Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырларға жалпы сипаттама

Маңғыстау ауданы
Жаңаөзен қаласы
№11 орта мектеп
Мұғалім аты-жөні: Ибанаева Нуржамал  Бисенбековна


Сабақтың тақырыбы:
Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы  балдырларға жалпы сипаттама

Сабақтың  мақсаты: Балдырлар,олардың әртүрлілігі,біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршлік әрекеті жөнінде түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі:
Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ  арқылы  анықтау
Дамытушылығы: Оқушыларға қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Сөздік қорын ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс, слайд суреттер, үлестірмелі парақша, микроскоп,зертханалық құрал-жабдықтар ,зерзат,электронды оқулық.
Сабақтың әдісі: жеке жұмыс,топпен жұмыс, сұрақ  жауап

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
Сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
2. Үй тапсырмасы
«Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы
1 Өсімдіктерге тән қандай ортақ белгілер бар?
2 Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?
3 Түр дегеніміз не?
4 Жіктеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде?
5 Өсімдіктер қалай жүйеленеді?
6 Жыныссыз  көбею деген не?
7 Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі?
8 Төменгі сатыдағы  өсімдіктердің жоғарғы сатыдағы  өсімдіктерден  қандай айырмашылығы бар?
3.Жаңа сабақ.
Теңізде өсіп тұған ол бір орман,
Жел соқса теңіз үшін болған қорған.
Ризоиды  арқылы бекінеді,
Ертеден халық бұдан йод алған.
Бұл не?-                                                    (Балдыр)

«Миға шабуыл»(Оқушыларға сұрақ қоя отырып пікірлерін тыңдау)
-Балдырлар туралы не білесіңдер?
-Балдырлар қайда тіршілік етеді?
Балдырлар мұхит,теңіз,көл,өзендерде  және тоқтау суларда ,ылғалды топырақта суларда тіршілік етеді. Олардың біржасушалы,шоғырлы,көпжасушалы түрлері болады.Көпжасушалы өкілдерінің  денесін таллом (қатпаршақ ) деп атайды. Талломда ұлпалар және вегетативті мүшелер болмайды. Таллом-грекше  «таллос»-өсінді,қатпаршақ. Балдырлардың жасуша қабықшасы жақсы жетілген. Жасушасы көбіне бір ядролы. Цитоплазмасында  оргоноидтары және вакуолі болады. Жасушасында түс беріп тұратын  хроматофорлары біреу,екеу кейде оданда көп болады. Балдыр  жасушасындағы хлоропластарды  -хроматофор  (гр. «хромос»-бояу,бояулы) дейді. Хроматофордың түстері әртүрлі. Табиғатта жасыл,қызыл,қоңыр балдырлар кездеседі. Хроматофордың пішіні тақта,білезік,жұлдыз,астауша,дән,таспа тәрізді  болып келеді.

Біржасушалы жасыл балдырлар бұдан 1,5  млрд жыл бұрын пайда болған. Жасыл балдырлардың бір өкілі-хламидомонада. Ол тоқтау суларда тіршілік етеді.  Хламидомонаданың жасуша қабықшасы  негізгі жасунықтан  тұрады. Жасушасында цитоплазмасы,ядросы,терең астау  тәрізді  жасыл  түс беріп  тұратын  хроматофоры бар. Жақсы жетілген екі талшығы, алдыңғы жағында  жиырылғыш  вакуолі  және  қызыл  көзшесі  болады.

Хлорелла да  біржасушалы  жасыл  балдырларға  жатады.  Хламидомонаданың  құрылысынан айырмашылығы  -хлорелланың   тез  қозғлатын  екі   талшығы әрі  қызыл  көзшесі  болмайды.  Жасыл  түс беріп  тұратын  хроматофоры  жазық  астау  тәрізді.  Олардың  бұл  ерекшеліктері   бірімен-бірі  туыстық  жақын  екенін  көрсетеді. Хлорелланың  тағы  бір айырмашылығы  ол тек  жыныссыз-жасушасындағы протоплазма  бірнешеге   бөлініп,әрқайсысынан  талшықсыз  спорала   түзіп көбейеді.Әр спора ұлғайып    өсе келе,ересек  хлореллаға   айналады. Пайда   болған  хлорелла бір  тәулік   өткен соң көбейе алады.

Көпжасушалы жасыл балдырлар. Тұщы су қоймаларында,теңіз суында  жасыл түс беретін   біржасушалы  және көпжасушалы   балдырлардың   сан   алуан  түрі   тіршілік  етеді.  Табиғатта  жасыл  балдырлардың   13 мың түрі бар деп  саналады. Солардың бірі –спирогира. Спирогира –жібі  бір қатарға   орналасып, ұзын  жасушалардан  құралған  көпжасушалы  балдыр. Ол өзге  балдырлармен  бірге жиналып , суға жасыл түс береді. Спирогира қолға  алғанда  жібектей жұмсақ болып сезіледі.

Көпжасушалы  жіп  тәрізді жасыл  балдырлардың  екінші түрі- улотрикс. Улотрикс  ағын су  түбіндегі  заттарға  бекінеді.  Су түбіндегі  қайыр-балшықтың  бетін жауып  жатады..Ол бірқатар қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді болады,төсемікке бекініп  өседі.

 

Жаңа сөздермен жұмыс

1.Таллом  төменгі сатыдағы өсімдіктердің (балдырлар,саңырауқұлақтар,
қыналар) денесі.

2.Хроматофор (гр. «хромос» бояу,бояулы) жасушасында балдырға түс беріп тұратын хлоропластар.

3.Гамета (гр. «гамете») аталық және аналық жыныс жасушалары.

4.Зооспора  жыныссыз көбейту үшін пайдаланылатын балдыр және кейбір саңырауқұлақтардың жасушалары

5.Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат.

6.Фитобентос   (гр. phyton – өсімдік, bentos — тередік) — өзендер мен су қоймалардың түбінде өсетін түтік өсімдіктер, өсімдіктекті организмдер жиынтығы.
1-тапсырма. «Ассосация  құрау» Балдыр сөзіне.

1.Су,топырақ,ағаш діңі.

2.Біржасушалы,көпжасушалы,шоғырлы.

3.Өсімді,жынысты,жыныссыз

  1. Қызыл,қоңыр,жасыл

5.Бояу алынады, 1,5 млрд бұрын пайда болған.

    2- тапсырма «Топтық жұмыс» Постер қорғау

1-топ. Хламидомонада
2-топ. Хлорелла
3-топ. Спирогира
4-топ. Улотрикс

 

 

«Сыңарын тап»
1. Таллом 1 Өсімді, жынысты және жыныссыз жолмен
2 .Хроматофор 2 Теңіз, мұхиттар жағалауындағы тіршіліктің көзі, жан-жануарлардың мекені
3 .Хроматофорлар  түстері 3 Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі
4 .Балдырлар 4 Екі талшығы, алдыңғы жағында жиырылғыш вакуолі және қызыл көзшесі болады
5 .Хламидомонада 5 Балдыр жасушаларындағы хлоропластар
6 .Хлорелла 6 Жасыл, қоңыр, қызыл болады
7 .Хлорококк 7 Ғарышқа ұшырылған балдыр
8 .Балдырлар көбейеді 8 Қалдықтары шіріп, топырақ түзуге қатысады

3-тапсырма «Сыңарын тап»

»

4-тавв

Ж «

Жауаптары: 1-3,2-5,3-6,4-2,5-4,6-7,7-8,8-1.

 

4-тапсырма. « Ойлану баспалдағы»   4 сөзге сұрақ дайындау

  1. Балдыр Балдырлардың тіршілік ортасы?
  2. Таллом Таллом дегеніміз не?
  3. Хроматофор Хроматофор түрлері?
  4. Спирогира Спирогира дегеніміз?
  1. Үй тапсырмасы
    §32 Оқып келу. Сұрақтар дайындап, балдыр туралы  реферат  жазып келу.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment