Қазынаны табу

Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданы
КММ Қазақстан орта мектеп
Санат Индира Санатқызы

Тақырыбы: Қазынаны табу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың теориядан алған білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Экологиялық сауаттылықтарын көтере отырып, табиғатты аялауға, қамқор бола білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:  Жаңа заман талабына сай танымдық, біліктілік, шығармашылық қабілеті қалыптасқан, алған  білімдерін  болшақта кез-келген жағдайда қолдана алатын жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компас, гигрометр,барометр, смайлктер,план, қазына, тулар.

Пәнаралық байланыс: физика, тарих, математика, қазақ тілі.

Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс

Сабқтың әдісі:  ойын сабақ

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

-Екі топтан оқушылар алу

– мақсатымен таныстыру

– өтілу барысымен таныстыру.

Әр топтың  өз басшысы – керуенбасы болады.

Жарысты ең әуелі аңыз әңгіменмен бастаймын.

Осы маңда бір шексіз дәулетті кісі өмір сүрген екен, өзінің мол мұрасын қалдыратын ізбасары болмай, ол байлығын елден таса бір жерге көме беріпті. Сараңдықпен тыққан байлығы ақыры ешкімге бұйырмай,  өзі дүниеден өткенде жұмбақ күйінде тығулы қалпымен қалыпты.  Оны іздеп талаптанғандардың ешқайсысыда табысқа жете алмапты, тек ел арасында осы бізідің ауылда тұрған бір атамыз тауып қайта көміпті деген әңгіме бар. Атамыз қазынаны көмгенде бізге арнап өсиет хат жазып кетіпті. Сол атамыздың өсиетін орындап, біз бүгін осы қазынаны іздеп табуымыз керек.

Ол үшін маңдай терлетіп жұмыс істемейміз, қауіп-қатерде кездеспейді. Бірақ біз білімімізбен, ептілігімізбен, ұйымшылдығымызбен, ауыз біршілігімізбен осы қазынаға қол жеткіземіз. Ол үшін бірнеше бекеттен өтеміз.  Әр бекетте тапсырмалар жасырылған. Осы тапсырмаларды орындап, жазып отырады. Екі топқа да құрал- жабдықтар таратылып беріледі.

б12

 

б15       б13

 

 

 

 

 

 

1.Координаталар бекеті.

Әр топқа координата беріледі. Осы бойынша жасырылған жерді табу қажет.

І топ тапсырмасы

солтүстік ендігі – 51°10

шығыс бойлығы 71°30

Жауабы: Астана

ІІ топ тапсырмасы

Ендігі: 49° 57′ 0″

бойлығы: 82° 37′ 0″      Жауабы: Өскемен

  1. Атмосфера бекеті.

І топ тапсырмасы:     Температураны өлшеу. (Құрғақ ауа мен ылғалды ауаны)

ІІ топ тапсырмасы:  Қысымды өлше

  1. Пайдалы қазбалар бекеті

І топ тапсырмасы:  Алюминий кенін кескінге түсір.

ІІ топ тапсырмасы: Мұнай және табиғи газды кескінге түсір

Қорытынды: Әр топ өз тапсырмалары бойынша қорытынды шығарады.

кері байланыс: Смайлктер  іліп қоямын, осыған стикерге жазылған пікірлеріңізді жазып қалдырасыздар.

Бірінші смайлк : маған барлығы ұнады, көңілімнен шықты.

Екінші смайлк: Маған практикалық жағы түсініксіз болды.

Үшінші смайлк: маған ұнамады. Теориялық білімді практикамен ұштастыра білмедім.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master