ҰБТ- ның нәтижесін қалай жақсартуға болады?

Коучинг сабақ жоспары

Күні: Коучтің аты-жөні: Конакаева Л.А.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Первомай орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, І санатты

  Қатысушылар саны: 12
Тақырыбы ҰБТ- ның нәтижесін қалай жақсартуға болады?
Мақсаты Бірлесіп жұмыс істеу арқылы  ҰБТ-ның нәтижесін қалай жақсарту жолдарын қарастыру және ортақ шешімге келулері тиіс.
Коучинг барысында  қолданылатын жұмыс түрлері Тренинг, «Бізге мақсат керек пе?» мультфильмі,  «Мен кіммін» жаттығуы, тұжырым жасау, «Менің мақсатым» жаттығуы, тақырып бойынша постер құру, «Ақылдының 6 қалпағы» әдісі, бағдаршам әдісі
Күтілетін нәтиже Мектеп ұжымы оқушылармен бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың ҰБТ нәтижелерін  жақсартады.
Қажетті ресурстар интербелсенді тақта, мультфильмнен үзінді, маркер, стикер, флипчарт, түрлі түсті қағаз

                                       Сабақ барысы:

Коучингті өткізу кезеңдері Жоспарланған әрекеттер Жоспарланған уақыт
Ұйымдастыру Армысыздар, құрметті әріптестер! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! 1 мин
Психологиялық ахуал туғызу «Мен кіммін» жаттығуы. Әр адам өзіне «Мен биік жартаспын, өйткені…», «Мен кейбір кезде жолбарысқа айналамын, себебі…» т.б. деп тұсаукесер дайындайды. 5 мин
Топтарға бөлу,топ ережесін құру, кіру анкетасы Топтарға бөлу, топ ережесін құру, кіру анкетасын толтыру 3 мин
Көрсетілім Суреттер көрсету 1 мин
Тақырыпты ашу –       Бүгінгі коучингіміздің тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

–       Оқушыларға оқудағы кедергілерді жеңуге қалай көмектесуге болады?

3 мин
Топтық жұмыс Тұжырымды талқылаңыздар:

Таным және оқу;

Қызметтің әлеуметтік саласы;

Қызметтік аффектік саласы;

5 мин
Сергіту сәті «40 секунд» жаттығуы 2 мин
Жеке жұмыс «Мен…» тақырыбында өзі туралы жазу, айту 5 мин
Пікірталас «Менің мақсатым» жаттығуы:

1.Армандаушы

2.Жүзеге асырушы

3.Сыншы

5 мин
Топтық жұмыс Сипаттаңыз:

«Мінсіз оқушы»

«Мінсіз мұғалім»

«Мінсіз мектеп»

10 мин
Топтық жұмыс Блум таксономиясына сүйене отырып «ҰБТ нәтижесін қалай жақсартуға болады?» тақырыбында постер жасау және қорғау 10 мин
Рефлексия «Бағдаршам» әдісі 3 мин
Бағалау Бағалау парағы

«Ақылдының алты қалпағы» әдісі

5 мин

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.-Астана: Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
  2. Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар.-Астана: Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы, 2014.
  3. Орақова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Касымова А.А. Коуч- мұғалімнің жұмыс кітабы, Алматы, 2014 жыл.
  4. Жақсылықова К.З. Тренингтік ойындар мен жаттығулар, Алматы, 2014 жыл.
  5. www.cpm.kz
  6. Үлестірме материалдар. Екінші (негізгі) деңгей. Екінші апта, 2,3 күн. Астана, 2014 жыл.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment