Қыстауға саяхат

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы

Бектөбе ауылы, «Айгөлек» балалар  бақшасы

Тәрбиеші: Ошақбаева  Гүлнар  Естемесқызы

 

Ересектер мен мектепке даярлау тобы

Білім беру  салалары  «Таным» «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен  танысу, танысу жапсыру

Тақырыбы: «Қыстауға саяхат»

Мақсаты:   Табиғат пен  адам денсаулығының өзара байланысы  жайлы түсініктерін қалыптастыру ,

Үй жануарларына  қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, атрибуттар

Құрал  жабдықтар:сурет, дәптер, қаламдар, желімдер, қайшы  түрлі түсті  қағаздар .

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің  іс-әрекеті Баланың  іс-әрекеті
Ынталандыру бағдар беру Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды күніміз

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

 

Ал балалар бүгінгі мерекелік  ұйымдасқан оқу іс әрекетіне  қонақтар келіпті. Қазақ халқында амандасу үлкен дәстүрдің бірі.

Ендеше амандасайық.

 

Таңертеңгі шеңбер:

Балалар төрт түлік  малды алайықшы.

Сендерді  ата-аналарың үйлеріңді осы төрт  малдың төлімен атайды ма, еркелеткенде?

Армысыздар қонақтарым ағайын,

Алдыңызда әсем әнге салайын,

Қыстан күйлі бармысыздар баршаңыз

Аман есен жүргеніңізді қалаймын.

Қош келдіңіз бәріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

Ботақаным, құлыным, лағым, құлыншағым, бота көзім т.б

 

 

 

 

Ұйымждасқан ізденушілік Балалар қазір жылдың қай мезгілі, қыс мезгілінің қай айы?

Қыста қардың  көп түсуіне байланысты  үй жануарларының  жайылымда азық табуы  қиынға түседі. Сондықтан  оларға адамның

тарапынан қамқорлық керек.

Сондықтан малды қорада яғни қыстауда ұстаған.

Көзімізді жұмып елестетейік.

Жолда не көріп келеміз?

 

Ендеше қыстауға саяхатқа шығайық?

Ата-әжемізге  барайық.

 

Шанаға мінеміз. Көзімізді жұмып елестетейік.

Жолда не көріп келеміз?

Жеті атаңды ата

Отан туралы мақал-мәтел

 

 

 

Тыйым сөздер:

 

 

Қақпа ашылады. Ата мен әже отырады.

Балалар амандасады

 

 

Өлеңдер  айтылады. Әжесі ойын ойнатады.

«Жалғасын тап»  ойыны

Мақалдың жалғасын табу

 

Бабасы еккенді, баласы орады

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбектің наны-тәтті

Жалқаудың жаны -тәтті

(ата мен әже шығып кетеді)

Сергіту сәті:

Балалар 3 топқа бөлініп отырады

Балалар  атамыз бен әжемізге безендірілген шапан , сандық  көкірекше, сандық, қоржын

сыйлайықшы. Олардың барлығын қазақтың ұлттық ою өрнегімен безендірейік.

Қандай ою түрлерін  білесіңдер?

 

 

Ендеше берілген заттарды безендірейік.

 

 

Ойын: Тақия тастамақ

-Балалар ата мен әжемен қоштасып, балабақшамызға қайтайық.(балалар шанаға мініп балабақшаға қайтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баба, ата, әке, бала немере, шөбере, шөпшек

Халықтың ортақ үйі-Отан

Отан оттанда ыстық.

Отансыз адам-армансыз бұлбұл

 

Үйде ысқырма, ақты төкпе, нанды баспа, нан қоқымын шашпаңдар

 

Әжем менен аташым,

Ақыл айтып жатасың

Өнерліміз бәріміз,

Көп қызыққа батасың

 

Еркелетіп күнде сен, ертек бересің,

Құлыным деп иіскеп

Ертек айтып келесің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құс қанаты, толқын, қошқар мүйіз, қызғалдақ

т.б.

 

Ендеше берілген заттарды безендірейік.

шапанның , сандықтың,  көкірекшенің, қоржынның салынған бейнелеріне оюдың әртүрін жапсырады.

 

Кері байланыс және түзету Ата дәстүріміз мал шаруашылығымен айналысқан мінсе көлік, жесе азық, кисе киім, сондықтан да біз үй жануарларына қамқор болуымыз керек. Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

 Күтілетін нәтиже:

Білуі: Төрт түлік малды дұрыс атауды

Төрт түлік малдың  төлдерінің қалай аталуын

Меңгеруі: Малдар қыстауда  қыста қыстайтынын түсіне білді

Жасай алуы: Жапсырманы дұрыс жапсыра білді

Ұйымдасып  жұмыс істеуге дағдыланды

Leave a Comment