Назым Хикмет. Үш жігіт туралы хикая

%d0%b4%d1%83%d0%b9%d1%81%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bd%d0%b0-%d0%b0%d0%b9%d0%bd%d1%83%d1%80Ақтөбе облысы,Темір ауданы

Шұбарқұдық кенті

№ 1 Шұбарқұдық мектеп –гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі: Дуйсалина Айнур Кадировна

Сабақтың тақырыбы           : Әлем әдебиет үлгілері тарауы. Назым Хикмет. Үш жігіт туралы хикая

Сабақтың мақсаты: Түрік әдебиетінің үлгісімен таныстыру,  ертегідегі негізгі ойды өз бетінше айқындауына мүмкіндік туғызу , әдеби тілде сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың әдістері: СТО, бірін-бірі оқыту әдісі, топтық жұмыс, жуан және жіңішке сұрақтар кестесі, интервью, диалогты оқыту

Күтілетін нәтиже: Әлем әдебиетімен танысады, ертегі мазмұнын түсінеді, сөздік қоры байиды. Сұрақ –жауап арқылы өз ойын тиянақты жеткізе білуге үйренеді.

Сабақ барысы

Кіріспе: Тренинг. «Қозғалыстағы сурет» Оқушылар шеңбер құрап, алдындағы баланың арқасына қағазын қояды. Содан соң қозғалыста сол қағазға сурет салады. Салып болған соң сол суретті арқасына салған балаға сыйлайды, қолтаңбасы қойылады.Сурет әдемі шықпаса ренжімеу керектігі айтылады.

Оқушылар сап түзеп тұрады.Сап түзеу журналдағы алфавит  ретімен тұрғызылады. Мұғалім бірге, екіге, үшке, төртке саналуға бұйрық береді. Сол бойынша топ құрайды. Топқа қағаз қиындылары беріліп, топтың атын анықтайды.

«Өлең» , «Әңгіме», «Ертегі», «Мысал» топтары

Үй тапсырмасын сұрау: Өткен тарауды қайталау. Өткен тараудағы өзіңе ұнаған кейіпкерді жазбаша суреттеп беру.

Бағалау парағы таратылады.

Үй тапсырмасына   дайындығы    Жаңа сабақты түсіну           Тапсырмалар орындалуы    Қорытындылау

 

Тұсаукесер. Қызығушылық ояту . «Жас тілші» интервью алу. Әр топтан бір оқушыдан алма-кезек шығып, басқа топтардан «Сен қандай ертегілерді ұнатасың?» , «Ертегінің қандай түрлері бар?» , «Ертегі оқу біздің қиялымызға қандай пайдасы бар?», «Сен ертегілерді көбіне қайдан тыңдайсың?»  мазмұндас сұрақтар қояды.            Бағалау: Үш шапалақ          Ресурс: микрофон

Негізгі бөлім . Білімді белсендіру. Автор туралы мәлімет

Назым Хикмет-түрік жазушысы, қоғам қайраткері. Мәскеудегі Шығыс университетінде оқыған. Назым Хикмет өлеңдері түрік поэзиясына зор ықпал етті, оның есіміне байланысты әдеби ағымдар пайда болды. Оның шығармалары желісімен кинофильмдер түсірілді.

Ертегіні  алдымен іштей оқу. Одан соң тізбектей оқу.

Тапсырма.Әр топтың ертегі туралы түсінгендерін сызбаға түсіру. Немесе гүл, ағаш, үй, баспалдақ, күн , ұя сызбаларына жіктеп салу

Галерея. Тақтаға плакаттар ілінеді де, топ алма -кезек аралап,  басқа топтың сызбасы бойынша сұрақтарын немесе ұсыныстарын жазады. Немесе стикерге жазып, жапсырып кетеді, Оны оқып постер иелері жауап береді.     Бағалау:  Критериал ды

Мәнерлеп оқу

Түсініп оқу

Қатесіз оқу

Тыныс белгілерге назар аудару

Ресурс: Постер, галерея стикер, Сызба, суреттер

Қорытынды: Жуан және жіңішке сұрақтар кестесі

Жуан сұрақтар

Неліктен үш жігіт үш түрлі әрекет етті?

Сен өзіңді қай жігіттің әрекетімен сәйкестендірер едің?

Шығарманың басты идеясы қандай деп ойлайсың?

Жіңішке сұрақтар

Неше Жігіт сапарға шықты?

Жігіттер қайда бет алды?

Бірінші жігіт кімді көрді?

Екінші жігіт ше?

Үшінші жігіт не істеді?

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Үш жігіт туралы хикая»  мәтінін мазмұндау. Ертегі желісі бойынша бейнелі альбом жасау. «Шыдамдылық» тақырыбына эссе жазу. Үш шапалақ  Сұрақтар кестесі

Рефлексия      «Сабақтағы жетістіктер кестесі»

Тақырып        Қуаныш         Сәттілік    Жетістіктер кесте

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment