Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір

 Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,

Ұялы ауылы, Ұялы негізгі мектебі

Боштаева Гульзира Төлепбергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқшау сөздер және оның түрлеріне тоқтала отырып, оған үтірдің  қойылу

ерекшеліктерімен таныстыру.  Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету

арқылы сауатты жаза білуге жұмылдыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жұппен, топпен жұмыс жасай білу арқылы бірін-бірі тыңдай

білуге, өзгенің пікірімен санаса білуге баулу, сөйлеу мәдениетіне төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын дәлелдей

білу дағдыларын жетілдіру, грамматикалық сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: СТО технологиясы бойынша жұппен, топпен жұмыс жасау, өздік жұмыс, сұрақ-жауап, талдау әдістері

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, ән-күй, өзін-өзі тану

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, кесте, қима қағаздар, венн диаграммасы, тест тапсырмалары, бейнефильм, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

(Психологиялық жаттығу)

Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз.

 

«Түрлі түстер» тесті

Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау.

Негізгі түстер:

Көк – тыныштық, қанағаттанарлық.

Жасыл – өзіне сенімділік, табандылық.

Қызыл – күштілік, агрессия, қозу.

Сары – белсенділік, көңілділік, қарым-қатынасқа ұмытылу.

Кезекші кім екенін анықтау.
– Әрбір адам? – Туысым, досым, жұрағат.
– Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
– Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
– Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
– Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Әрбір ісімізге мұқият болайық.
Бағалау парақшаларын таратып, шартын түсіндіру.

Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Алғыс сөз»

Сұрақтар

1.Тыныс белгісін зерттейтін ілім не деп аталады?

2.Негізгі тыныс белгілеріне қандай тыныс белгілер жатады?

3.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін ата.

4.Нүкте қандай жерлерде қойылады?

5.Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай?

6.Үтір қандай жерлерде қойылад?

7.Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? Оған қандай тыныс белгісі қойылады?

8.Айқындауыш мүше дегеніміз  не? Айқындауыштың неше түрі бар?

9.Оңашаланған айқындауышқа қандай тыныс белгісі қойылады? Мысал келтір.

Алғыс сөздер айту (оқушыларға)

Жақсы, өте жақсы дайындалып келіпсіңдер, енді жаңа сабағымызға көшейік.
ІІІ. Жаңа сабақ
-Енді балалар біз оқшау сөздің тағы бір баласы қалды, оның аты –одағай екен (Мұғалім тақтадағы теріс ілініп тұрған сөзді ашу керек).
-Балалар, біз өмірде ренжиміз, қуанамыз, өкінеміз.
-Иә, енді қане ренжіп көрейікші. Оқушылар мысал келтіреді.
-Енді, қуанып көрейік. Оқушылар мысал келтіреді.
-Міне, балалар осының бәрін адамның түрлі көңіл-күйін, әр түрлі сезімін, эмоциясын білдіретін оқшау сөздің бір түрін ОДАҒАЙ дейміз.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Өз заманында А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал-тыныс белгілері десек артық айтпаған болар еді. Біз бүгін одағай сөздер қатысқан сөйлемдерде үтір қалай қойылатынын меңгереміз.

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ереженітолықтырыңыз:

1……. адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар.

2.Одағайдың …….  түрі бар.

  1. Олар -…………………………………….
  2. Одағай сөз сөйлемнің ………………қаратпа сөзбен қатар келсе ……… одан кейін қойылады.
  3. сөйлемнің ортасында келсе, үтір ……….. қойылады.
  4. Одағай сөз сөйлемнің …………..  келсе үтір алдынан қойылады.

IV Оқулықпен жұмыс

158-жаттығу. Өлеңнің авторын тауып, ақынның стилі жнінде өз пікірлеріңді ортаға салыңдар. Жастарға өлеңі.

 

V Семантикалық кестені толтыру

 

Мысалдар

 

Қаратпа сөздер

 

Оңашаланған айқындауыш сөздер

 

Қыстырма сөздер

 

 

Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын

сотқар болып едің.

 

  +  
 

Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.

 

    +
 

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

 

+    
 

Ойбай, білсем Құдай ұрсын!

     

 

159-жаттығу.

Рұқсат етілмейтін түстер ойыны

Алдымен мені мұқият тыңдаңыздар. Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жуаптарын баған бойына жазып отырасыздар және де бұл ойынның барысында бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық.

Сұрақтар:

  1. Шөптің түсі қандай?
  2. Аспан түсі қандай?
  3. Күнбағыстың жапырақтарының түсі қандай?
  4. Күзде жапырақтың түсі қандай болады?
  5. Күннің түсі қандай болады?
  6. Қардың түсі қандай?
  7. Теңіздің түсі қандай?
  8. Құрбақаның түсі қандай?

Жауаптары:

  1. Жасыл;
  2. Көк;
  3. Шөптің түсі сияқты;
  4. Сары;
  5. Қызыл, күрең қызыл;
  6. Жарқыраған;
  7. Қайың түстес немесе теңіз толқындарының түстерімен бірдей;
  8. Баптақ түстес;

 

VI Қосымша тапсырма

 Мәтіннен одағай сөздерді тауып, тыныс белгісін қою.
Паһ, мықты екен – ау мынау палуан! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. Осы сөйлемдердегі одағайларды таптырып,тыныс белгісін,дауыс мәнерін пысытады.

 

VII «Кесінді сыз» ойыны.
Координат системасынан  Х осінде орналасқан сөздер арқылы  У осіндегі одағай сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосыңдар
                     

 

 

Мәтіндегі одағай сөздерге синтаксистік  талдау жаса.

Майланбаған арбалардың шиқылдай шығарған ойбайы(бастауыш)өгіздердің бақайының сыртылын естіртер емес.Досжанның астапралласын (толықтауыш)естігенЫрысбек, Болысбектер күлісіп жатты.Досының қиналып, уһілегенін (толықтауыш) сезіп отыр. Оның кім екенін Алдияр ә дегенде (пысықтауыш)білген жоқ.

 

 

Төмендегі суреттерден сөйлем құрап, тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіру.

 

Көңіл күй                                                                  Шақыру

 

 

 

 

Жекіру

 

VIII Бекіту  “Топтастыру стратегиясы”.
Тақтаға оқушылардың көмегімен гүл бейнесіндегі сызбалар орналыстырылады. Ең әуелі нақ ортасына “Одағай ” деген сөз ілініп, соның жан – жағына одағайға  байланысты сызбалар қойылады, оларды оқушылар атап отырады.
Одан соң оқушыларға сұрақ қойылады:
– Тақтадағы гүл сызбаларының саны нешеу?
– Жетеу.
– “Жеті” деген қазақтарда қандай сан?
– Қасиетті сан.
– Ендеше жеті санына байланысты аталарымыздан қалған қандай асыл сөздерді білесіңдер?
1. Жеті шәріп. (Жеті әулие).
2. Жеті қазына.
3. Жеті ата.
4. Жеті күн.
5. Жеті жұт.
6. Жеті жоқ.
7. Жеті ғашық.
IX Қорытынды: Кері байланыс. Одағай, қыстырма сөздерді қатыстыра отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.

X Бағалау

Үйге тапсырма

Шақыру одағайларын қатыстыра отырып, еркін тақырыпта шағын шығарма жазу.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment