Пернетақта.Пернелер тобы

 %d0%b8%d0%bd%d1%84Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы

«С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

нформатика пәні мұғалімі

Базарбаева Айткул Кулмаханбаетовна

Тақырыбы: Пернетақта.Пернелер тобы

Күтілетін нәтиже:

Білім ·      Пернетақта жайлы түсінеді.

·      Пернетақта бөліктерін таниды.

Түсінік ·      Пернетақтаның құрамдас бөліктерінің сипаттамаларын түсінеді.

·      Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу құралы екендігі туралы қорытынды шығарады.

Қолданыс ·      Пернетақталар түрлерін және жасайтын әрекеттері арасындағы байланысты анықтап, тәжірибе жүзінде қолданады.
Анализ ·      Пернелер арасындағы байланысты анықтап саралайды.
Синтез ·      Qwerty пернетақтасы мен пернетақталар арасындағы байланысты адам өміріндегі маңыздылықпен тұтастырады.
Баға ·      Пернетақта және оның құрамдас бөліктерін қайта қарастырып, Qwerty пернетақтасы жайлы түсінікті түйіндейді.

Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

  1. Бағамдау – бағалау(4мин.).

Сабақ типі:  Сабақты жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі – иллюстративтік, репродуктивті, топтық.

Мұғалім іс – әрекетінің тәсілі:

  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

  • Пернетақта блоктары, меңзерді басқару, пернетақтаның қос пернелер
       Оқушыда дағды қалыптастыру:
•         Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

•         Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

•         Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

  • Ақпарат көздері:
  • Информатика оқулығы 5 – сынып. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун,Б.Қ.Әбенов
  • Интернет материалдары
  • Тапсырмалар

Оқушы жетістігін бағалау:

  1. Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Бонус – балл тапсырмасы:

Басқару пернелерін және олардың қызметін сипаттап бер.

 Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

  1. Анықтамаларды жаттау.
  2. Келесі тапсырманы орындау:

3.Кез келген шағын мәтінді пернетақтаның қызметін пайдалана отырып көшіріп жазу.

 

Тақырып жоспары:

  1. Пернетақта және оның қысқаша тарихы.
  2. Пернетақтаның құрамды бөліктері және олардың қызметі.

Тұсаукесер тізімі:

            Пернетақта дегеніміз не?

Ø  Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез – келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.

Ø  Қазіргі компьютерлердің 102 – 104 перне болады

                         Пернетақта тарихынан үзінді

      QWERTY – пернетақтаның ең кең тараған түрі

1867 – 1971 ж.ж. Кристофер Шоулздың алғашқы тәжірибелік жазба машиналары әліпби тәртібі бойынша орналасқан пернелердің екі қатарынан тұрған.

 Бұндай тәртіп иіндердің бір – бірімен жиі соғылуына әкеліп соқты. Осы мәселені шешу барысында Кристофер Шоулз пернелердің орналасуын өзгерте отырып, бірнеше рет тәжірибе жасаған. Нәтижесінде ол Ремингтон 1 – ді жарыққа шығарды. Бұл өндірістік мақсатта шығарылған алғашқы жазба машинасы еді, пернетақтада QWERTY тәртібі қолданылған.

 

                                  Пернетақта

1.      Функционалды пернелер

2.      Символдық пернелер

3.      Басқару пернелері

4.      Меңзерді басқару пернелері

5.      Цифрлық пернелер

6.       Түзету пернелері

 

                             Функционалды пернелер

  • F12
    F11
    F10
    F 9
    F 8
    F 7
    F 6
    F 5
    F 4
    F2
    F3
    F1

     Символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасып, латынның
     F (F1,F2…..F12) әрпімен белгіленген пернелер.

 

Қызметі

 
Ø  Күрделі операцияларды тез орындау;

Ø  Белгілі командалар орындау.

 

 

 

                                 Символдық пернелер

  • Пернетақтаның ортасынды орналасып, алфавитті – цифрлық ақпаратты енгізуге арналған.
  • Қызметі

    Пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады.

 

 

Ø  Кез – келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізу.

 

                                 Басқару пернелері

ENTER – Жұмыс істеу кезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған. Нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.

CAPS LOCK – Бұл пернені бір рет басса, бас (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса,қайта кіші әріптер енгізіледі. Бұл кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

SHIFT – Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

BACKSPACE – Алдыңғы символды өшіреді.

 

13 – слайд Меңзерді басқару пернелері

§  Символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған.

  • Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ.

Ø  Симводық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді

Ø   Меңзерді экранда жылжытуға арналған.

 

14 – слайд Цифрлық пернелер

  • Цифрлық пернелер (қосымша пернетақта) олар 10 пернеден тұрады.
  • Қызметі

    Пернетақтада оң жақта орналасқан.

 

 

Ø  Цифрлық ақпаратты компьютерге енгізеді

Ø  Меңзердің экранда қозғалуын басқарады

NUM LOCKПернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.

Қос пернелердің қызметі

ALT+SHIFT – пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру.

CTRL+C – бөлініп алынған керекті объектіні көшіру.

CTRL+V – сол көшірілген объектіні орнын ауыстырып немесе басқа орынға қою.

CTRL+S – терезедегі файлды немесе документті сақтау.

 

 

Кім жүйрік??

Ұзын тұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан

Қандай перне? Қайда орналасқан???

Ешбір белгі қалмайды.

 

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Символдық пернелердің оң жағынды орналасқан пернелер бөлігі қалай аталады?
  2. Пернетақтаның негізгі қызметі қандай?
  3. Пернетақтадағы пернелер саны қанша?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Функционалды пернелер латынның қандай әріптерімен белгіленген??
  2. Жұмбақтың жауабын тап:

Компьютер алдында отырмын мен,

Мәтін термек жайыммен.

Ауысқан екен шет тілге,

Қазақша қаріппен жазар ем,

Енді қандай перне теремін?

.

   бағамдау – бағалау  

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

One Comment

  1. сара says:

    Сабақты әсерлі етіп жазыпсыз.Сізден биік белестерді көруге болады.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master