Асқорыту мүшелері, тістің құрылысы

Павлодар облысы

Баянауыл ауданы

Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты

Биология пәні мұғалімі:

Адилбекова Самал Сарсенбаевна

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелері, тістің құрылысы

Сабақтың мақсаттары: :

   Білімділік : Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын  түсіндіру;

Дамытушылық:  Оқушылардың асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін көрсетіп, адам өміріндегі   маңызы туралы білу.Оқушылардың білімді өздігінен меңгеру, кітаппен жұмыс істеу өз беттерімен  талдау қабілетін дамыту;

 Тәрбиелік:  Оқушыларды өзара түсіністікке, сыйластыққ,ұжымшылдыққа, салауатты өмір салтын      қалыптастыруға санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері: Сұрақтарды бірлесе шешеді, өзін және өзгелерді бағалауға үйренеді, басқаның пікірімен санасады.                                                                                                                                   Құралдар: Электронды оқулық, интербелсенді тақта,оқулық, флипчарт, суреттер, карточкалар,түрлі- түсті маркер,комьютер,    бағалау парағы..

Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Мотивация (ұйымдастыру кезеңі) 2 мин Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз жақсы ма! Сабаққа қатысуын тексеру. Топқа бөлу (түрлі- түсті қағаздармен)      І топ– қызыл түстер; ІІ топ– жасыл түстер; ІІІ топ– сары түстер.(Топтың лидері тағайындалады. )  Амандасады. Сұрақтарға жауап береді. Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
Білу 3мин Асқорыту мүшелерерінің құрылысын  видеофильм арқылы жаңа тақырыпты ашу (электронды оқулық)  Интербелсенді тақтамен жұмыс.

 

Оқушылар ойланады, сұрақтарға жауап береді. АКТ.
Түсіну 15 мин Ең алдымен, тақырып бойынша мәтін мен жұмыс. Алдын – ала іздену тапсырмасы бойынша топ болып талқылау. Әр топқа төмендегідей тақырыпшалар ұсынылады.

І топ-Ауыз қуысының құрылысы. 

ІІ топ-Ас қорыту мүшелері,құрылысы.

ІІІ топ-Тістің құрылысы,тіс аурулары,гигиенасы.

Өз білімін флипчартқа постер жасаулары қажет.

Тақырыпты оқиды,түсіндіреді. Топпен талқылайды, тақырыппен толық танысады.Жауаптарын топпен постерге  түсіреді. Топ мүшесі, көмекшісімен  жауап береді.
Қолдану 5мин  Сұрақ бізден, жауап сізден.

І-топ:1.Ауыз қуысының құрылысы қандай?                                                                      2.Дәм сезу репцеторы қайда орналасқан?

ІІ-топ: 1.Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден тұрады?                                            2.Жұтқыншақ пен өңештің қызметі қандай?

3.Ащы ішек қандай бөлімдерден тұрады?

ІІІ-топ: 1.Ас қорыту процесі қандай рөл атқарады?                                                              2.Адамда қанша тіс бар,тіс топтарын ата?

 

Оқушы ойланады. Дұрыс жауабын топта талқылайды, оқушылар сұрақтарға жауап береді. Өзін- өзі тексереді, реттейді.
Талдау 10мин А) Биологиялық диктант.

 І- топ: 1.Тіс…. мойын, түбірі болады. (Сауыты) 2.Тіл сілеймелі қабықпен жабылған көлднең салалы бұлшық ет ……. тұрады (Ұлпасынан )

ІІ- топ: 1. ……..5-6 метр болады.(Аш ішек)

2.Органикалық қосылыстардың қан мен лимфаға өтуі…. жүйесі арқылы іске асады.(Ас қорыту)

ІІІ- Топ:

1.Ас қорыту мүшесі…. басталады.(Ауыздан)

2.Тоқішектің ұзындығы 1,5-2 м және ол….., жиекішек және …… бөлінеді.

 

Б) Мылқау сурет. Тақырыпқа байланысты суреттер таратылады,тез суретті сипаттайды.

І топ: 1.Ауыз қуысының құрылысын анықта, жазу.

ІІ топ: 1. Бейнеленген асқорыту мүшелерінің  ретімен жазу.

ІІІ топ:1.Тіс құрылысын ретімен жаз.

 

 

 

Ойланады,бір-бірлерін тыңдайды, негізгі қызметті айқындайды. Спикер қорғайды, талқылайды. Интербелсенді тақта арқылы көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазады. Топпен  жұмыс.

 

 

 

Топпен талқылайды, белсенділік танытады, өзін-өзі тексекреді, реттейді.

Интербелсенді тақта  берілген суреттер құрылысын жазады. Спикер қорғайды.

 

Синтездеу(жинақтау) 3 мин    Тест.

Тест жұмыстары таратылады, жауабы интербелсенді тақтада жазылады. Тест тапсырмалары (8 сынып)

1)Үш түбірлі тістер:

А)Барлығы.                 В)Күрек тістер                           С)Үстіңгі жақ азу тістері.

 

2) Тоқішектің бөлімдері:

А) Ашішек,  жиекішек, тікішек

В)Соқырішек, тікішек, ұлтабар

С)Соқырішек, жиекішек, тікішек

 

3)Адамға ақыл тіс пайда болды:

А)18 жаста           В) 20-22 жаста                   С) 26жаста

 

4)Асқорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады

А) Ауыз қуысында                  В)Жұтқыншақта                          С) Өңеште

5) Соқыршек:

А)Тік ішек өсіндісі                     В)Ащы ішек өсіндісі                              С) Тоқ ішек өсіндісі

 

6)Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) Жұмсақ таңдайда                   В) Тілде                                     С)Ұртттың сілеймелі қабығында

 

7)Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?

А) Ашішек             В) Тоқішек              С) Ұлтабар

 

8) Құрамында тұз қышқылы болады:

А)  Қарын сөлінде          В) Ащы ішек сұйықтығында

С) Ұйқы безі сөлінде

 

 

 

 

 

Ойланады жауап береді, белсенділік танытады, интербелсенді тақта арқылы, салыстырып тексереді.

Рефлексия 3 мин Стикер жазу,не білдің? Не білесің нені? не білгім келеді? Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша білгенін, түсінгенін стикерге жазады?
Бағалау 3 мин Бағалау парағы беріледі, формативті бағалау. Көшбашылар формативтібағалауды жинақтап, суммативті бағасын шығарады, бағалау парағы арқылы суммативті бағасы шығарыладыды.
Үйге тапсырма 1 мин   §43,44 оқу; 163-бет кесте,164-бет тест орындау. Эссе жазу: “Тіс аурулары қалай пайда болады”

 

Күнделіктеріне жазады, баға қою
    Сау болыңыздар! Қоштасады……

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

Leave a Comment