Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы                                                         

  Батыс Қазақстан инженерлік-

технологиялық колледжінің

 І санатты тарих пәнінің оқытушысы

Махметова Шынар Умиржановна

 Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы

 Мақсаты:

Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіндіре отырып, жібек жолының сауданы, шаруашылықты,халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.

Дамытушылық: Жібек жолы бойындағы мемлекеттер арасындағы сауда дамуына бүгінгі кезеңмен салыстыра отырып баға беру, ой-өрісін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Мәдени мұраларды қастерлеуге баулу.

Түрі: Дағды мен іскерікті қалыптастыру.

Әдісі: Интерактивті, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: Слайд – суреттер, интерактивті тақта

Пәнаралақ байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІ ғасыр аралығы)

1 тапсырма. Кім шапшаң?

  1. Қыпшақтардың этникалық құрамы қашан қалыптасты?
  2. Қыпшақтардың этникалық құрамы неше бөліктен тұрды?

3.Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі?

  1. Қыпшақ бірлестігіннде түрік тілдес қандай тайпалар кірген?
  2. Хандық биліктің орталығы қалай аталды?
  3. Махмуд Қашғаридың қыпшақ тілінде құлдарды қалай атаған?
  4. Қыпшақ хандығының мерзімі?
  5. Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен дегенді айтқан саяхатшы?
  6. Қыпшақтардың сол қанатының астанасы?

10.Орыс деректерінде половшылар деп кімдерді айтқан?

2 тапсырма.Тестік тапсырмалар

  1. Қыпшақтар тарихы қандай тайпаның тарихымен тығыз байланысты? А.Оғыздар В.Қарахандар С.Қимақтар Д.Наймандар
  2. Қыпшақтарда құлдар аталды:

А. Басқақтар В. Яланкуг С. Жатақтар Д. Малсыздар

  1. Қыпшақтарды …. половшылар деп атады

А.Ресейде В. Венгрияда С.Хорезмде Д. Парсыда

  1. Қыпшақтарға қарсы күрескен Орта Азиялық мемлекет

А. Самани В. Сасанидтер С.Қарахандар Д. Хорезм

  1. Хорезм шахы Текеш 1195ж. басып алған қала

А. Отырар В. Сығанақ С. Сауран Д. Испиджаб

6.10-22 өгіз жеккен арба туралы айтқан саяхатшы

А. Ә.Дулаф В. И.Баттута С. Петахья Д. П.Карпини, В.Рубрук

  1. Көбінесе қыпшақтар өсірген дақыл

А.Тары В.Бидай С.Күріш Д. Арпа

  1. Қыпшақтардың батыс бірлестігіндегі тайпа саны:

А.11 В.12 С.13 Д.14

  1. Қыпшақтардың шығыс бірлестігіндегі тайпа саны:

А.14 В.15 С.16 Д.17

  1. Хандық билік орталығы

А.Сарай В. Орда С. Қорған Д. Цитадель

Оқушылар өзін –өзі бағалайды.

3 тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей: Қыпшақтардың орналасқан жерін картадан тауып көрсетіп, анықтама бер.

ІІ деңгей: Қыпшақтардың этникалық құрамы туралы айтып бер

ІІІ деңгей: Қыпшақтардың қоғамдық саяси құрылысын қимақтармен, қарахандықтармен салыстырыңдар.

Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және оның тарихи маңызы

Жоспар:

  1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.
  2. Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
  3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
  4. Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.

Қытайдағы Хуанхэ өзені аңғарынан басталады. Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа, солтүстік- батысқа шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады.

Оңтүстігі – Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне келеді. Бұл “Оңтүстік жол” деп аталады. Ал “Солтүстік жол” Қашқардан Ферғанаға және одан әрі Самарқант арқылы Бұқараға , Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға асады. Солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп екі тармаққа бөлінеді. Біреуі Орта Азияға, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығысын айналып Еуропаға өткен.

– Екіөгізден жол жабғу қарлұқтарының астанасы Қаялыққа (Қойлаққа)келеді. Одан әрі ол Тентек алқабынан өтіп және Алакөлді айналып Жоңғар қақпасы арқылы Шихо алқабына және бұл жерден Бесбалық арқылы Дунхуанға және ішкі Қытайға жетеді.

– Алайда, Жібек жолының қазақстандық үзігіндегі бастапқы нүктелердің бірі – Испиджаб қаласына оралайық, содан кейін византиялық саяхатшы Земархтың ізімен – Тараздан Испиджаб арқылы Арал бойына және одан әрі Еуропаға жол тартайық.

– Испиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзенімен Арал бойына келеді. Бұл бағыттағы неғұрлым ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шауғар болып табылады.

– Б.з.б. Іғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен жібек артқан керуендер Батыстағы елдерге жолға шықты. Шығыс пен Батысты байланыстырғандықтан “Ұлы Жібек жолы” деп аталды.

– Қытай жазба деректерінде б.з.б. ІІ-І ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібек жүрді.

Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі – б.з.б. ІІ ғ. ортасы

Шығысқа шығатын қақпасы – Жетісу батысқа шығатын қақпасы – Оңтүстік Қазақстан. Тауарлардың, ғылыми және техникалық жаңалықтардың, қолданбалы өнер, сәулет, қабырғалық кескіндеме мәдениеті үлгілерінің таралуымен қатар Шығыс пен Батыс елдері бойынша Жібек жолымен музыка мен би өнері, ойын-сауық көрсетілімдері, өзіндік орта ғасырдың “эстрадасы” кең өріс алды. Мысалы, иран, соғдилық, түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп нәрсе енгізді. Жібек жолының барлық өне бойында тарихи ескерткіштерді қазу кезінде түрлі халықтардың музыкалық және театр мәдениеті саласында даму мен өзара байытудың көптеген материалдық бастауы табылды. Жібек жолымен діни ілімдер мен идеялар таратылды, түрлі миссионерлер өз діндерін теңіздің арғы жағындағы елдерге жеткізді . Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға буддизм келді , Сириядан, Ираннан және Арабиядан христиан діні, содан кейін ислам тарады.

Халықаралық қатынасты дамытудағы тарихи маңызы:

– Дипломатиялық байланыстың орнауы;

– Халықаралық байланыс жандана бастады- б.з.б. ІІ ғ. ортасы;

– Халықаралық сауда дамыды;

– 568ж Түрік қағанаты мен Византия келісімі;

– Жібек матасы-ақша мен құнды сыйлық;

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы:

– Түркі тілдес халықтардың оқшаулануына, сауданың, қалалардың дамуына, елдер арасында экономикалық байланыстың дамуына, мәдени байланыс дамыды.

– Монғол-татар шапқыншылығы қалалар арасындағы байланысты күйретті.

– ХVIІ ғасырдан бастап теңіз жолына байланысты өз маңызын жойды.

Жаңа сабақты бекіту:

1 тапсырма. Сандар сөйлейді.

VI ғ.-         Б.з.б II ғ.-              138 ж.-            568 ж.-                 Б.з.б І ғ.-

2 тапсырма. Сыни сұрақтар. «иә», «жоқ»

  1. Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан. Жоқ. Жібек саудасы

2.Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. Иә

  1. Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. Жоқ. Б.з.б. 2750
  2. Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б.з.б. V-II ғасыр аралығы Иә
  3. VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. Жоқ. VІ ғасыр
  4. Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа Жоқ. Шығысқа шығатын қақпа
  5. Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук Монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. Иә
  6. Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. Иә
  7. Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала Иә
  8. Батыс елдеріне алғаш керуендер б.з.б. ІІғ. ортасында жолға шықты Жоқ. Б.з.б. І ғ. ортасы
  9. Жібек өндіру б.з. алғашқы кездерінде Византия, соғды елдеріне шығарылды Иә
  10. Жібек өндірумен бәсекеге түскен ел -Жапония. Жоқ. Қытай
  11. Жібек жолының Жапониядағы соңғы нүктесі- Токио қаласы Жоқ. Нарга

14.Соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы ел- Ресей. Жоқ Жапония

  1. Кердер қаласын қазған кезде биші қыздың мүсіні мен піл сүйегі табылды. Жоқ. Биші қыздың мүсіні
  2. Жібек жолының жандана бастаған уақыты б.з.б. ІІ ғ. ортасы Иә.
  3. Қазақстанның сауда байланысы оңтүстікте Қытаймен жүзеге асырылды Иә.
  4. Х VІІғ. Теңіз жолдарының ашыла бастауы Ұлы Жібек жолының маңызын азайта түсті. Иә

Бағалау.

Үйге тапсырма.

 Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және оның тарихи маңызы

– Сәйкестендіру тест- 5

– Ұлы Жібек жолы тақырыбына қосымша деректер әкелу.

– «Ұлы Жібек жолындағы сауда» тақырыбына әңгіме құрастыр

 

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master