Шеңбер және дөңгелек

Гульжан Нурмаганбетова

Сабақтың аты 12 Шеңбер және дөңгелек
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты
  • Шеңбер және дөңгелек туралы ақпарат беру;
  • Шеңбер және дөңгелекті ажырата білуге үйрету;
  • Шеңбер мен дөңгелектің элеметтерімен таныстыру;
  • Тақырыпқа байланысты есептер шығару
  • Топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
  • Шеңбер және дөңгелек туралы ақпарат алатын болады;
  • Шеңбер және дөңгелекті ажырата білуге үйренеді;
  • Шеңбер мен дөңгелектердің элементтерін білетін болады;
  • Топпен  жұмыс жасай алады.
Негізгі  идеялар Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын шеңбер деп атаймыз. Берілген нүкте центрі деп аталады. Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді радиус деп атаймыз. Шеңбердің центрі арқылы өтіп, оның екі нүктесін қосатын кесінді диаметр деп аталады. Дөңгелек шеңбермен шектелген.

 

О нүктесі центрі

ОА кесіндісі  радиусы

АВ кесіндісі  диаметрі

Тапсырмалар
  1. Жеке жұмыс
  2. Топтық жұмыс (Жигсо)
  3. Жұптық жұмыс (Веен диаграммасы)

 

 Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

2.Топқа бөлу (1,2,3,4 сандары бойынша топқа бөлінеді)

ІІ.Жеке жұмыс «Жорға сайыс» (5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылардың жауаптары бармақпен бағаланады.

ІІІ. Шеңбер және дөңгелек («дейін-кейін» кестесі)

Дейін Кейін
   

 ІV. Талқылау сұрақтары беріледі  (2 минут)

  1. Шеңбер дегеніміз не?
  2. Дөңгелек дегеніміз не?
  3. Айырмашылықтарын және элементтерін атаңдар

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.

  1. Топтық жұмыс (15 минут)

Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.

Тапсырманы оқып, экспорт топта талқылап, өз тобына түсіндіреді. (әр топқа 1 минут)

Топтарда 5-рөлді анықтайды: көшбасшы,баяндамашы,хатшы,уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.

 Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тапсырманың орындалуы        
2 Өз міндетін атқаруы        
3 Құнды идеяның айтылуы        
  1. Жұптық жұмыс (І топ №210 есеп ІІ топ №211 есеп ІІІ топ №216 есеп) (10 минут)

Орындалған жұмыстарда  жұптар өзара бағалауды 2 жұлдыз,1 ұсыныс арқылы жүзеге асырады.

VII.Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырмалар) (8 минут)

1.Сәйкестендіру тесті

R=6 болса   R=11
D=22 болса шеңбер центрі арқылы өтіп, оның екі нүктесін қосатын кесінді
Радиус – шеңбермен
Диаметр – шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді
Шеңбер – D=12
Дөңгелек … шектелген 360
Толық бұрыш берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны

Жасалған жұмыстар 2 жұлдыз, бір ұсыныспен бағаланады.

VIII. Шеңбердің дөңгелектен ерекшеліктері ( «дейін-кейін» кестесі).

Дейін Кейін
 

IX.Кері байланыс кезеңі. Рефлексия (маған ұнады, қиын болды, сұрақ) (2 минут)

 Кейінгі тапсырмалар  
 Кейінгі оқу  

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master