Химиялық реакция теңдеулері

Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданы

Асубұлақ ауылы

«Асубұлақ орта мектебі» КММ

Болатова Айжан Болатовна

Сабақтың тақырыбы:  Химиялық реакция теңдеулері

Сабақтың мақсаты: химиялық реакция теңдеулерін жазып және оларды санын санай отырып теңестіріп үйренеді. Алған білімдерін жинақтап, жүйелей отырып, өз беттерінше есеп шығарады, тақырыпты тереңірек меңгереді, ұжымшылдыққа тәрбиеленеді.

Негізгі идеялар:химиялық реакция теңдеулерінің жазылуы

Күтілетін нәтиже: жекеше, жұппен, топпен жұмыс жасай отырып,тақырыпты тереңірек меңгереді

Көрнекіліктер мен материалдар: презентация, кеспе қағаздар,маркер,түрлі-түсті фишкалар

Оқыту әдістері: сабаққа мақсат қою, түсіндіру, есептер шығару, бағалау, кері байланыс

Сабақ кезеңдері және тапсырмалар:

1.Ұйымдастыру (сәлемдесу, сабаққа дайындау)

  1. Жаңа сабақ түсіндіру

– жаңа сабақ түсіндірмес бұрын оқушылардың өздеріне  сабақтың мақсатын қойғызу (мұғалім ақ қағазға жазып тұрады).

– мұғалімнің сөзі: Біз ең алғаш  әліппені  оқығанда әріптерді оқыдық, одан кейін сөздерді оқыдық, одан кейін сөйлем құрап жаздық.  Сол сияқты химия пәнін оқығанда ең бірінші таңбалар мен таныстық, одан соң валенттілік арқылы формула құрастырдық, енді балалар  таңбалар арқылы химиялық теңдеу жазып үйренеміз.

– өткен сабақты қайталау (бір оқушы шығарып бір-екі таңба жазғызу, бір оқушы шығарып бір-екі формула жазғызу валенттіліг бойынша)

– теңдеу жазу; теңдеу жазу қағидалары слайдта көрсетіліп тұрады  және мұғалім түсіндіріп өтеді;

Қағидалар:

  1. Теңдеудің сол жағына реагенттердің формулалары жазылады,олардың өзара әрекеттесетінін көрсететін қосу (+) таңбасы қойылады,және жаңа өнімге айналу бағытын көрсететін бағдаршам қойылады;
  2. Теңдеудің оң жағына реакция нәтижесінде түзілетін өнімдердің формуласы жазылады;
  3. Бастапқы реагенттердің атомдарының саны мен өнімдердің атомдарының саны тең болу керек. Осыған орай теңдеуде жазылған заттардың химиялық формуласының алдына коэффициенттер қойылады.

2H2 + O2 = 2H2O теңестіргенде бірінші оттегіден бастап санаймыз

4AL + 3O2 = 2AL2O3

2Ca + O2=2CaO мұнда реакцияға дейінгі заттарды реагент дейміз, реакциядан кейін шыққан заттарды өнім дейміз.

Химиялық реакция теңдеуі анықтамасын оқушыларға айтқызу. Оқушылардың айтқанын мұғалім жүйелеу.

Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз– химиялық реакцияны химиялық таңбалар және химиялық формулалар арқылы шартты түрде жазу.

  1. есеп шығару (оқушыларды жұппен тақтаға шығару арқылы есеп беру)

1 жұп:

– азот пен оттегін әрекеттестір: 2N2+3O2=2N2O3

2 жұп:

Фосфор мен оттегін әрекеттестір: 4P+3O2=2P2O3

3 жұп:

Мыс пен оттегін әрекеттестір: 2Cu+O2=2CuO

4 жұп: темір мен оттегін:          Fe +O→FeO

  1. топпен жұмыс ( оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу, электронды тақтада көрсетілген есептерді топпен орында отырып шығару, шығарғандарын екі топ бір-біріне беріп тексеру)

реакция теңдеулерін жазып, коэффициенттерін қойып теңестір.

1 топ:

Калий және оттегі                  2K+O2→ 2K2O

Фосфор (V) және оттегі        4P +5O2→2P2O5

Күкірт (VI) және оттегі         S+O2→SO2

2 топ:

Натрий және оттегі            4Na + O2→2Na2O

Магний және оттегі           2Mg +O2→2MgO

Күкірт (IV) және оттегі      2S+3O2→2SO3

5.сергіту сәті

1 топ 5 әріптен тұратын элементтерді атау (алтын, барий,калий, күміс,оттек, сутек, сынап,темір, мырыш,)

2 топ 4 әріптен тұратын элементтерді атау (азот, бром,фтор, хлор)

 6.ойлан, тап (химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын  қойып, коэффициенттерін жазыңдар )

1 топ:

…+O2→CuO2                            2Cu + O2→2CuO

…+ … →Na2S                  2Na + S→Na2S

…+CI2→ZnCI2                         Zn + CI2→ZnCI2

           2 топ:

…+ O2→Fe2O3                    4Fe +3 O2→2Fe2O3

… +… →KBr                 2K+Br2→2KBr

… + CI2→AICI3                    2AI + 3CI2→2AICI3

  1. химиялық реакция теңдеуі тақырыбына кластер құрау
  2. рефлекция (парақ толтыру)
Бүгінгі сабақтан не білдіңдер Не қиын болды
Не оңай болды Нені түсінбедің

  1. үйге тапсырма:
    химиялық реакция теңдеулерін оқу, № 5,6 есепті шығару

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment