Тәуелсіздік тірегі тіл

Астана қаласы, №59 мектеп-лицейінің

тарих пәні мұғалімі Шнанов Ө.Р.Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегі тіл

Мақсаты: Мемлекеттік тілді дәріптей білуге,көп тіл білушілікке тәрбиелеу.

Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте.

  1. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
  2. Будущее Казахстана – в казахском языке (Н.Ә. Назарбаев)
  3. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің байлығы
  4. Государственный язык – богатство государства (Н.Ә. Назарбаев) Мұғалім сөзі:Қазақ тілім бас иемінмен саған.
    Тілге деген болу керек кең талғам.
    Тәуелсіздік тірегі егер тіл десек, Мемлекеттік тілімізді сыйласақ.
    Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
    Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Тіл- әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды көрінісі, халық тарихы, мәдениеттің даму жолы. Тіл- ұлттың игілігі және өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тіл құдірет, ана тілің- елдігіңнің айғағы. Қандай қиындықтан да жансебіл өлмей келе жатқан тіл. Бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі-тіл» тақырыбындағы сыныптан тыс ашық сабағымызды ашық деп жариялаймыз.

ҚР гимні орындалды.

1 жүргізуші: Тіл-ұлттың жан дүниесі, халықтың жаны , сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тіліміз. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.

2- жүргізуші: Орыс ғалымдары: С.Е. Малов біздің тіліміз жөнінде «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, бейнелі тіл- қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты» – десе, В.В. Радлов «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып, құбылып жатады» – деген екен. Тілді түсінетін, оның құнын танитын, білімді де, мәдениетті адамдар осылай бағалаған.Салт-дәстүрдің бойындағы қаны-сол халықтың ана тілі.

1 жүргізуші: Тіл туралы әлемдік тарихи тұлғалардың нақыл сөздеріне назар аударсақ

1 – оқушы А. Құнанбаев. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Ақылдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.»«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің  ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.»

2– оқушы  Ы. Алтынсарин. «Қазақтың тілі соншалықты мол.   Қазақтың тіліменен  қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе.»

  3- оқушы Ахмет Байтұрсынов : Қазақ сөздерін алып, орыс  я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып,  балалар әбден дағдыланғандығын  кейін басқаша  оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай  сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі  ана тілімізбен  оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз»

4 оқушы А.Н. Толстой Русский язык! Тысячелетия создавал народ это гибкое, пышное, неисчерпаемо богатое, умное поэтическое… орудие своей социальной жизни, своей мысли, своих чувств, своих надежд, своего гнева, своего великого будущего… Дивной вязью плел народ невидимую сеть русского языка: яркого как радуга вслед весеннему дождю, меткого как стрелы, задушевного как песня над колыбелью, певучего… Дремучий мир, на который он накинул волшебную сеть слова, покорился ему, как обузданный конь.

5 оқушы  Л. Жонсон:

1-оқушы : Ана тілің біліп қой,
Еркіндігі тереңдігің,
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Анатілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

2 оқушы: Ана тілі- біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып- қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қараныз.
3оқушы:Ақыл- ойын дананың,
Ана тілден аламын,
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

Ана тілім- анам сынды аяулым,
Сенсіз жерде көш соңында қаламын.
Сенсіз жерде күнім көрдей қараңғы,
Сенсіз қалсам құруға да таяумын.

Хор: «Ана тілім» әні.

1 жүргізуші: Ия әнде айтылғандай ананың тілінен біз қуат нәр аламыз. Ендеше сол ана тілімізді әрқашан құрметтей білейік!

2 -жүргізуші: 1989 жыл  22 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,  қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі » мәртебесі берілді.    1995 жыл 30 тамызда  Республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып,  Конституциясының 7- бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі», — делінген.  1997 жыл 11 шілде  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңы» Парламентте  қайтадан талқыланып, ол  Қазақстан Республикасының  Президентінің  Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша  қазақ тілі –  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі,- делінген.            « Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы Заңы » 6 тарау, 27 баптан тұрады.(Оқушылар заңның әр тарау ,бабын жатқа кезекпен  айтып өтеді)
1 жүргізуші:         Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Тіл туралы заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

2 оқушы.         4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

3 оқушы      6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы

Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды.
4 оқушы        5-бап. Орыс тiлiн қолдану

Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

5 оқушы          8-бап. Тiлдердiң қолданылуы

Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.

6 оқушы:  23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды.
1 оқушы: Әр адамда өз анасынан басқа болу керек төрт ана:
Туған жері- түп қазығы, айбыны
Туған тілі- сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт- санасы- тінегі
Тағдырына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әлі болса да
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

2 жүргізуші: Қазыбек би сөйлеген тапқырлықтан,

1 жүргізуші: Дулат ақын толғаған өмір сырынан,

2 жүргізуші: Махамбет жырлаған халық мұңынан,

1 жүргізуші: Абай айтқан асыл жауһарлардан,

2 жүргізуші:Жамбылдан жеткен сырлы сөздерден,

1 жүргізуші:Әуезов аспандатқан әсемдік әлемінен  асыл арналардан ұлы тілдің құдіреттілігі мен қасиеттілігін аңғарсақ , сол ұлы тілмен шешілген талай дау, талай өткір сөздер, талай шешендердің шұрайлы ойлары таңдай қақтырады.Енді осындай ұлы есімдер мен халық есінде қалған мына бір көрініске назар аударайық. ( Көрініс . шешендік өнер)
1 жүргізуші:    Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!- дегендей, бүгінгі жас ұрпақ ана тілімен қатар шет тілдерін меңгеруде.

2 жүргізуші: Мемлекетіміздің  үш тұғырлы  тіл саясаты қолдауы жас буынның шет тілдерін меңгеру талпыныстарын  одан сайын жандандыра түсуде. Ендігі кезекте оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, ана тілі туралы айтқан өз пікірлерін тыңдайық.

Қазақ тілінде (өзге ұлт өкілі):

Ардағым, ана тілім жан мерейім,                                                                 Жүзіңнен әрқашанда таң көрейін                                                                          Сен болсаң, көш бастаушым келешекке                                                  Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.

Иә, қазақ халқының ана тілі –қазақ тілі. Біз қазақ тілін байытуымыз керек. Халық тілінің мазмұнын байытқан- Абай Құнанбаев. Ұлы ақынымыз Абай қазақ тілін мәдениеттің биік сатысына шығарып кеткен. Әдеби тіл- бүкіл қазақ халқының мәдени мұрасы.

Орыс тілінде:.  Во все времена каждый гражданин своей страны должен знать и чтить законы и традиции своей страны. Государственный язык – не только яркий, ни с чем не сравнимый символ нашей государственности, но и одно из главных условий укрепления независимости страны, надёжная гарантия сохранения самобытности народа, культуры, залог успешного взаимообогащающего сотрудничества всех национальностей и народностей, населяющих нашу страну.

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар.
Жақсы ән мен тәтті күй деп,
Абай атамыз жырлағандай, кезекті   әнге береміз.

1. Мұғалім: Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Ана тілім – қазақ тілім, туған  тіл

Қасиетті тіліміздің мәнін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл –дей келе бүгінгі тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master