Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі. (7-сыныпқа арналған тапсырмалар)

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының

Тарих пәні мұғалімі:

Жаксылыкова Асемкуль Мукашовна

Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі.

(7-сыныпқа арналған тапсырмалар)

  1. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде қалай аталды?

А) өзбек-қазақ              Ә) қазақ-орыс              Б) қазақ             В) қазақ-қырғыз

  1. «Қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазғақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы негізінде жасалды деген қатарлар кездесті

А) көне түрік тіліндегі деректерде

Ә) сібір халықтарының деректемелерінде

Б) Хорасан түрікмендерінде

В) Араб жазбаларында

  1. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі берген мағына

А) ержүрек, кезбе, батыр       Ә) еркін адамдар         Б) кезбе, еркін

В) мықты, берік, алып

  1. Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылды

А) X-XII                Ә) IX-X              Б) X-XI              В) XI-XII

  1. XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «арабқыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген мағына

А) ержүрек, кезбе, батыр       Ә) еркін адамдар         Б) кезбе, еркін

В) мықты, берік, алып

  1. XIII ғасырда «қазақ» сөзінің хорасан түрікмендері арасында кездескенін айтқан тарихшы

А) Көмеков         Ә) Рузбихан           Б) Уәлиханов            В) Ә. Марғұлан

  1. «Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, XIII ғасырға дейін қолданылған мағынасы

А) ержүрек, кезбе, батыр       Ә) еркін адамдар         Б) кезбе, еркін

В) мықты, берік, алып

  1. Қазақ сөзі этникалық мағынаға ие бола бастайды

А) XV                  Ә) XIV          Б) XIII         В) XVI

  1. Қазақ сөзі этникалық мағынаға толық ие болды

А) XV                  Ә) XIV          Б) XIII         В) XVI

  1. «Алаш» сөзін қазақ халқының қай аңызынан жиі кездестіруге болады?

А) Жошы ханның жортуы     Ә) Алаша хан          Б) Қорқыт ата      В) Оғызнама

  1. «Алаш» сөзі алғаш рет айтылды

А) X-XII                Ә) IX-X              Б) X-XI              В) XI-XII

  1. Аңыздағы Қотан бидің балаларына берілген еншілерді сәйкестендір
1. Үйсін 1. Орта Жүз
2. Болат 2. Кіші Жүз
3. Алшын 3. Ұлы Жүз

 

  1. Алаша ханның ордасы орналасқан Жезқазған аймағындағы өзен

А) Жаңғабыл            Ә) Кеңгір           Б) Сарысу          В) Қаракеңгір

  1. Алаша ханның күмбезі орналасқан Жезқазған аймағындағы өзен

А) Жаңғабыл            Ә) Кеңгір           Б) Сарысу          В) Қаракеңгір

  1. Аңыздағы үш жігіттің(Үйсін, Болат, Алшын) иеленген аймақтарын сәйкестендір
1. Үлкені 1. Батыс Қазақстан  
2. Ортаншысы 2. Орталық Қазақстан  
3. Кішісі 3. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс  

 

  1. «Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ентаңбаларын салған жер

А) Сынтас            Ә) Жартас            Б) Таңбалы Нұра          В) дұрыс жауап жоқ

А) Хұсрау мен Шырын       Ә) Жүсіп-Зылиха           Б) 17. Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды

А) XIV-XV ғасырларда         Ә) XIII-XVI ғасырларда

Б) XII-XIII ғасырларда          В) XV ғасырларда

  1. Ауыз әдебиеті бастау алды?

А) біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлер      Ә) XIV-XV ғасырларда н

Б) Түрік дәуірінен                 В)  XV ғасырлардан

  1. Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттеген жыр

А) Алпамыс батыр         Ә) Керқұла атты Кендебай

Б) Жоямерген           В) Қобыланды батыр

  1. XIII-XV ғасырларда аттары бізге аңыз боп жеткен ауызша поэзия өкілдерінің қатарына жатпайтынын көрсетіңіз:

А) Кетбұға     Ә) Қотан     Б) Асан Қайғы      В) Сыпыра    Е) Барлығы жатады

  1. Шыңғысханмен жыр арқылы сұхбаттасқан ауызша поэзия өкілі:

А) Кетбұға               Ә) Қотан                Б) Асан Қайғы                   В) Сыпыра

  1. Баласы Ақжолдың өліміне жоқтау өлеңін жазған ақын

А) Кетбұға               Ә) Қотан                Б) Асан Қайғы                   В) Сыпыра

  1. XIV-XV ғасырлардағы еңбектер мен сипаттамаларды авторларымен сәйкестендір
1. Хорезми 1. қыпшақтардан шыққан 1.  «Жүсіп-Зылиха»
2. Кутб 2. 2.  «Мухаббатнама»
3. Дурбек 3. өзбек ақыны 3.  «Хұсрау мен Шырын»
  1. Халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланылған қыпшақ тіліндегі еңбек

А)Мухаббатнама     В) Кодекс куманикус

  1. XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер (Бірнеше дұрыс жауабы бар)

А) Ескендір           Ә) Қамбар батыр         Б) Орақ Мамай       В) Шора батыр

 

 

Тест : құрастырған: Ә.Жақсылықова  (7-сыныпқа арналған)

28-нұсқа. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр  хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.

  1. Мемлекет басында … тұрды

А)  хан        Ә)  би          Б) уәзір       В) сұлтандар

  1. Мемлекет істер шешімін тапты

А)  хан кеңесінде       Ә)  билер сотында       Б) уәзірлер жиыны       В) құрылтайда

  1. Хандық өкіметтің ең жоғарғы жиыны

А)  хан кеңесі       Ә)  билер соты      Б) уәзірлер жиыны       В) құрылтай

  1. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандықтарындағы түрік тайпаларының басшылары қалай аталды

А)  әмір           Ә) мырза          Б) бек        В) ноян

  1. Ноғай ордасындағы түрік тайпаларының басшылары қалай аталды

А) әмір           Ә) мырза          Б) бек        В) ноян

  1. Хандық өкіметтің басқару аппаратында … атауы жиі қолданылған

А) әмір           Ә) мырза          Б) бек        В) ноян

  1. Монғолша байшонжар деген мағынаны беретін сөз

А) әмір           Ә) мырза          Б) бек        В) ноян

  1. «Інжу» сөзінің мағынасын ашыңыз

А) бөлу         Ә) тарату        Б) жаулап алу    В) жасау

  1. Алтын Орданың інжулік иеліктері болған өңір

А) Шу бойы    Ә) Еділ бойы    Б) Тобыл өзені сағасы    В) Каспий

10 .Шағатай мемлекетінің інжулік иеліктері болған өңір

А) Шу, Іле, Талас        Ә) Еділ, Жайық      Б) Ертіс, Есіл, Тобыл       В) Ертіс, Сырдария, Еділ

 

11  .Жерге меншік түрлерін сәйкестендір

1. Мемлекеттік жер А) ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер
2. Інжу Ә) дін иелерінің жерлері
3. Вақфтық жер Б) отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер
4. Шаруалардың мүліктік жері В) Шыңғыс ұрпақтарының алған жерлері
5.Сойырғал, Иқта Е) Тікелей хандардың қарамындағы жерлер

 

 

  1. Салық түрлерін сәйкестендір
1. Тағар А) Мал салығы
2. Қалан Ә) Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық
3. Құшыр Б) Отырықшы егінші аймақтардан
4. Зекет В) Жер көлеміне байланысты жиналатын салық
5. Харадж , баж Е) Көшпелі аудандардағы малы шағын шаруалардан жиналатын салық
6. Соғым, сыбаға, сауын Г) әскерді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
  1. Ұлыс сөзінің мағынасы

А) жер          Ә) жасау         Б) жасақ         В) ел

  1. Мемелекеттік істерді атқарушыларды орнымен сәйкестендір
1. Ұлысбек 1. қаладағы алым салық пен тәртіпті қадағалаушы
2. Атабек 2. ханның аңшылық ісін басқаратындар
3. Көкілташ 3. хан кеңесшісі
4. Наиб 4. жиын, мерекеде тәртіп пен салт дәстүрді қағалайтындар
5. Жасауыл 5.  сарай қызметінің басшылары
6. Ішік аға басы 6. жастайынан сайланған хандарға ақыл беретін кеңесші
7. Инақ 7. мұрагердің тел бауыры
8. Миршикар 8. мұрагерлердің тәрбиешісі
9. Даруғалар 9. мұрагерлерді таққа отырғызу

 

Оқиғаның  дұрыс, бұрыстығын  анықтаңдар дұрыс бұрыс
1.      Әбілқайыр хандығының аумағы Жайықтан Балқашқа дейінгі, Сырдарияның

2.       төменгі ағысы мен Ертіске дейінгі жерлерді алып жатыр.

   
2.  1428 жылы Әбілқайыр хан болып сайланды. +  
3.  Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы қазақтар деп аталды.    
4. Әбілқайыр дербес хандық құрып, 30 жыл бойы билікті ұстай алды.    
5. Сығанақ мемлекеттің жаңа астанасына айналды.    
6. Әбілқайыр әскерлері мен ойраттар арасындағы шайқас 1455 жылы   Сығанаққа жақын жерде болды.    
7. Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған тайпалардың бір бөлігі     Әбілқайырдан батыс Мауараннахрға көшіп кетті.    
8. Әбілқайыр хан 1468 жылы қайтыс болды.    
9. 1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанд пен Бұхараны басып алды.    
10. Мауараннахр XV ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының   қолында болды.    

 

ІІтоптың жұмыстары:

оқиғалар XVғ. I ж. XVғ. I ж. XVғ. соң. XIIIғ. II ж. XVIғ. соң. XVIғ. бас. XVғ. II ж. XVIғ. II ж.
1 Сарайшық қаласының іргесі қаланды                
2 Маңғыт жұртының бекуі аяқталды                
3 Ноғайлар «өзбектердің» аумағын басып алды                
4 Орыс мемлекетімен қатынасы нығайды                
5 Ноғай Ордасында құлдырау басталды                
6 Сібір хандығының астанасы Іскер қаласына көшірілді                
7 Шайбани ұрпақтарының тармағы өз тарихын аяқтады                

 

Қазақ халқының қалыптасуының маңыздылық дәрежесі бойынша бірінші 5-ін,                        бесеуден 3-ін,үшеуден 1-ін таңдап алыңыздар.Себебін түсіндіріңіздер.

Әдет-ғұрып,салт-дәстүр,этникалық құрамы ұқсас болады Әлеуметтік –экономикалық дамуы ыңғайлы келеді
Қазақ халқының қалыптаса бастауы б.з.б.ІІ ғасыр Ақ Орда ,Әбілқайыр хандығы,Моғолсан сияқты хандықтардың бытыраңқылығы
Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандардың төңірегіне шоғырланды. Өзбек-қазақ атауы
15ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының этникалық жағынан шоғырлануына әкелді. Өзбек хан хандық құрған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшеленді.
Халық болып қалыптасу ұзақ және күрделі процесс Б.з.б ІІмыңжылдық-б.з.б І мыңжылдық шамасында европеоидтік тайпалардың өмір сүруі.
6-9 ғасырлардағы монголоидтік белгілердің дами түсуі. ХІІІғасырдың басындағы монғол  шапқыншылығы халық болып қалыптасудың барсын бұзады.
Халық болып қалыптасу үдерісі 150-200жылға кешеуілдейді. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты роль атқарды.

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master