көзі, ажыратқыш, электр энергиясын тұтынушы, өткізгіш).

    4) Электромонтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі электр қауіпсіздік ережелерін айтып беріңдер.

1. Сұрақ-жауаптарға жауап береді.

2.  Сабақ барысында өз-өзін бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа  бөлу 1.Оқушыларды  топқа бөлу «Ағаш», «Метал»

2. Топбасшысын сайлау. Міндетін түсіндіру

 

 

1.Реттік  саны  арқылы  оқушылар  екі  топқа  бөлінеді.

2. Топбасшын сайлайды.

Жаңа сабаққа дайындық 1. Топтың атын қорғау

«Ағаш» тобына

1) Ағаштың механикалық қасиеті қандай? (сыртқы күштерге қарсы тұра алуы: беріктігі, қаттылығы және басқада жатады).

2) Ағаш электр тогын бойынан өткізе ма? (құрғақ ағаш электр тогын бойынан өткізбейді)

«Металл» тобына

1) Металдың негізгі  қасиеттерін атаңдар . (Физикалық қасиеті, химиялық қасиеті, технологиялық қасиеті, механикалық қасиеті)

2) Металдың қандай қасиеттері бар?( электр және жылуөткізгіштігі жоғары, жылтыр басқа да қасиеттері бар материалдар)

2. Жұмбақтар

    1) Мұздай мөлдір жұмыртқа,

Жарық берер ымыртта. (электр шамы)

2) Арқанмен алау келеді. (ток,электр)

3) Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Ток)

4) Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкентай Күн көзін (Электр шамы)‏

3. Ал балалар бүгінгі өтетін сабағымыз не туралы болмақ?

4.   Постер әдісі. Ең қарапайым электр тізбегін сұлба түрінде сызыңдар.

 

 

1. Әр топ өзінің атын қорғайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жұмбақтардың шешімін табады.

Топбасышысы оқушылардың өз-өзін бағалауын бақылау жасайды.

 

 

3. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын табады.

 

 

 

4.Оқушылар ең қарапайым электр тізбегін шартты белгілермен көрсетіп схема түрінде сызады.

Практикалық жұмыс 1. Визуалды айғақтармен жұмыс

2. Қауіпсіздік ережесін сақтауды естеріне саламын.

Әр топқа электр тізбегін схемасы беріледі. Оқушылар схема бойынша жұмыс жасайды.
 

Қорытындылау.

«Ыстық орындық» әдісі

 

Ортаға орындық қойылады, орындыққа оқушы отырады. Сабақтан не үйренгенін айтып береді, оқушыға сұрақтар қойылады.
Үйге тапсырма Электр тізбегі схемасын сызып келу
Бағалау 1.      Бағалау парағы бойынша бағаланады.

2.      Кері  байланыс парағы таратылады

Оқушылар сабақтан түсінгендерін кері байланыс парағына белгілейді.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

Leave a Comment