Астана-Қазақстан Республикасының елордасы

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы, Батурин жалпы орта білім беретін мектебінің

география-биология пәнінің мұғалімі

Зулкарнаева Эльмира Еламанқызы

Сыныбы  9а

 

География пәні
Сабақтың

Тақырыбы

   Астана-Қазақстан Республикасының елордасы .  
Мақсаты

 

   Астана-Қазақстан Республикасының елордасы туралы  оқып үйрету.
 Күтілетін нәтиже

 

А.  Астана-Қазақстан Республикасының елордасы туралы  оқып түсінеді                                                                                                                            В.  Еліміздің өңір экономикасын жаңғыртудағы және дамытудағы ерекшелігіне сипаттама беру.                                                                                                                                  С. Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі – «ЭКСПО-2017»  талдау жасап, тұжырымдайды .
 Керекті құрал жабдықтар Оқулық, таблицалар,флипчарт,  маркер, стикер, ноутбук, бағалау парақтары, интерактивті тақта,рефлексия  парақтары .
Сабақ барысы:  
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру.  Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен нәтежесін анықтау,сабақ жоспарымен және бағалау парақтарымен таныстыру, оқушыларды ақын Абайдың әндерімен жұптап бөлу.                Үй тапсырмасын дайындап келген презентациялары арқылы тексеру. Жұптарға бөлінеді , бағалау парағымен таныстыру. Бүгінгі сабақ жоспарымен танысады,пікірлерін айтады. Көкшетау және Павладар қалаларына дайындап келген презентацияларын тақта алдында қорғайды.
Тұсаукесер Жаңа сабақты бастамас бұрын видио көрсетілім көрсетіп тақырыпты оқушылармен бірге ашу. Жұпқа диалогтік әңгіме нұсқаулық беріледі.Әр жұп өздеріне берілген тапсырманы оқи отырып талдайды.

1жұп: Астана-Қазақстан Республикасының елордасы                                                              2жұп: Еліміздің өңір экономикасын жаңғыртудағы және дамытудағы рөлі                                     3жұп: «ЭКСПО-2017» Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі

Видио көрсетілімнен кейінгі  ойларын оқушылар  ортаға салады. Тапсырманы жеке оқу, жұппен талдау жүргізеді. Әр жұп берілген тапсырманы мұқият оқып, тақырыпты ашады. Өз білімдерін жұптасып талдап қорғайды.
Негізгі бөлім Жұптарға әртүрлі тапсырмалар беру.  Жаңа сабақты оқушылардың өздеріне аштыру, интернет желісінен мәліметтер алып 1,2-жұп бірігіп ресурстармен фото постер құрады. 3- жұп бірлесіп Әлемді таңқалдырған «ЭКСПО-2017» Астана тақырыбына презентация құрады.               Кеңейтілген тапсырмалар беру.                           1. «ЭКСПО-2017»Қазақстан үшін қандай пайда бермек?                                               2.20 жыл ілгері Астана қаласын қалай елестетер едің?

3. «Болашақтың қуаты» ұранын қалай түсінесің?

Тақырыпты зерттейді интернеттен керекті мәліметті табады. Жұптар бірігіп фото постер мен презентация құрады, болған соң интерактивті тақта алдында және тақта алдында қорғайды. Кеңейтілген тапсырмаларға оқушылар өз ойларын еркін жеткізеді, пікірлерін ортаға салады.
Қорытынды Сабақты аяқтауда «Менің арманымдағы Астана» тақырыбына 5мин эссе жазу.  Сабақ соңында «Менің арманымдағы Астана» тақырыбына эссе жазып оны сыныпқа оқып береді. Жұп бірін-бірі бағалайды, дәлелдеп беруі қажет.
Үйге тапсырма 49-ші тақырып Үй тапсырмасын  жазып алады, «ЭКСПО-2017»  тақырыбына қосымша мәліметтер алып келеді.

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master