Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі

Мектеп: Н.Ільясов атындағы №9 мектеп – гимназия

Мұғалiм: Карибаева Ж.Ғ

Тақырып: Векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі.

Сабақтың мақсаты: Inkscape редакторы интерфейсімен, редактордағы векторлық кескіннің жалпы тәсілдерімен танысады. Inkscape редакторы  терезесінің элементтерін, векторлық редактордың негізгі мүмкіндіктерін, кескінді сақтау бұйрығын, кескін пішімін білетін болады.

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар Inkscape программасын бастау мен аяқтауды, құжаттарды баптауды, пішімдерде  кескінді сақтауды, құю түсін орнату мен өшіруді үйренеді.

Қажетті құрал – жабдықтар: оқулық, проэктор, экран, компьютерлер, «Inkscape» векторлық графикалық редактор,  плакаттар, маркерлер.

Жаңа әдіс – тәсілдер: «Сәйкестендіру тесті». «Джигсо» топтық жұмыс.

Формативті бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілек», критерийлер қою арқылы стикерлермен  бағалау.

 

Уақыт Сабақтың барысы: Ресурстар
   2 мин

 

 

1. Сергіту сәті. «Қара жорға»

 

 

Бейнетаспа

 

3 мин

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Топқа бөлу. «Терминдер мен анықтамалар»

 

 

 

 

3. Үй жұмысын «сәйкестендіру тесті» арқылы сұрау.

 

1. Растрлық кескіндермен жұмыс              1. GIF

істейтін программаны көрсетіңдер

 

2. Растрлық кескіндер қандай                    2. JPG

пішімді файлда сақталады?

 

3. Қандай пішімде сығымдау                     3. Paint

қолданылады?

 

 

4. Анимациялық кескіндерді                     4. BMP

сақтау мүмкіндігі бар

графикалық пішімді таңдаңдар.

 

5. Қандай кескіндер шынайы?                   5.  Фракталдық

 

6. Қандай кескіндер ұқсас                          6. Растрлық

элементтерден тұрады?

Өзара топтардың бағалауы : 1-6 баллға дейін .

 

Анықтамалар жазылған стикерлер,  топ аттары

 

Оқулық

Бағалау парақшасы

1-3

2-4

3-2

4-1

5-6

6-5

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Негізгі бөлім.

Балалардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Балаларға  жұмыс үстелінде орналасқан Inkscape жарлығын ашуларын сұрау:

–  Осы терезе туралы не айтуға болады?

   Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жаңа сабақпен таныстыру:

–    Балалар, бүгін Inkscape редакторы интерфейсімен, танысамыз. Векторлық редактордың негізгі мүмкіндіктерін, кескінді сақтау бұйрығын, кескін пішімін білетін боламыз.

–    Inkscape – тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Осы редакторда сайттың батырмасынан бастап, баннерлерге, визиткадан кітаптың суреттеріне дейін әртүрлі кескіндерді жасауға болады.

–    Редактордың терезесі  9 элементтен тұрады:

1.  Бас мәзір.

2. Құралдар параметрлері.

3. Құралдар панелі.

4. Таңбалау элементтері (сызғыш, тор, бағыттауыштар).

5. Жұмыс аймағы – кенеп (холст).

6. Бұйрықтар панелі.

7. Жабысу параметрлерінің панелі.

8. Түстер үлгілері – бояу палитрасы.

9. Қалып-күй жолағы.

–   Ал, енді осы эелементтер орыс тілінде төмендегідей болады:

1. Главное меню

2. Панель параметров инструментов

3. Панель инструментов

4. Элементы разметки: линейка, сетка, направляющие

5. Рабочая область (холст)

6. Панель команд

7. Панель параметров прилипания

8. Образцы цветов – Палитра

9.Строка состояния

–  Ағылшын тілінде:

1. Main menu

2. Tool options bar

3.     Toolbar

4.     Ruler guides, grid layout elements

5.     The working area of the canvas

6.     Command  bar

7.     Options bar sticking

8.     Color swatches – pallete

9.     The status bar

–    Балалар, Inkscape редакторының элементтерінің қызметін, құжаттарды жасау мен сақтауды, түсті  таңдауды қарастырайық.

3  топқа тақырыптар беріледі.

І топ.   Inkscape редакторы интерфейсі. (7 мин+2 мин)

ІІ топ.  Құжаттарды жасау және сақтау. (7 мин+2 мин)

ІІІ топ. Түсті таңдау.  (7 мин+2 мин)

Оқушыларды топта «Джигсо» қарапайым  әдісі бойынша өзара рөлдерге бөлінеді.

Топ мүшелері

 

Оқушының

аты-жөні

Балл: 1-5
Төраға    
Хатшы    
Баяндамашы    
Таймкипер    
Бақылаушы    

 

Топтар өз тақырыптарын баяндайды, басқа топтар түсінбегендерін сұрайды.

Бақылаушы топ мүшелерін бағалайды. Баллдық көрсеткіш : 1-5

Өзара топтар «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілі арқылы бағалайды.

 

Inkscape бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

компьютерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парақшасы

Түрлі-түсті қағаздан жасалған екі жұлдыз бен гүл

3 мин 5. Көз жаттығулары. Бейнетаспа
4 мин 6. Сабақты бекіту тапсырмасы.

    Оқушыларға Inkscape редакторының  терезесінің

элементтерін  үш тілде  орналастырады.

І топ.  Inkscape редакторының элементтерін қазақ тілінде орналастыр.

ІІ топ. Inkscape редакторының элементтерін орыс  тілінде орналастыр.

ІІІ топ. Inkscape редакторының элементтерін ағылшын  тілінде орналастыр.

Топ оқушылары өзара ауызша дұрыс немесе дұрыс еместігін талдайды. Баллдық көрсеткіш : 1-5

Қағазға басып

шығарылған Inkscape

редакторының терезесі

және элементтері (қиынды сөздер)

2 мин 7.   Бағалау.  Оқушылардың өздерін бағалауы.

1. мен басқаларға қарағанда сабаққа белсенді қатыстым.

2. мен сабақта маңызды ақпарат бердім

3. мен қатесіз жазып, айта алдым

4. топта барлық тапсырманы орындадық

Критериялер қойылып жазылған плакат

Cтикерлер

2 мин 8.  Үйге тапсырма:

1. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс .

2. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

3. Қосымша ақпарат дайындау.

Күнделік

 

 

Бүгінгі сабақта не сәтті болды: Жаңа білім беру  мазмұны бойынша жаңа білімді үш тілде таныстырылды. Жаңа сабақты бекітуде  3 тілде тапсырма берілді.

        Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану» бойынша балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Қара жорға» бейнетаспа арқылы билеу  ұсынылды.  Бейнетаспаға қарап балалар көз жаттығуларын орындады . Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын АКТ-ны қолдану арқылы практикалық жұмыста да дамытуға болады. Оқушыларға  жаңа тақырыпты  меңгергендерін компьютерлерде А, В, С деңгейлерін орындау арқылы көрсетулерін сұрадым. Жаңа сабақты ашу мақсатында экраннан суреттер көрсету арқылы сыни ойлауға дамытуға болады.

 

Дарынды және талантты балаларды анықтауда тапсырмалар сабақ уақытынан бөлек үй тапсырмасына беріледі. Кейбір оқушылар бақылау сұрақтары мен тапсырмаларына тиянақты дайындалып келсе, кейбір оқушылар практикалық жұмыстар бойынша А,В,С деңгейлік тапсырмаларын, басқа оқушылар тақырыпқа байланысты интернет ресурстарынан  дайындап келіп жүрді. Бүгінгі сабаққа үй жұмысы бойынша Айжан, Сандуғаш, Азамат әртүрлі тақырыпта жасаған слайдтары  мен  түрлі-түсте шығарылған қосымша ақпараттарымен бөлісті.

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер бойынша үй тапсырмасын «Сәйкестендіру» арқылы білімдері тексерілді.Топқа бөлуде стикерлерден күн шуақ тектес орналастырылып, көрінбейтін жағына өткен тақырыптар бойынша анықтамалар жазылды. Оқушылар сыртынан күн шуағын таңдап, ішіндегі анықтама бойынша терминдер жазылған топқа орналасулары қажет.  Анықтамаларын дұрыс тапқан оқушылар өз топтарына отырса, естеріне түсіре алмай абдырап қалған оқушыларға басқа оқушылар еске түсіріп,  көмектесіп жіберді. Осындай тәсіл арқылы оқушылар тағы да өткен тақырып бойынша қайталау болды. Топтық жұмысында оқушылардың оқуға және пәнге деген қызығушылықтары артуда.  Топтық жұмыс жасау үшін «Джигсо» тәсілін пайдаландым. Балалар топтағы рөлдерді өзара бөлісіп алып, жұмыс жасады. Барлық топ мақсатқа сай жауап беруге тырысты. Ұсынылған проблема бойынша оқушылар ақпараттар келтіріп, компьютердегі тәжірибелік жұмыстарымен түйіндей білді.

 

 

 

 

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен сыни ойлау өзара байланысты.  Сыни тұрғыдан  ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе  түрлендірілген  тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді деп көрсеткен. «Джигсо» топтық жұмысында әр оқушы берілген ақпараттарды топта өзара түсініп, біріктіріп, жинақтап, салыстырып  оқуды жеткілікті игергендеріне күмәнмен қарап, сұрақтар қойып, сыни тұрғыдан қарайды. Балалар өздері құрған жұмыстарымен көпшілік алдында бөлісті. Осы тәсіл арқылы оқушылардың  қауым алдында сөйлеу  және  анық баяндау, тәжірибе алмасу дағдылары қалыптасады. Топтар, топ мүшелері өзара байланысты болды. Жалпы сабақ күтілген нәтижеге жеткенін оқушылардың жұмыстарынан, белсенді араласуынан, нақты дәйектерінен көрінеді.

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» бойынша жекелеген  оқушылардың сабақ

бойына қаншалықты  үйренгендерін  бағалау мақсатында өздерін стикерлер арқылы

бағалау түрі болды:

  1. мен басқаларға қарағанда сабаққа белсенді қатыстым.
  2. мен сабақта маңызды ақпарат бердім
  3. мен қатесіз жазып, айта алдым
  4. топта барлық тапсырманы орындадық .

Топ мүшелерін  бір-бірін 1-5 дейінгі баллдық көрсеткіште бағаласа, өзара топтар бір-

бірінің артық немесе кемшіліктерін ауызша «2 жұлдыз, 1 тілек»бағалады.  Оқушылардың  ынталандыру

деңгейін көтеруде, сынды қабылдауға ықпал етуде, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуде

сенімділігін арттыруда өзін және өзінің сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады.

Бір-бірінің жұмыстары ұнағандары өзара мадақтауларынан белгілі болды.  Бағалау парағында

қосымша ақпарат дайындаған  үш  оқушы,  топтық жұмыста барлығына  – «5» баллдан қойылған.   Менің бұл сыныпқа деген бағам – жоғары. 12 оқушы «5» деген бағамен, 9 оқушы «4»

деген бағамен бағаладым.

Тапсырмалар жас ерекшіліктеріне сай берілді.

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment