Кескіндемедегі түстер. Суық және жылы түстер

 %d1%82%d1%83%d1%81%d1%82%d0%b5%d1%80

Өтілетін орны: №201 орта мектеп – лицей
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейтқасымова Г.Т
Сынып: 5 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 
Сабақ тақырыбы Кескіндемедегі түстер

Суық және жылы түстер

   
Сабақ    мақсаттары                                   —  Оқушыларға түстер жайлы түсіндік беру; жазықтық бетінде жұмыс жасағанда түстерді бір-бірімен үйлесімділігін таба білуге үйрету.
Жетістік критерийлері —  Оқушыларда жалпы түстер жайлы түсінік қалыптасады.

—  Өздігінен жылы және суық түстерді ажырата алады.

—  Түстерді палитрада қосып, қосымша түстер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

 

Терминдер:  

·         Color  – Түстер

·         Paint – Бояу

·         palette  – Палитра

·         reflex  – Шағылысу

ü  speck of light  – Жылт

ü  Warm  – Жылы

ü  Rainbow –  Кемпірқосақ

·         Colour circle  – түстік шеңбер

Құндылықтар

 

Қоршаған ортада кездесетін құбылыстарды, сұлулықты байқай отырып, түстердегі ерекшеліктерді сезіну,  эстетикалық талғамын ояту
Пән-қ байланыстар Физика , математика, жаратылыстану, информатика және т.б.
Акт Табиғи түстерді табу, қосымша түстерді пайдалану арқылы  бейнелеу жолдарын қарастыру мақсатында қолдану.
Топпен жұмыс Сынып оқушыларын палитра түстері арқылы    бөлу.
Бастапқы білім

 

Портрет дегеніміз не? Портреттің қандай түрлері бар? Портретті қалай салуға, қандай бояу түрлерін қолдануға болады?  (Өткен сабаққа шолу)
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

Топтық тапсырма

 

Мұғалім:

Сабақты бағалау «гүл шоғы» тәсілімен бағаланады. Алдарыңдағы топ атына сәйкес қойылған құмырада күлтесі жоқ гүл сабағы мен тостағаншасы берілген. Енді сендерге сабақ барысы бойынша гүл күлтелері таратылады. Сабақ соңында жинаған күлтелерге бекіту арқылы өз бағаларыңды көре аласыңдар. 1-2 күлте жинаған балаға «3», 3-4 күлте жинаған балаға «4», 5-6 күлте жинаған балаға «5» деген баға қойылады.

Портрет бейнелеу өнерінің бір жанры болса, ал түрлі түсті бояумен салынған портрет енді кескіндемемен салынған шығарма болады.

Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: – кескіндеме. Кескіндеме – бейнелеу өнерінің бір түрі.

Сабақтың тақырыбы:

Кескіндемедегі бояу түрлері. Суық және жылы түстер

Проблемалық сұрақ
Осы аталған түстерді біздің көңіл – күйімізге әсері бар ма? Қандай түстер бізге
жылылық сыйлайды?
Қандай түстер тыныштандырады?
Қандай түстер тәбетімізді ашады?
Қандай түстер көңіл – күйімізді мұңға бөлейді?
Қандай түстер тез шаршатады?
Қандай түстер ойға бөлейді, яғни арманға бөлейді?
Түсті қағаздарды көрсете отырып, бояулар қалай әсер ететінін оқушылармен бірге талдау.
Сонымен мынадай қорытындыға келдік.
Көңілді түстер: қызыл, сары, күрең қызыл, жасыл, көк
Көңілсіз түстер: суық түстердің қосындысы
Арманшыл түстер: жылы түстер мен суық тістердің солғын реңктері.

 

 

 

http://video-uroki-online.com/raznoe/uroki_risovanija/risuem_listja_i_kapli_pri_pomowi_kisti/

Призентация көрсетіледі

Сабақтың ортасы Мұғалім

Кескіндеме түрлері мен олардың жанрлары туралы мәліметтер беру.

Табиғатта негізінен бес бояу түрі бар. Олар: ақ, сары, қызыл, көк және қара (116 – сурет). Бірақ бір бояудың өзінде қаншама реңк бар десеңізші!

Қалған бояулардың бәрі, негізінен, осы түстердің қатысуымен жасалады. Кескіндемеде бояулар жылы және суық түсті болып бөлінеді. Оны өткен сыныптарда оқыдыңдар. Кейде осы түстердің кез келгені суық немесе жылы түске ауысып кетуі әбден мүмкін. Мысалы, жасыл бояуға сары түсті бояуды молырақ қоссақ, онда ол сарғыш – жасыл болып жылы түске ауысады. Ал қызылға көкті қоссақ күлгін болып, қызыл түспен салыстырғанда суық түске енеді.

Осындай әдіспен бір түсті екінші түспен араластыру арқылы көптеген бояу  түстері алынады. Ол үшін шыққан бояу реңктерін жіктеп қатарластырып тіркеу арқылы түстер шеңберін жасауға болады.

Оқушыларға бүгінгі сабағымызға байланысты термин сөздермен таныстыру:

Түстер, бояу, палитра, шағылысу, жылт, жылы, кемпірқосақ, түстік шеңбер

Оқушылардың пікірлерімен алмасу.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=E9wZIIachtk (play as background inspiration

 

http://kopilkaurokov.ru/izo/uroki/zhyly-tustier-zh-nie-suyk-tustier

Видео көрсетіледі.

Бояулардың  кескіндеме өнерінде салынуы, ауызша түсіндіру.

Сарамандық жұмыс Жеке тапсырма:

Суық және жылы түстерді ажырату

—  Палитрада түстерді іздеу

—  Фрагментті түс іздеу арқылы жалғастырып салу

—  Түстер, негізгі және қосымша түстер.

Бұл тапсырмаларды оқушылар жеке-дара акварельмен орындайды.

Тапсырманы жақсы, өте жақсы орындауларына байланысты бір және екі гүл күлтелерін беремін.

http://r10—sn-n8v7sn7d.googlevideo.com/videoplayback?ipbits=0&sparams=clen%2Cdur
Сабақтың соңы Виптест арқылы оқушылардың білімдерін тыңайтып, қорытындылап, бекітемін. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға бір гүл күлтесін беремін. mailto:kpt@ukr.net
Сергіту сәті Оқушылар қазір қай мезгіл?

Әрине қыс мезгілі. Осы қыс мезгілінің негізгі символдарын бейнелеп көрейік.

Берілген шектеулі уақыт ішінде топ оқушылары мольбертте қыс мезгілінің символдарын бейнелейді. Бір композиция құрастырады.

 

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бүгінгі сабақта жеке тапсырмалар беріледі. Осы тапсырмалар арқылы «жоғары» деңгейдегі оқушылар жылдам әрі көп мағлұматтарды жинақтап,  шығармашыл түрде таныстыра алады. «Гүл шоғы» әдісі арқылы бағалау. Оқушылар сабақ кезеңдері бойынша жинаған гүл күлтелерін сабақ соңында суреттегі дайын гүл сабағына орналастырады. Оқушылар өз бағаларын көрсеткіш нәтижесінде анықтай алады. Және өздерін басқалармен салыстыра алады. Оқушылар тапсырма орындау барысында құрал- жабдықтарды ұқыпты қолдану керек.

Өткір немесе ұшты заттарды қолданған кезде абай болу керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары өз деңгейінде қойылды. Оқушылар ОМ бойынша сабақ жүйелілігін жақсы меңгерді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.
Жалпы баға

 

Сабақтың  жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Өте жақсы

 

2: Өте жақсы

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:  Сабақтың құрылымы

 

2: Оқушылардың ынталылығын ұйымдастыру

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Сабақ өз мәнінде өтті. Жекелеген оқушылардың оқушылардың қызығушылығы өте зор болды.

 

 

Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.

Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.

Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master