Мен өз елімде жан –жақты білім ала аламын

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Украин орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Рамазанова Айнаш Кабдолловна.

Еңбек өтілі:  22жыл.Біліктілік санаты : жоғары,І-деңгей

Пәні: Қазақ тілі Күні: ақпан Сыныбы: 11
Модуль тақырыбы:

 

Сабақтыңтақырыбы

Мен өз елімде жан –жақты білім ала аламын
Сілтеме Қазақ тілі . Оқулық
Мақсаты Оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, сын тұрғысынан ойлап, еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қоғамға деген өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Күтілетін

нәтижелер

Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденуге дағдыланады.
Пәнаралық байланыс Тарих, өзін-өзі тану.Орыс тілі.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,АКТ, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын.  Ашық сұрақтар, ой шақыру.Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар Оқулық, интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ

кезеңдері

Уақыт Мұғалімәрекеті  Оқушы әрекеті
Кіріспе

 

 

Психологиялық ахуал туғызу

2.Үй тапсырмасын тексеру.

2мин

 

 

 

5 мин

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

1.Сыныптың оқушыларын санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

2.Топтарға тілек айту ұсынылады

3.«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» тақырыбына үйде жазған шығарма жұмысы тексеріледі

Оқушылар санау бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Әр топ келесі топқа тілек білдіру

Шығарманың мазмұнын бағалайды.

Ой қозғау

 

 

 

 

Ойланып көрейік

 

 

 

5 мин Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша  жыл  сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз  орнына   қайтып оралады екен.Осыған қарап мынадай сұрақтар туындайды.

1. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма?

2. Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?

3.Қазақстанда қандай жоғары оқу орындары бар?

4.Бастапқы білімді қайдан аламыз?

Сауалдарға жауап беру арқылы ой бөліседі.
Негізгі бөлім

 

 

2 минут Бастапқы білімді әрине, алтын ұя мектебізден аламыз. Қандай болсын мамандық иесін алсаңыз ең бірінші білімді мектептен алған.Әр адамның ұмытылмас сәті де осы мектеп табалдырығында білім алған кезі.
Күш -білімде, білім -кітапта

Оқулықпен жұмыс

5 мин

 

 

 Енді кітаптарыңның 249-бетін ашып 1-тапсырмаға көңіл бөлейік.

Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын жеткізу.

2- тапсырманы орындау тиісті баяндауыштармен аяқтау.

1.     Біз үлкен өмірге жолдама ……

2.     Уақыт тез өтіп ……

3.     Мектебімізбен қимастықпен қоштасып …

4.     Біз еліміз мақтан тұтатын азамат…..

1.Оқулықпен жұмыс, 247-бет.Мәтінді оқып қысқаша мазмұнын айту.

тапсырмаларды орындайды.

Топтық жұмыстар

Бірлік болмай, тірлік болмас.

10 мин

 

  1.Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімге қойылатын талаптар.

2. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушыға қойылатын талаптар.

Топтастыру  жұмысы ұсынылады.

 Берілген тақырыптар бойынша постер жасап,қорғау

Топтар бір бірінің жұмысына баға береді

«Ашық сұрақтар»

тест жұмысы

7 минут Оқулықтағы мәтіндер бойынша 5сұрақтан тұратын тест тапсырмасын ұсыну.

Екі топ жұмыстарымен алмасып,бағалайды.

Тест тапсырмаларын топпен орындап дұрыс жауаптарын оқулықтан тауып анықтау.
Қорытынды

Рефлексия

3 мин  

 

Үйге тапсырма 1мин «Мектептің жаны мұғалім»  тақырыбына диалог құру Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment