Орталық Қазақстан

%d0%b3%d0%b5%d0%be Батыс Қазақстан облысы,Зеленов ауданы, Батурин жалпы орта білім беретін мектебінің география-биология пәнінің мұғалімі

Зулкарнаева Эльмира Еламанқызы

Сыныбы 9а Күні:
Сабақтың тақырыбы Орталық Қазақстан
Мақсаты

 

 

Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары туралы оқып үйрену.
 Күтілетін нәтиже А. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары туралы оқып біледі.

В. Орталық Қазақстанның халқына сипаттама береді.                                                               С. Қ.Сәтбаевтің еңбектерін талдап тұжырымдайды.

Керекті құрал жабдықтар  Оқулық, кестелер, флипчарт,  маркер, стикер,  ноутбук,  рефлексия  парақтары, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру ,оқушыларды шаңырақ әдісі арқылы топқа бөлу . Бүгінгі сабағымыздың жоспарымен таныстыру. Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру. Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі сабақ жоспарымен танысады және үй тапсырмасын тестіні белгілеп, топта сағат тілі бағытында алмастырып тақтадағы жауаппен тексереді. Бағалау парақтарын топтарға беру.
Тұсаукесер Видио көрсетіп  Орталық  Қазақстан  аумағын экономикалық  аудандастыруын және табиғат ресурстарының таралуы жайында 3минуттық көрсетілім .

«Ойлан .Жұптас .Бөліс »әдісімен жаңа тақырыпты жұптап, топтап  диалогтық оқыту, Топқа зеріктеушілік әңгіме нұсқаулық беріледі.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы оқи отырып талдайды.                                                 1топ: Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы

2топ: Халқы, аумақтың  дамуындағы   Қ.Сәтбаев зерттеулерінің маңызы

Видио көрсетілімнен көріп ұққан ойларын ортаға салады. Оқушылар жаңа тақырыптың мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады,дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау,  критерий арқылы топтың жұмысын бағалау.                                                    Берілген тақырыпқа постер құрып оны тақта алдында  қорғайды, топтар бірін-бірі « Екі жұлдыз, бір ұсыныс » арқылы бағалайды.

 

Негізгі бөлім  Интернет желісінен мәліметтер алып пайдаланады, соңғы жылдарда Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы туралы және халқының неліктен қалада тығыз қоныстанғандығын анықтау.                     Кеңейтілген тапсырмалар:                  1. Орталық Қазақстанның жер қойнауы неліктен пайдалы қазбаға бай деп ойлайсың?                              2.Егер Қ.Сәтбаев кен орындарын зерттеп ашпаған болса,не өзгеріс болар еді?                                                   Кескін картаға кен орындарын белгілеу. Интернет желісінен мәліметтер алып, оны топта талқылап,талдап керектісін ортаға салады. Кеңейтілген тапсырмаларға жауап береді.

Кескін картаға Орталық Қазақстанның  табиғат ресурстарын және кен орындарын түсіру.

Қорытынды Сабақты аяқтауға стикердегі диалог әдісін пайдалану.

Сабақ соңында топ басшысы бағалау парағын толтырып тапсырады.

 

Бір оқушы сұрақты оқиды жауабын екінші оқушы айтады. Топ басшысы бағалау парағын толтырып тапсырады, сабақтан алған әсерлерін рефлексия парақтарына толтырады
Үйге тапсырма 37-тақырыпты оқуға  «Орталық  Қазақстанның табиғат жағдайы мен  табиғат  ресурстарына Қарағанды  облысының  дамуы  үшін маңызы  қандай» деген тақырыпқа эссе жазу. 100 сөз жазу

 

Блиц сұрақтары

1.Мамандану дегеніміз не?

2.Қазақстанды экономикалық аудандарға бөлген ғалым кім еді?

3.Н.Н.Баранский неше ауданға бөлді?

4.Өнеркәсіп орталықтары дегеніміз не?

5.Өнеркәсіпті аудан дегеніміз не?

6.Батыс Қазақстанға неше экономикалық аудан кіреді?

7.Оңтүстік Қазақстанның экономикалық аудандарын ата?

8.Экономикалық аудан дегеніміз не?

 

Стикердегі диалог  9-сынып  география пәпінен

1.Сұрақ:  Экономикалық ауданда темір мен марганецтің  қанша кен орны белгілі?

Жауап: Қ.Сәтбаев еді

 

2.Сұрақ: : Гүлшат, Қызылеспе,Ақшағыл, Қарағайлы,Жәйрем қандай кен орындарының атауы?

Жауап: қалада

 

3.Сұрақ: Су тапшылығын шешу мақсатында не салынды ?

Жауап:  континентті

 

4.Сұрақ: Орталық Қазақстанда халықтың басым бөлігі қайда тұрады?

Жауап: 1364189 адам

 

5.Сұрақ: Жезқазғанды ірі мысты ауданға қосқан кім еді? Жауап: Ертіс- Қарағанды  каналы 6.Сұрақ: Орталық Қазақстанның климаты қандай?

Жауап: күміс,рений, кадмий,сурма т.б.

 

7.Сұрақ: Жезқазғна- Ұлытау ауданында қандай пайдалы қазбалар кездеседі?

Жауап:40-қа жуық

 

8.Сұрақ: Табиғи сирек кездесетін қандай металлдар бар?

 Жауап:                      1926-1929 жалдары

 

9.Сұрақ:  Қ.Сәтбаев қай жылдары жезқазғанды ірі мысты аудан қатарына көтерді?

Жауап: полиметалл кен орны.

 

10.Сұрақ: Аудан халқының саны қанша?

Жауап: мыс, темір, көмір, марганец, қорғасын.

 

   

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master