Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі

57954440Сабақтың тақырыбы:      Ә. Тәжібаев  «Толағай»  әдеби ертегісі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы  сөз, әдеби  ертегінің  ауыз  әдебиетіндегі  ертегі  жанрынан  айырмашылығы  мен  ұқсастығы  туралы түсінік  беру.
  2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
  3. Дамытушылық: оқушылардың өз ойын  жүйелі  айта  білуін,  шапшаңдыққа,  сөздік  қорының  молдығына назар  аудару.

Сабақтың типі: аралас  сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік  сөздер»   кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Әдеби ертегілер туралы түсінік.

2.«Толағай» ертегісінен үзінді жаттау

Білім  тексеру:

Сұрақ  жауап

1.Әдеби  ертегілер деген не?

  1. Әдеби ертегілердің халық  ертегілерінен қандай  айырмашылығы бар?

ІІІ.Жаңа  сабақ

1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 

  1. Ертегінің түрлерін оқушылар өздері  жазады.

Хайуанаттар

туралы                                                                                      қиял-ғажайып ертегілер

 

шыншыл ертегі                                                                             әдеби ертегілер

 

 

 

  1. Әдеби ертегі  авторы Ә.Тәжібаев  өмірі,  шығармашылығы.
  • 1909 жылы 4- ақпанда Қызылорда қаласында  дүниеге  келген.
  • 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден  өткен.
  • Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші,Қазақстанның  халық  жазушысы, филология  ғылымдарының  докторы, профессор.
  • Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде  қызмет  атқарған.
  • Тұңғыш жинағы «Жаңа  ырғақ» 1933жылы  жарық  көрген. 50 шақты  кітаптың  авторы.
  • «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы  жазылған
  • «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін  жазған.
  • Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.
  1. « Толағай» ертегісін оқушылардың  өздеріне жекелеп оқыттыру.

 

 

 Түсінік  тексеру:

Суретпен  жұмыс:

Суреттерге  қарап  оның  ертегіге  қандай  қатысы бар екені  анықталады, суретке  тақырып қойылады.(жұппен)

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру (Венн диаграммасы)

 

 

 

 

 

V1.Бағалау

   2.Үй тапсырмасын беру.

  1.Ертегіні оқып,  түсінгенін  өз  сөзімен  айту.

2.Жоспар құру,  бөлімге  бөліп ат  қою.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master