әндік «Қазақтың өрнегімен өрнектелген кітап арасына салатын белгі»

Ересектер тобының  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 02.11.2012ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Сәндік «Қазақтың өрнегімен өрнектелген кітап арасына салатын белгі»

Мақсаты:  Балаларды әсемдікті көре білуге үйрету.  Ою-өрнектермен  жолақшаны  әшекейлеу.Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай білуге дағдыландыру. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Үлгі сурет, түрлі-түсті қағаздар, желім, сүлгі.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы 1 Балалар шеңберге тұрып амандасады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар!

Сәлем, сәлем, сәлем.

Шеңбер ішінде балалар қол ұстасып бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Ұйымдастыру-іздестіру  -Балалар, біз кітап оқыған кезде кітапты майыстырмау үшін не пайдаланамыз?

-Дұрыс. Мынау – кітап арасына салатын жолақша. Ол немен әшекейленген?

-Балалар, ендеше біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде осы жолақшаны жасаймыз.

Балаларға кітап арасына салатын жолақшаны түрлі-түсті қағаздардан қиып, өрнектеп жасауды ұсынады.

Жапсыру технологиясын түсіндіріп, көрсетеді.

Сергіту сәті.

 

 

-Кітап арасына салатын жолақша.

-Ою-өрнекпен.

 

 

 

 

 

 

Балалар өздері жұмыс жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік  Балалардың іс-әрекетін қорытып, жақсы, ынталы балаларды атайды, барлық балалардың жұмыстарын мақтайды.

 

Өз жұмысын салыстыра бағалайды, ең таңдаулы жұмысты атап, әңгімелейді.

 

Күтілетін нәтиже:

Не білуі  керек: Қазақтың ұлттық  ою-өрнек түрлерін.

Нені игереді: Жолақша жасауды.

Не үйренді: Жолақшаны ою-өрнекпен әшекейлеуді.

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master