«Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»

Жаңаөзен политехникалық колледжінің  

«Арнайы пән» оқытушысы:

Калдибаева Маржан Абдикадировна

Сабақтың тақырыбы: «Қаржылық есептілікті құру және ұсыну»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің тақырып бойынша алған біліммдерін, тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: студенттердің шығармашылық, экономикалық өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, ой – өрісімен танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын ояту, эмоцияларын басқаруға, тұлға ретінде өзін – өзі дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі:  Аралассабақ.

Сабақтың технологиясы:Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Ой қозғау, жеке тұлғаға бағыттылған тапсырмалар ұсынылады. Сыни тұрғыдан алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, жаңа ақпаратты өз бетінше қорыта білуге үйренеді.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, талдау, ой туғызу, бағалау.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, құжаттар, тірек сызбалар, шоттар жоспары, калькулятор, төлем құралы болып табылмайтын ақшалар,

Пәнаралық байланыс:Бухгалтерлік есеп, Экономикалық теория негіздері, АҚН (ақша,қаржы,несие), Математика, Қазақ әдебиет.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу.
  • Студенттерді түгендеу.
  • Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
  • Студенттерді екі топқа бөлу.(экономикалық терминдер арқылы)
  • Студенттерге алдын ала бағалау ақша беріледі. Сабақтың әр бөлімінде студенттер 1000, 2000 тг ақшалармен өз білімдерін бағалап отырады.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары:

  1. Бүгінгі оқу іс – әрекет қалай аталады?(қаржылық есеп)
  2. Қаржылық есеп берушілердің пайдаланушылар қатары?
  3. қаржылық есеп мақсаты?
  4. қаржылық есепте өзгеріске қандай өтемділік әсер етеді?
  5. қаржылық есеп қандай элементтерден тұрады?
  6. Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарты?
  7. Қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар қатарына?
  8. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заң қай жылы енгізілді?

ІІІ. Жаңа сабақ түрін «Мағынаны тану әдісі» арқылы түсіндіру.

(«Мағынаны тану әдісі» – жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды.)

Жаңа сабақты үйге берілген тапсырма арқылы ашу.

Жаңа тақырып: «Бухгалтерлік баланс»

Қаржылық есептілікті құру мынадай нысандардан тұрады:

  1. Бухгалтерлік баланс
  2. Табыстар мен шығыстар туралы есеп
  3. Ақша қозғалысы туралы есеп

Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді. «Баланс» термині латын тілінене аударғанда «тепе-теңдік», «таразы» деген мағынаны білдіреді.

Баланс екі бөліктен тұрады: активті және пассивті. Баланс бабы дегеніміз шаруашылық құралдары немесе олардың көздерінің жекелеген аттары.

Баланс активінде: 1. Қысқа мерзімді активтер,

  1. Ұзақ мерзімді активтер бабынан тұрады.

Баланс пассивінде: 1. Қысқа мерзімді міндеттемелер;

2.Ұзақ мерзімді міндеттемелер;

  1. Меншікті капитал.

Актив пен пассив өзара тең болады, өйткені кәсіпорын құралдарының жалпы мөлшері әрқашанда олардың көздерінің жалпы мөлшеріне тең

АКТИВ=КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕЛЕР

КАПИЛАЛ = АКТИВТЕР-МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Мұндай теңдікті баланстық теңдеу деп атайды.

ІҮ. Топпен жұмыс (Мақал-мәтелдер, сұрақтар бойынша бухгалтерлік терминді табады. Жауабын қазақша, орыс тілі мен ағылшын тіліне аудару.)

  1. Иподром ойыны. 1000 тг бойынша бағаланады.

1.«Ақша – ақшаға келеді» (ақша – денег – money)

2.«Еңбек қылсаң ерінбей,

Тояды қарның тіленбей» (еңбекақы-заработная плата – siaty)

3.«Базары жоқ байымас» (табыс – прибыл-profit)

4.«Шығысы шықпай кірісі кірмейді» (шығыс – рассход -consumpion)

2000 тг бойынша сұрақтар жасырылып, бағаланады.

  1. Кәсіпорынның ақшалары кірістелуі мен шығысталуы қандай операциялар есебінде жүреді?(касса – касса – cashbox)
  2. Баланстың қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімінде 3100 шотында не жазылған? (салық – налог – tax)
  3. «Құжат толтыру» (Постер қорғау)

1топ баланс активтері

2топ баланс міндеттемелерін

  1. «Тапқыр болсаң озып көр»

Интеративтік тақтадағы есепті 2 топтан бір студенттен шығып баланс активі мен міндеттемелердің теңдігін тексереді.

  1. «Қызықты ребус» жарыс ойын

Берілген карточкадағы ребусты 2 топ өзара шешіп, шыққан бухгалтерлік терминдерге анықтама береді.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Қаржылық есеп берудегі бухгалтерлік баланс туралы не білдіңіздер?

(әр студенттің жеке ойы).

ҮІ. Бағалау.

  1. Студенттің өзін – өзі қорыта бағалауы.
  2. Жинаған ақшалары бойынша топты бағалау.

 ҮІІ. Үйге тапсырма.

Дәрісті оқып, баланс құрып келу.

Бағалау карточкасы

Бағалау А В С D
1 Студент өзін-өзі бағалауы

Аты-жөні, тегі_________________________

 

       
2 Мұғалім бағалауы        
3 Қорытынды бағалау

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

     

Leave a Comment