«Тұздық алу», «Атсұрау » тәсілдері

Елубай Гулзат

Сабақтың тақырыбы: «Тұздық алу», «Атсұрау »  тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу;
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру.
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу, денені шынықтыруға  әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін  дамыту;                    

  Сабақтың типі: Жаңа сабақ
    Сабақтың түрі: аралас сабақ
    Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: Ж.Караевтің «ОҮӘЖ» пед. технологиясының әдістері

       Керекті құрал – жабдықтар:
компьютер, тоғызқұмалақ       
тақта.                                                                                                         Сабақтың құрылымы.                                                                     

Тақырыптыоқыпүйренудіңүшкезеңдікалгоритмі.          Ікезең (5-7 минут)

Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын тексеру

Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықта.

ІІкезең (20-25 минут)

5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өзбетінше меңгеруін ұйымдастыру(оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

     ІІІкезең (сабақтың қалған 12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)

Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут).

Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейліктапсырмалардың ұпайы саналады.

 Ікезең (5-7 минут)

А ) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу ,түгендеу.

Ойларын  сабаққааудару

Ә)Үйжұмысынтексеру

Сұрақжауап әдісі:

Тоғызқұмалақ қандай ойын?

Ойынның аты не мағына береді?

Неше құмалақ қажет?

Қоштаушы деген кім?

Бастаушы деген кім?

Қазан деген не?

Ойынның қандай құралдарын білесіңдер?

    Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы көрсетіліп, құрылымына тоқталып өтеді.

ІІ кезең (20-25 минут)

5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін  ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

      Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.

Тоғызқұмалақ ойынын үйретушілерге бір ескерте кететін нәрсе тақ санды құмалағы бар отаулар тоғызқұмалақ тілінде-ашық жұп санды құмалағы бар отаулар – жабық отаулар деп аталады.    (1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21. )тақ сан) ашық жұп сандар
(2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.) жұп сан
жабық деп жазған жөн.
«Тұздық алу»    Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

«Атсырау» деген не?
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.    Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады
 

  1. Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.

Тоғызқұмалақ   ойынының  негізгі терминдері:
      • Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қоштаушы
• Тұздық
• Атсырау   ( Анықтама беру)

 Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау (9 минут).

Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І – деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына  жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81    б) 82  с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

     А) бастаушы    б)Қоштаушы    с) Жүрүші                                                                                                                                         

3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А)9       б)18      с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау      б)тақта     с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А)тоғызыншы отауға       б)екінші отауға     с)алтыншы отауға                                                                                                                                                     

ІІ-деңгей тапсырмасы:

   Сәйкестендіру тесті

1.отау                          „ Көкмойын“

  1. отау                          „Бел“

3.отау                           „Қандықақпан“

4.отау                           „Маңдай“

  1. отау                          „Атөтпес“
  2. отау                          „Тектұрмас“

7 .отау                           „Арт“

8 .отау                          „Белбасар“

9 .отау                          „Атсыратар“


Сабақты қорытындылау

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың  ұлттық  ойын түріне кіре ме?                        

 Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке  бөлінген?                                                                         

Әр бөлікте неше отау, неше қазандық  бар?                                                                        

  Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз?                                              

 Тоғызқұмалақ терминдерін ата?                                                                              

Отаулардың аттарын білесің бе?                                                                                    

Бірінші ойынды бастаған ойыншыны  қалай атаймыз?                                                           

 Жұп, тақсандар

Үйгетапсырма

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауаттарының мағынасын

анықтау үшін іздену.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master