Отбасы жарастығы

Орал қаласы
№9 «Еркемай» мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі
Адиева Жанар Самигуллаевна
Дөңгелек үстел
«Отбасы жарастығы»

Мақсаты: Баланы өсіру қуанышы мен тауқыметі қатар жүретін қиын жол екенін ата-аналарға түсіндіре білу . Ата-аналарға баланың жан дүниесін түсіне білуге кеңестер бере отырып,. бала жүрегі адалдықты сүйетіндігін айту. Отбасында баланың өзіндік пікірін білдіру іскерлігін қалыптастыруға ата –аналарды бағыштау. Жеке тұлғаның өзіне деген сенімін дамыту. Ата-аналармен отбасындағы ықыласты, жарасты қарым-қатынастың ерекшелігі туралы пікір алысу, оны іс-жүзінде жүзеге асыра білу жолын талқылау.

Өтілу барысы:
(Өтілу барысы, дөңгелек үстел мақсаты отырыс басталмас бұрын слайд түрінде көрсетіледі )
І. Тренинг:“Отбасы ”
ІІ. Жағдаяттар талдау (сұрақ-жауап)
ІІІ. «Кел ойнайық» сергіту сәті
ІV. “Мен қандаймын?”
V. “Қара күйе көбелегін аулайық” жаттығуы
VІ. “Жан-жүрек сыры”
VІІ. Қорытынды

І. Тренинг:“Отбасы ”
-Құрметті ата-аналар бүгінгі дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
-Отбасын біріктіретін шаңырақ. Біздің балалар мен ата-аналарымыз бәріміз бір отбасы іспетеспіз. Отбасының бір бөлшегі мына киіз үйді бір –бірімізге жалғастырып, жылы лебізімізді білдірейік.
Ата-аналар жылы лебіздерін білдіреді.

Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған.Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Отбасы – бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі.

ІІ. Жағдаяттар талдау (сұрақ-жауап)
1.Бала қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, еркелетпеді, ойын-сауық орталықтарына, киноға да апармады ата-анасының айтқанымен жүріп, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы болып өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.Бұндай жағдай туралы өз пікіріңіз қандай?
1)Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
2)Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?
(Ата-аналар өздерінің пікірін ортаға салып талқылады.)

2.Баласының бөлмесін жинап жүрген анасы қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы бөбекжайдан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттейтін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам өзі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

1) Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?
2)Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?
Талқыланып, пікір айтылды.

3.Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Отбасы жарастығының сыры неде?
Ата-аналарға өз ойларын жазуға парақтар беріледі, ойыннан соң екі үш ата –ана өз ойларын парақтан оқып береді.

ІІІ. «Кел ойнайық!» сергіту сәті
Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, аяқты еденге соғайық.
Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
Бүгінгі жиналысқа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, қол соғайық.
Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық
Осы бөбекжай туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.
Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық !

ІV. “Мен қандаймын?”

Асыл перзентіңізді таңертең қалай оятасыз?
Ата-аналарға сөз беріледі
Түйін
Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болу керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезу керек.
Осы сөздермен оның да, сіздің де күніңіз басталады

Балаңызды тыңдай білесіз бе?
Ата-аналарға сөз беріледі
Түйін Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болу керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезу керек.
Осы сөздермен оның да, сіздің де күніңіз басталады.

Ата-ана мен баланың махаббаты дегеніміз не?
Ата-аналарға сөз беріледі
Түйін
Басым көпшілігіміз баламызбен қарым-қатынаста сүйіспеншілік дегенді ұмытып жатамыз.Балаларыңызға оларды жақсы көретініңізді жасырмай, жиі білдіріп тұрыңыздар.
Егерде бақытты да табысты баланы өсіргіңіз келсе, оларды қаншалықты жақсы көретіңізді күнде айтып отырыңыз.
Баланың өмір сүруі үшін күніне төрт ыстық құшақ, денінің сау болуы үшін сегіз құшақ, өсуі үшін он екі құшақ қажет екенін айтады.
Өз сүйіспеншілігіңізді көрсетудің тиімді тәсілі – оған назар аударғаныңыз жөн.
Балалар үнемі ата-анасымен тығыз қатынаста болуы керек. Олар өскенше ата-анаға жақын болып, олармен үнемі сөйлесуді қалайды. Бұл күнделікті тамақтай аса маңызды.

Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
Ата-аналарға сөз беріледі
Түйін
Жақсы істерді жасауға асығайық, әйтпесе жас ұрпақ үлкендердің қателіктерін кешірмес және біздің мемлекетіміздің өркендеуін қорғауға лайықты бола алмайды. Бүлдіршінге бар керегі-сіздің, дәл сіздің жылы сөзіңіз бен жұмсақ қабағыңыз. Осыны ұмытпайық!

V. “Қара күйе көбелегін аулайық” жаттығуы
Қаракүйе көбелегінің(Моль) зияндылығын айтып, ойын барысын түсіндіру
Өтірік айту-ауада. (Ауаны қармау)
Мақтаншақтық –көршіңіздің иығында. (Көршіміздің иығын қағу)
Күйзеліс-жүректеріңізде. (Жүрек тұсын қағу)
Қатыгездік- бауырларыңызда.
Ашу-ыза-ауыздарыңызда.
Жалқаулық –желкелеріңізде.
Дау-жанжал-бастарыңызда.
Өсек –құлақтарыңызда.
Тойымсыздық –қарныңызда.
Өкпешілдік -өкпеңізде.
Еріншектік-тізелеріңізде. (Тізені қағу)
Зорлық –алақандарыңызда. (Қолымызды сілку)

VІ. “Жан-жүрек сыры”

Мына ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес,дүрсілдемейді. Біз оған жан бітіреміз.Сіздерге қазір қағаздан жасалған жүрекшелер беремін, оған балаларыңызға қандай жылы сөздер айтасыз соны жазасыз.

(Ата-аналарға әрқайсысына бірнеше жүрекше тәріздес стикерлер беріледі, ата –аналар балаларына айтатын жылы сөздерін жазып,үлкен ақ түсті жүрекке жапсырады)
-Міне біздің жүрегімізге жан бітіп, түсіне енді, көп-көп рахмет!

VІІ. Қорытынды

«Баланы 5 жасқа дейін патшадай сыйла,
15 жасқа дейін еңбекке құлындай жұмса,
15 жастан кейін ақылшың ретінде ұста» деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар.
Қарым-қатынастың маңызды қызметі – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас реттілігі.
Ата-ана тарапынан балаға бақылау мен талаптарды орната отырып, баланың өзіндік мінез-құлқын, тәртібін, іс-әрекеттерін, сезімдерін реттеуге, басқаруға мүмкіндік береді.
Бала тәрбиесінде отбасында балаға талап, бақылау, мадақтау қағидаларын ескере отырып, отбасы жарастығын одан әрі жалғастыра берулеріңізді тілеймін.

«Әр бала отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

One Comment

  1. феруза says:

    Астанадагы адресы калай екен

Leave a Comment