Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатта музыка-ритмика пәнінің жүргізілу ерекшелігі

 Бекенбаева Ақсұлу Ергешбайқызы

Музыка – ритмика пәні мұғалімі, Дефектолог

Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының  «Тілінде ауыр  кемістігі бар балаларға арналған  облыстық арнайы  мектеп-интернат»   коммуналды мемлекеттік мекемесі

       Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатымызда, түзете-дамыта оқыту жүйесінде, білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компоненттерін сақтай отырып, оқытудың түзете-дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Аталған жүйеде эстетикалық цикл пәндеріне (логопедия, ырғақ, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене тәрбиесі) нақты тәжірибе негізінде алынған білімге үлкен мән беріледі.

Ритмика сабағының негізгі міндеттері балалардың музыкаға, өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

Музыкалы ритмиканың негізгі қағидасы қимыл-қозғалыстың музыкамен байланыстылығында. Музыканы таңдауға үлкен  көңіл бөлінеді.

Ритмика пәнінің мақсаты: балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады. Жаңарған қоғам жағдайын жас ұрпақтарды тәрбиелеу жүйесінде  адамгершілік тәрбиенің бір саласы-рухани танымдық, эстетикалық тәрбие болып табылады.

Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру – адамгершілік тәрбиенің ажырамайтын бір бөлігі.

Тәрбиелік және білімділік міндеттері музыка өнері арқылы  шешіледі.

Музыка – жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін  образды бейнелейтін, диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып,  өмір қайшылықтарын әсерлі дыбыстардың ұйқаса үндесуінің жиынтығы.

Адамның жан-күйін тәрбиелейтін, рухани танымдық негіз қалыптастыратын,  эстетикалық қабілет, сенсорлық мәдениетке баулитын құралдың бірі – музыка.

Музыка – рухани танымдық тәрбиенің негізгі бір құралы. Музыка оқушыларға   моральдық тәрбие берумен қатар баланың ой-өрісін, ішкі сезімі мен есту сезімін

тәрбиелеп дамытады. Өмірде болып жатқан оқиға мен түрлі табиғат құбылыстарына деген сезімі артады. Музыка – жаңа ұрпақты сергек, жігерлі, өз   ісіне сенетін етіп тәрбиелеудің құралы.

Әрбір әнде берілетін халқымыздың ән туралы сүйіспеншілігін, халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғаларын, арман мен мақсатын, өмірге деген сүйіспеншілігін жастарға жеткізе білу әрбір мұғалімнің міндетіне айналуға тиісті.

Музыканы, әнді тыңдауды бала жастайынан сүйеді. Ол – баланың жан дүниесіне, көңіл күйіне, көркемдік сезімдеріне зор эмоциялық әсер етеді.

Әрбір жанұя мен мектеп баланың «музыкалық құлағын» (сезімін) ертеден тәрбиелеп, олардың жас ерекшеліктеріне лайықты әнге деген ынтасын арттыруға міндетті. Демек, баланы алдымен отбасында, одан мектепте әнге үйрету дұрыс  ұйымдастырылғанда ғана іс нәтижелі болмақ.

Қазіргі қоғамда музыка өзінің жоғары идеялылығы, әсерлілігі мен мазмұны арқылы оқушылардың идеялық көзқарасын, қоғамға, отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастырады, сондай-ақ ол өмір құбылыстарын дұрыс түсініп, дұрыс  қабылдауға, оны жадында сақтауға жәрдемдеседі. Музыка арқылы балаларға, оқушыларға берілетін рухани танымдық тәрбие отбасында, сыныптағы сабақтарда,  мектептен тыс жұмыстарда жүргізіліп отырады.

Тілінде кемістігі бар балалаға арналған мектеп-интернаты, түзете-дамыта оқыту  жүйесінде білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компоненттерін сақтай отырып, оқытудың түзете-дамытуға бағытталуымен  ерекшеленеді.

Ырғақпен музыка сабағының негізгі міндеттері балалардың музыкаға, өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

Ритмика пәні бойынша өткізілген сабақ үлгісін тәжірибе алмасу ретінде ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Жүру барысында жалаушалармен орындалатын жаттығулар

Мақсаты: Жалаушамен жүру ,жүгіру. жаттығуларын  жасауды  үйрену. Оқушыларды ойын

мазмұнымен таныстырып, оны   үйрету.Түрлі   логопедиялық мәтіндерді пайдалана

отырып  сергіту жаттығуларын   жасату арқылы тілдерін ширату, сөздік қорларын

молайту.Кеңістікте  жазықта, өзін-өзі бағдарлауға,қимыл- қозғалыстың   үйлесімділігін

саусақтардың ұсақ  қимылдарын қалыптастыру.Зейіні  мен сөйлеу тілін   дамыту.

Оқушылардың есту,есте сақтау, ойлау,көру, сөйлеу  қабілеттерін арттыру.Түрлі

ойындар, сергіту сәттерін жасату.  Оқушыларды  ептілікке, икемділікке, достыққа,

сымбаттылыққа, әсемділікке,татулыққа, тәртіптілікке, шапшаңдылыққа, шеберлікке

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үнтаспа, түрлі түсті ленталар, жалаушалар  сылдырмақтар, шеңбершелер,доптар.т.б

Сабақ барысы:

І. Сапқа тұру, сәлемдесу     .

Қолдарымызбен іс-қимыл жасаймыз.

Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Үлкенге де бүгін сіз,

Кішіге де бүгін сіз,

Баршаңызға құрметтеп,

Бас иеміз бүгін біз. (түрлі түсті ленталар)

ІІ. Шеңбер бойымен жүру.

ІІІ. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.(Түрлі логопедиялық мәтіндерді пайдалана отырып)

Диоганаль бойымен жүру.

–   Жыланша жүру.

–  Аяқ ұшымен жүру,өкшемен жүру. (шеңбершелер,доптар)

ІV.РГЖ- кешені.Дене ,қол, аяқ ,бас қимыл үйлесімділігіне арналған жаттығулар кешені.

3-5 минут.      Қозғалыссыз өмір жоқ,

Би сүймейтін бала жоқ.

Қаражорға биін билету.

Жалаушалар ойыны.

Көгілдір жалауша——-шапалақтау,

Жасыл жалауша———тебіну,

Сары жалауша———үндемеу,

Көк жалауша——–Ура деп айқайлау.

Түсті жалаушалармен орындалатын жаттығулар.

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса- жаса алтын күн,

Жаса – жаса арай күн

Құлақ- мұрын ойыны.

Балалар отырады. Қызыл жалауша оң қол мен сол құлақ, көк жалауша сол  қолмен оң құлақ,

сары жалауша оң құлақ пен сол құлақты қолды  айқастырып ұстау.Кім көп қателессе, сол

айыбын өтейді. (Ән айтып,би билеу,т.б)

Тыныс алу жаттығуы. Балта

Балалар тұрады.Аяқтарын алшақ қойып, қолын төмен түсірген, бармақтарды бір-бірімен

айқастырады. Қолды тез көтеріп, тыныс алу. Алға қарай еңкею, ауыр балтаны ақырындап

төмен түсіреді.Тынысты ептеп шығарып, «Ух» деп дауыстау керек.

Сабақтың соңы: Оқушылар сап түзеп, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап

марапаттау.

Сабақтың тақырыбы: Қобызға арналған күйлер. Қорқыт-күй атасы.

Білімділік мақсаты:  Қобызға арналған күйлер. Қорқыт- күй атасы

жайлы түсінік беру. Қобыз аспабы мен таныстыру. Қорқыт туралы аңыз айтып беру.

«Қорқыт кесенесіне саяхат» бейне таспаны тамашалату. Психологиялық дайындық

кезеңін жасау. Ән айту, сөйлеу ережелерін еске түсіру. Ән ұранды орындату. Сергіту

сәтін жасату. Тілдерін ширату. Сөздік қорын молайту. Сөзжұмбақ, жұмбақ шешу.

Тәрбиелік бағыты: Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой-өрісін   кеңейту. Балаларға

музыкалық, эстетикалық рухани тәрбие беру.

Көрнекілігі:   Үнтаспа, Қорқыттың суреті, Қобыздың суреті, сөзжұмбақ,  аспаптар суреттері,

Қорқыт кесенесі жайлы бейне таспа,  жаңа  сөздер.

Сабақ барысы:

                           І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпқа оқушыларды түгелдеп қатыстыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.

Психологиялық дайындық кезеңін   жасау.

Ән айту сөйлеу ережелерін еске түсіру.   Ән ұранды орындату.

Бүгін бізде ән сабағы,

Барлық бала ән салады,

Тыңдағандар қол соғады,

Таң қалысып тамсанады.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы.

Қызық-ау,әсіресе ән сабағы,

Апайға ән үйреткен риза болып,

Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз.

ІІ. Үй тапсырмасы.

-Дәулеткерей Шығайұлы кім?

Ол күйші композитор

-Күй дегеніміз не?

Күй дегеніміз аспапта орындалатын музыкалық шығарма.

-Күй қандай аспапта орындалады?

Домбыра, қобыз музыкалық аспаптарда орындалады.

-Дәулеткерейдің қандай күйлерін білесіңдер?

-Қосалқа (күйде сұлу қыздың бейнесі, әдемі жүрістері, алқаның сылдыры естіледі.)

-Үйренген әнді орындау.     Асыл ана.(топпен)

Сергіту сәті:

Армысың досым,

Кел, маған қосыл.

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры

Құшаққа оны алайық.

(музыка көмегімен іс-қимыл жасау).

Жаңа сабақ:    Қобызға арналған күйлер.

Қорқыт – күй атасы.

Қобыз туралы мәлімет.

Қазақтың халық аспаптар түрлелі. Ішекті аспаптарға домбыра, қобыз, жетіген жатады. Біздің бүгінгі танысатын аспабымыз «қобыз» аспабы. Шанаға кеспек ағаштан шауып жасалатын, көне ішекті аспап. Ертеде қобыздың ішектері малдың кептірілген ішегінен, ал садаққа ұқсас ыспасы аттың қылымен тартылады. Дәстүрлі түсінікте қобыз аспабы, қобыздың  аты аңызға айналған Қорқытпен байланыстырып, сиқырлы күші бар бақсылық аспабы деп танылды. Қобыздың атасы Қорқыт көне қазақ жері сыр өңірінде VIII-IX ғасырда өмір сүрген. Оның Қорқыт атануы Қорқытты анасы үш жыл бойы құрсағында көтеріп, босанған кезде,аспанды қара құйын басып кетеді, айнала көзге түртсе көргісіз болады және де адамға ұқсамайтын кебенекте туып, ел қорқып қашып кетеді. Кейін кебенек жарылып, адам нәсілді баланы көріп, халық қайта оралып оның атын Қорқыт қояды. Қорқыт туралы аңыздар көп. Оның өмірінен, ажалмен арпалысуы. Қай жерге барса да, Қоқыттың көрі деген сөз қалған. Қорқыт өлмейтін жер іздеп дүниені кезіп кетеді. Бірақ барлық жерде де өзіне қазылған көрді көріп, Сырдарияның жағасындағы «жер ұйықта» қобызын тартып отырады.

Бірде көзі ілініп, ұйықтап кеткенде оны жылан шағып өлтіреді.( аңыз)

Қорқыттың артында көптеген күйлер қалды. Олар: «Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Әуіппай», «Қоңыр», «Желмая», т.б.

Ал, енді біз бейне таспаны тамашалайық.

– Қорқыт күй атасы.

– Қорқыт кесенесі Қызылорда облысынды орналасқан.

– Қорқыт Сыр өңірінде  VIII-IX ғасырда өмір сүрген.

– Қорқыттың кітабы туралы мағлұмат.

– Қорқыт ата кітабының көне нұсқасы.

– Кітаптан үзінді: «Тәкаппарлықты тәңірі сүймес».

Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас.Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді.Өтірік сөз өрге баспайды.  Дәулетті ұл – ошақтың қоры,Дәулетсіз ұл – атаның соры. т.б.

Нақыл сөз. Қорқыт ата.

«Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді».

Қобыздың түрлері:

1.Қобыз – жаңа түрі.

2.Қыл қобыз – көне түрі.

Енді Қорқыт кесенесіне саяхат жасайық.

Кесенеге кіре берісінде «тұмарша» орналасқан. Кесене жолында. Әулие жер болғандықтан пітір салу орны бар. Төрт түлік пірі – «Шопан ата». Қобыз үні естіліп тұрады.

Бұл –  «жерұйық». Жерұйықты айнала дөңгеленіп тұрған оюлармен көмкеріліп безендірілген жыланның белгісі. Қорқыттың намаз оқитын орны.

«Қорқыт қайда барса да Қорқыттың көрі болған» деген аңыз бар. Сондықтан да Кесене айналдыра жыланмен қоршалған.Ниет тілектеріңіз қабыл болсын! Осымен саяхатымыз аяқталды.

Сабақты қорыту: Сұрақ және сөзжұмбақ арқылы қорыту.

Қандай ішекті аспаптарды білесіңдер?

Қобызбың түрлері.

Қорқыттың қандай күйлері бар?

Бүгін біз қандай бейнетаспаны тамашаладық?

Сөзжұмбақ.

1.Қобыз атасы. (Қорқыт)

2.Дәулеткерей күйі. (Қосалқа)

3.Ішекті аспап. (Домбыра).

4.Қобыздың көне түрі. (Қылқобыз).

5.Кесене қай облыста орналасқан?                                      (Қызылорда)

Оқушы білімін бағалау: Сабаққа жақсы қатысып, сұрақ-жауап беріп

отырған оқушы білімін мақтап, марапаттау, бағалау.

Үй тапсырмасы: Қорқыт – күй атасы. Қобыздың суретін салып келу.

Сабақтың соңы: Қоштасу жылылығы.  Оқуш

Сабақтың соңы: Қоштасу жылылығы.  Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап дөңгеленіп тұрады. Мұғалім:«Бір-біріңнің қолдарыңнан жылылық сезініңдер. Бір-біріңе жылылық сыйлаңдар деп айтады».

9

ылар бір-бірінің қолынан ұстап дөңгеленіп тұрады. Мұғалім:«Бір-біріңнің қолдарыңнан жылылық сезініңдер. Бір-біріңе жылылық сыйлаңдар деп айтады».

Leave a Comment