Жаңақала ауданындағы құстар класы

 %d1%8d  ЖАБЖТ және экология орталығының қосымша білім беру педагогы Э.Қ.Қайыржанова

 Аңдатпа

Бұл мақалада Жаңақала ауданының құстар классы және түрлері,атаулары туралы мәлімет беріледі.

                              Жаңақала ауданындағы құстар  класы

 Денесі қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жоғары сатыда дамыған омыртқалы жануарлардың бірі – құстар. Құстарды алғаш рет – 150млн жыл бұрын мезозой эрасының юра кезеңінде дүниеге келді. Құстардың ұшуы эволюциялық дамудың жемісі, соның нәтижесінде дүние жүзіне таралуына мүмкіндік алды.

Қазіргі кезде құстардың 8,8мың түрі белгілі, олар 100 млр-тан астам даралар, әрбір адамға шамамен 25 құстан келеді.

Қазақстанда  495 түрі кездеседі. Құстардың Батыс Қазақстан облысында 18 отрядының 314 түрі тіркелген, республика орнитофаунасының 65% құрайды. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар құстардың 41 түрі енген /9 отрядтан/.

Құстар бауырымен жорғалаушыларға жақын, олардың ұшуға бейімделген прогрессивті белгілері мыналар: жоғары деңгейде дамыған жүйке; қазіргі әртүрлі тіршілік икемділігіне қарай мінез-қылығы; тұрақты және жоғары деңгейде дене температурасы; қарқынды зат алмасуы; ұшуға бейімділігі; жерде жруге және өрмелеуге қабілеттілігі; көбеюі жетілген жұмыртқаларын басып шығарады және ұрпағына қамқорлығы дамыған.

Осы ерекшеліктері құстардың дүние жүзіне таралуына және әртрлі мекендерді қоныстануына ықпал жасады.

  

Кесте 1

 

Жаңақала ауданындағы   құстардың  түрлері

 

Жаңақала ауданында құстардың 71 түрі кездеседі соның ішінде суда  33, жазық далада 14,  жыртқыштар 11,  батпақта 7, ағашта 6 түрі кездеседі.

 

Қазақша Орысша Латынша Мекендейтін жері
1 Лашын сапсан Falco peregrinus Жыртқыш
2 Сұқсыр үйрек чомга Podiceps cristatus Суда
3 Жалбағай колпица Platalea leucorodia Батпақ
4 Аққұтан Цапля рыжая Azdea purpuzea Суда
5 Ұзынсирақ балшықшы Хoдyлочник Himantopus himantopus Суда
6 Мамырқұс Перевозчик Actitis hypoleucos Суда
7 Шырғалақ Веретенник большой Limosa limosa Батпақ
8 Қылаңқарабас шағала Хохотун черноголовый Larus ichthyaetus Суда
9 Қызылжемсаулы қарашақаз Казарка краснозобая Branta ruficollis Суда
10  Сарыала қаз Огарь Tadorna ferruginea Суда
11 Бізқұйрық үйрек Шилохвость Anas acuta Суда
12 Қызылбас Краснобаш Nettarufina Суда
13 Дала күйкентайы Пустельга степная Falco naumanni Жыртқыш
14 Дала қыраны Орел степной Aquila nipalensis Жыртқыш
15 Дала құладыны Лунь степной Circus macrourus Жыртқыш
16 Безгелдек Стрепет Tetrax tetrax Жазық дала
17 Кіші қарқылдақ Крачка малая Sterna albifrons Суда
18 Көк кептер Голубь сизый Columda livie Жазық дала
19 Кәдімгі көкек Кукушка обыкнавенная Cuculus canorus Ағашта
20 Алтынжон аражегіш Щурка золотистая Merops apiaster Жазық дала
21 Аққанат бозторғай Жаворонок белокрылый Melanocorypha leucoptera Жазық дала
22 Шырылдауық айқабақ Камышовка дроздовидная Acrocephalus arundinaceus Ағашта
23 Сұр аққұры Куропатка серая Perdix perdix Жазық дала
24 тырду Авдотка Burhinus oedicnemus Жазық дала
25 Бірқазан Пеликан Pelecanus Суда
26 Сұржақ сұқсыр Поганка серощекая Podiceps griseigena Суда
27 Көлбұқа Выпь большая Botaurus stellaris Батпақ
28 Сұр құтан Цапля серая Ardea cinezea Суда
29 Балшықшы  сауысқан Кулик-сорока Haematopus ostalegus Суда
30 Шөпілдек Травник Tringa totanus Суда
31 Көк шағала Чайка сизая Larus canus Суда
32 Сұңқылдақ аққу Лебедь-кликун Cygnus cygnus Суда
33 Сұр қаз Гусь серый Anser anser Суда
34 Жалпақтұмсықты үйрек Широконоска Anas clypeata Суда
35 Даурықпа шүрегей Чирок трескунок Anas querquedula Суда
36 Қызылбас сүңгуір Нырок красноголовый Aythya ferina Суда
37 Құйымшақ Копчик Falco vespertinus Жыртқыш
38 Аққұйрықты субүркіт Орлан белохвост Haliaeetus albicilla Жыртқыш
39 Шалғын құладыны Лунь полевой Circus pygargus Жыртқыш
40 Шаушүрілдек Зуек малый Charadrius dubius Батпақ
41 Қара қарқылдақ Крачка черная Chlidonias niger Суда
42 Кәдімгі түркептер Горлица обыкнавенная Streptopelia ағашта
43 Қара сұр қарлығаш Стриж черный Apus apus Жазық дала
44 Құлақты бозторғай Жаворонок рогатый Eremophila alpestris Жазық дала
45 Қара бозторғай Жаворонок черный Melanocorypha yeltoniensis Жазық дала
46 Жолақбас айқабақ Камышовка барсучок Acrocephalus schoenobaenus ағашта
47 Ақбас тырна Журавль красавка Anthropoides virgo Жазық дала
48 Үлкен суқұзғыны Баклан большой Phalacrocorax carbo Суда
49 Қарамойын сұқсыр Поганка черношейная Podiceps nigricollis Суда
50  Үлкен аққұтан Цапля белая большая Egretta alba Батпақ
51 Қызғыш Чибис Vanellus vanellus Батпақ
52 Үлкен шалшықшы Кроншнеп большой Numenius arquata Суда
53 Тауқұдірет Бекас Gallinago gallinago Батпақ
54 Кіші шағала Чайка малая Larus minutus Суда
55 Сыбырлақ аққу Лебедь-шипун Cygnus olor Суда
56 Италақаз Пеганка Taborna taborna Суда
57 Барылдауық үйрек Кряква Anas platyrhynchos Суда
58 Ысылдақ шүрегей Чирок свистунок Anas crecca Суда
59 Үлкен бейнарық Крохаль большой Mergus merganser Суда
60 Жағалтай Чеглок Falco subbuteo Жыртқыш
61 Шалғын құладыны Лунь луговой Circus purgargus Жыртқыш
62 Батпақ құладыны Лунь болотный Circus aeruginosus Жыртқыш
63 Қылаң шағала Чайка серебристая Larus argentatus Суда
64 Дыркептер Вяхирь Columba palumbus Ағашта
65 Құлақты жапалақ Сова ушастая Asio otus Ағашта
66 Бәбісек Удод Upupa epops Жазық дала
67 Шабындық бозторғай Жаворонок полевой Alauda arvensis Жазық дала
68 Дала бозторғайы Жаворонок степной Melanocorypha calandra Жазық дала
69 Тілеміш Курганник Buteo rufinus Жыртқыш
70 Қасқалдақ Лысуха Fulica atra Суда
71 Шүрілдек Зуек галстучник Charadrius aticula Жазық дала

 

Жаңақала ауданында кездесетін құстардың 14 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына  енген: бұйра бірқазан, лашын, ақбас-тырна, қылаңқарабас шағала, безгелдек, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, дала қыраны, сарыала қаз, жалбағай,  тілеміш,  жалпақтұмсықты үйрек, аққұйрықты субүркіт, дуадақ.

Қорытынды

– Жаңақала ауданындағы сирек кездесетін құстарды, Жалтыркөл қорықшасын  сақтау керек.

 

 

 

Қолданылған әдбиеттер

 

  1. Джубанов А.А. Климат // Природно-ресурсный потенциал и проекируемые обьекты заповедного фонда Западно-Казахстанской области Уральск 1998.
  2. Иванов В.В. Физико-географический очерк Западного Казхстана// Географический сборник. М;Л.,1953 Вып.2.
  3. В.М.Константинов, В.Г.Бутьев,Е.Н.Дери-Оглу «Позвоночные животные и наблюдения за ними в природе» Москва изд центр «Академия» 1999
  4. Т.Е. Дарбаева «Конспект Флоры меловых возвышенностей северо-западного Казахстана» Уральск 2002
  5. Ковшарь А.Ф. «Мир птиц Казахстана» Алма-Ата «Мектеп»1988
  6. Дебело П.В. Булатова К.Б. Животные Западно-Казахстанской области. Позвоночные.Насекомые. Уральск 1999
  7. Олжабекова К.Б. Есжанов Б.Е. «Омыртқалылар зоологиясы» Алматы 2007
  8. Байдулова Л.,Булатова Қ., Қарағойшин Ж. «Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі» Орал, 2002
  9. Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени және табиғат мұралары ескерткіштері Жаңақала ауданы М.Н.Сдыков т.б. Орал-2007

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment