Тізім, баған, жиек

Шығыс Қазақстан  облысы

Аягөз ауданы

«К.Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта  мектеп» КММ

Информатика пән мұғалімі Туманбаева Ардақ Бақытбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Тізім, баған, жиек
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу, бағандар туралы түсінік беру,  бетке жиек қою тәсілдерін түсіндіру, практикалық тапсырмалар арқылы компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, компьютерде жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Осы тақырып бойынша алған төориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану
Тәрбиелік:оқушыларды  компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:саяхат сабақ

Көрнекілігі: компьютер кешені, презентация «Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметі», ActivInspire, проектор,  My Test Pro

Пәнаралық байланыс:тарих, география

Білім мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар:

оқушы білуі тиіс:

  • тізім, баған дегеннің не екенін;
  • тізім мен бағанның түрлері
  • жиек қою
  • тізім мен баған қоюдың қарапайым жолдарын;
  • мәтінді тізімге айналдыру;
  • тізімді пішімдеуді;
  • баған түрлерін орнатуды;

оқушы меңгеруі тиіс:
• тізім мен баған түрлерін;
• қарапайым тізім түрлерін орнатуды;
• баған қоюды;
• мәтінді тізім мен бағанға орнатуды

бетті жиектеуді

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. (2 мин)
  2. 1 Қызығушылықты ояту бөлімі (Үй тапсырмасын пысықтау) (10 мин)
  • Символдарды пайдаланып мәтін теру
  • шрифт және абзац терезе элементтерін жинау
  • сәйкестендеру тесті (ActivInspire)
  • Венн диаграммасы (форматтау және редақциялау ActivInspire,)
  1. Мағынаны тану бөлімі (Жаңа тақырып түсіндіру.) (15 мин)
  • сергіту
  1. Толғаныс бөлімі (Сабақты қорытындылау.)
  • Компьютерде практикалық жұмыс орындау.(8 мин)
  • Тест жұмысы (My Test Pro )(5мин)
  1. Үйге тапсырма. (2 мин)
  2. Бағалау. Рефлекция (оқушылардың білім деңгейлеріне, сабаққа қатысуына қарап бағалау) (3 мин)

 

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сәлеметсіндер ме, балалар!

Мұғалім:Балалар, біз бүгін кең, жарық әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрып көрейікші. Шеңбер неге ұқсайды балалар?

Оқушы: Күнге,

Мұғалім дұрыс шеңбер күн сияқты дөңгелек, аспанда жарқыраған күніміз сияқты дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір – бірінің бет – жүзін, күлкісін көре алады. Қараңдаршы! Біз шеңберде тұрғанда барлығымыз бір – біріміздің бет – жүзімізді анық көріп тұрмыз. Шаттық шеңберінде бір – бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымыз бен жүрегіміздің жылуын бөлісейік. «Жақсы сөз жанды жадыратады» демекші бір – бірімізге жақсы тілектер айтайық(балалар өздерінің бір – біріне деген жылы лебіздерін айтып шы Жарайсыңдар балалар, енді күліп, жақсы көңіл – күймен сабағымызды бастайық.

Өздерің қалаған, тақтада тұрған шарды таңдап, сол шардың түсі бойынша әркім өз орындарына жайғассын!

1 топ «Энергия және біз»

2 топ «Энергия болашақ»

3 топ «Энергия және өмір»

Орнымызға жайғассақ әр топ өзінің топ басшыларын сайлайды(аквариум әдісі бойынша)

Мұғалім: Ал, енді балалар тақтаға қарайықшы (экспо 2017 туралы бейне ролик көрсетіледі)

Осы бейне ролик бойынша оқушылардың өз ойлары тыңдалады

Мұғалім;

Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,”экспонат” деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер.Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін алаң.          Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы  (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан.Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді.                Жалпы,ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар.Оның бірі-  халықаралық әмбебап көрме.Ол бес жылда бір рет өткізіледі.Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай  алады.Екіншісі- халықаралық мамандандырылған көрме.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,2-2,5 жылда бір рет өткізіледі.Мерзімі – үш ай.Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы.Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты  2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді. Біздің бүгінгі сабағымыз осы уақытқа дейін Экспо көрмесі қай елдерде, қай жылдары болғаны туралы қосымша ақпарат ала отырып, әрбір елдің тапсырмаларын орындай отырып, өз тобымызға жапырақшаларды жинай отырып, бағаланамыз.

 

2.Қызығушылықты ояту бөлімі (Үй тапсырмасын пысықтау)

Мұғалім: Біз өткен сабағымызда не туралы өттік?

Оқушы: Мәтінді пішімдеу, редақциялау. Қаріп, абзац

 

Мұғалім: сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін алдымызда тұрған пернетақта бойынша берілген тапсырманы орындаймыз. Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 11-ші пернесіндегі әріп; Қ

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың -ші пернесіндегі әріп;Ш

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

  1. Келесі мәтінді символды қосып тер?

 

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; К

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың -ші 5пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың –ші 7 пернесіндегі әріп;Н

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 10-ші пернесіндегі әріп;Д

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

 

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 11-ші пернесіндегі әріп; Ж

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5 -ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 6–ші  пернесіндегі әріп;П

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 8-ші пернесіндегі әріп; О

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп;Н

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Я

 

 

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

  1. Келесі мәтінді символды қосып тер?

?3. Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) —& Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы  K Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. OЕл 6852 аралдардан тұрады. *Ең үлкендері: GХоккайдо, Хонсю, üСикоку, Кюсю. ¹Астанасы — Токио қаласы .¯Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. GЖапония — бір ұлтты ел. ËХалқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады

 

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 4 -ші пернесіндегі әріп; В

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 4–ші  пернесіндегі әріп;С

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп; Т

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп;Р

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 9-ші пернесіндегі әріп; Л

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Я

 

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

 

  1. Мәтінді теріп, қаріптерді өзгерт? (оң жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, сол жақ шеті бойынша турала, өлшемін өзгерт?)

 

1.( Times New Roman)

Австралия, ресми атауы – Австралия Одағы .

(Monotype Corsiva )

Австралия материгі мен  Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет.

(Arial)

Жер аумағы – 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие.

(Tahoma)

Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі.

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; П

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 8 -ші пернесіндегі әріп; О

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 7–ші  пернесіндегі әріп;Р

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп; Т

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 4-ші пернесіндегі әріп;У

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 8-ші пернесіндегі әріп; Г

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 9-ші пернесіндегі әріп; Л

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Я

 

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

  1. Мәтінді теріп, қаріптерді өзгерт? (оң жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, сол жақ шеті бойынша турала, өлшемін өзгерт?)

1.( Times New Roman)

Португалия, Португалия Республикасы — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет.

(Monotype Corsiva )

Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр.

(Arial)

Солтүстігі мен шығысында Испаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр.

(Tahoma)

Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады.

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 8-ші пернесіндегі әріп; Г

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 6 -ші пернесіндегі әріп; Е

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 7–ші  пернесіндегі әріп;Р

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; М

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп;А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп; Н

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Я

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

  1. Мәтінді теріп, қаріптерді өзгерт? (оң жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, сол жақ шеті бойынша турала, өлшемін өзгерт?)
  2. ( Times New Roman)

Германия Федеративтік Республикасы

(Monotype Corsiva )

Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады.

(Arial)

82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет.

(Tahoma)

Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы

мемлекеті міндетін атқарып отыр

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Ф

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 7 -ші пернесіндегі әріп; Р

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5–ші  пернесіндегі әріп;А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп; Н

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 3-ші пернесіндегі әріп;Ц

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Я

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

  1. Сәйкестендіру тесті( Франция мемлекеті)

 

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 4 -ші пернесіндегі әріп; С

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 6–ші  пернесіндегі әріп;П

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп;Н

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп; И

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп; Я

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын орындайды.

4.Қаріп, Абзац терезесін құрастыру ( Испания мемлекеті )

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 11-ші пернесіндегі әріп; Қ

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 3 -ші пернесіндегі әріп; Ы

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 7–ші  пернесіндегі әріп;Т

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп; А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 2-ші пернесіндегі әріп;Й

Қай топ бірінші қандай сөз шығатының табады, сол топтан бір оқушы картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің конвертке салаған тапсырмасын орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

  1. Веен диаграммасы (Қытай мемлекеті)
  • Форматтау
  • Редакциялау
  • Ұқсастығы

 

3.Мағынаны тану бөлімі (Жаңа тақырып түсіндіру.)

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 4-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 11-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 4-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп;

 

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 9-шы пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп

 

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 11-шы пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 6-ші пернесіндегі әріп;

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп

 

(Тізім. Баған. Жиек деген сөз шығады)

Жаңа сабақ

Тізім. Баған. Жиек

 

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.

Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.

Мәтінді бағандарға бөлу – сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан

Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.

Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.

 

Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы – Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.

Құжаттың сыртқы түрін жақсарту әрі оның ішкі мағынасын ұғынықты қылу үшін Word – та тізімдерімен жұмыс істеуге арналған арнайы құрал бар. Тізімдердің екі негізгі тұрпатын пайдалануға болады.
• Нөмірлеуі бар тізім (списки с нумерацией)
• Белглеуі бар тзім (списки с пометками)
Тізімді нөмір жаңа элементті енгізукезінде автоматты түрде түзетіледі. Тізімдерді сұрыптаудың мүмкіндіктері болады. Пішім мәзіріндегі Тізім командасын орындау арқылы Сұхбат терезесі ашылады. Қажетті тізімнің белгілеуі бар (с пометками) тізім үшін – Маркерленген (Маркированный) нөмірленуі бар (с нумерацией) тізім үшін – Нөмірленген (Нумерованный) немесе күрделі нөмірлеуі бар (со сложной нумерацией) тізім үшін – Көпдеңгейлі (Многоуровневый) беттерді активтендіріңіз.

Парақ параметрлері
Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығуүшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитулының орналасуын қою беру керек. Ол үшін Файл →Беттің параметрлері (Файл → параметры страницы) командасы орындалады. Терезеге қойлылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі , Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері. Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген. Таңдалған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шеріледі.
 

Маркерленген тізім

Маркерленген тізімді жасау кезінде маркердің әр түрлі тиін таңдауға болады. Маркерлер батырмасынаң қасында орналасқан (4.43. Сурет), төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, жиі қолданылатын сегіз маркердің бірін таңдауға болады. Одан  басқа өзіңіздің маркеріңіздің типін құруға болады. Ол үшін Жаңа маркерді анықтау командасын таңдаңыз.

Жаңа маркерді анықтау диалогтық терезесі маркер параметрлерін беруге мүмкіндік береді

 

. Жаңа маркерді анықтау диалогтық терезесі

          Қаріп- маркерді мәтіндік символ түрінде безендіру;

          Символ- маркерді символдар кестесіндегі таңбалар түрінде безендіру;

          Сурет-  маркерді Суреттер коллекциясында бар кез келген сурет түрінде безендіру;

          Туралау-  маркердің күйін анықтау.

Нөмірленген тізім

Нөмірленген тізімді жасау кезінде нөмірлеудің әр түрлі тиін таңдауға болады. Нөмерлеу батырмасының қасында орналасқан, төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, нөмірлеудің жиі қолданылатын жеті тиінің бірін таңдауға болады (4.45. Сурет). Одан басқа, басқа өзіңіздің нөмірлеуіңіздін типін құруға болады. Ол үшін Нөмірдің жаңа форматын анықтау командасын таңдаңыз.

 

Нөмірлеу кітапханасы

Нөмірдің жаңа форматын анықтау диалогтық терезесі (4.46. Сурет) нөмірлеудің параметрлерін беруге мүмкіндік береді.

Нөмірдің жаңа форматын анықтау диалогтық терезесі

 

           Нөмір пішімі- нөмірден кейін орналасатын мәтінді таңдау:

o    Нөмірлеу- нөмірлеу типі,

o    Қаріп- нөмірді мәтіндік символ түрінде безендіру.

           Туралау-  нөмірдің  күйін анықтау.

 

Көпдеңгейлі тізім

Көпдеңгейлі тізім батырмасының қасында орналасқан , төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, көпдеңгейлі тізімнің жиі қолданылатын жеті типінің бірін таңдауға болады (4.47. Сурет). Бұдан басқа, өз тізіміңіздін типін құруға болады. Ол үшін Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау командасын таңдаңыз.

Көпдеңгейлі тізімнің кітапханасы

Осы батырманы басқанна кейін  Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау диалогтық терезесі ашылады (4.48. Сурет)

Жаңа көпдеңгейлі тізімді анықтау диалогтық терезесі

Көпдеңгейлі тізімде өзіндік стилді құру

Көпдеңгейлі тізім батармалары  менюінен шақыруға болатын, Тізімнің жаңа стилін анықтау диалогтық терезесінде көпдеңгейлі тізімді безендіру парметрлерін беруге болады (4.49. Сурет)

 

Стилді құру үшін ОК батырмасын басыңыз.

Көпдеңгейлі тізім батырмасының менюін ашыңыз. Жаңа ғана құрылған стиль бар Стилдер тізімінің жаңа тобы пайда болды

Менюде жаңа стиль пайда болды

Бағандағы мәтін

Microsoft Word 2007 бағдарламасы мәтінді баған түрінде безендіруге мүмкіндік береді. Мәтінді бұлай бейнелеу тәсілі газеттік және журналдық статьяларда кеңінен пайдаланылады. Бағандағы мәтін қарапайым мәтін сияқты пішімделеді. Бағанды Бағандар диалогтық терезесінің көмегімен немесе лентада Беттерді белгілеу қосымшасында Беттер параметрлері тобындағы Бағандар батырмаларының көмегімен құруға болады.  (4.51. Сурет)

Бағандар батырмалары

Баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;
  2. Лентада Беттерді белгілеу қосымшасына өтіңіз;
  3. Беттер параметрлері тобындағы бағандар батырмасын басыңыз және менюден бағанға түрлендірудің қажетті нұсқасын таңдаңыз

Бағандар менюі

5                    Егер ұсынылған нұсқалардың арасында сізге қажетті нұсқа болмаса, онда Басқа бағандар командасын таңдаңыз. Бағандар диалогтық терезесінде Түр (Тип) бөлімінде нұсқалардың бірін таңдаңыз немесе Бағандар саны өрісіне бағандардың қажат санын енгізіңіз. Бағанға түрлендіргеннен кейін құжат қалай көрінетінін Үлгі аймағыннан көресіз (4.53. Сурет)

Бағандар диалогтық терезесі

Сіз әрбір бағанның енін өзіңіздің қалауыңызша орната аласыз. Ол үшін бірдей енді бағандар жалаушасын алып тастаңыз, одан кейін әрбір бағанның енінің мәнін беріңіз және олардың ара қашықтығын беріңіз.

Егер бағанға қосымша параметрлер орнату қажет болса Бағандар диалолгтық терезесінің көмегін пайдаланыңыз (мысалы, бағанның әр түрлі енін беру). Ал егер бірдей енді бірнеше бағанды жылдам құру қажет болса, онда құрал- саймандар панеліндегі батырмаларды пайдаланған ынғайлы.

Бағандар батырмаларының көмегімен Бағандағы мәтінді құру

Баған батырмаларының көмегімен баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;
  2. Баған батырмасын басыңыз және тышқанның батырмасын ұстап  тұрып, бағанның қажетті санын таңдаңыз. Үшке дейін баған құруға болады;
  3. Қажет жағдайда көлденең сызғыштағы маркерлердің көмегімен бағандар енін өзгертіңіз.

Номерлеу мен маркерлеудің форматын өзгерту.

Номерлеуді немесе маркерлеуді қосқан кезде стандартты маркерлер мен қатар аралық, символ мен текст аралық, сан мен текст аралық интервалдар үнсіз келісім бойынша қойылады. Бұл параметрдің бәрін де артынан қажетіне қарай өзгертуге болады. Егер тізім енгізілген болса, оны алдымен белгілеп, Формат-Список командасын орындайды. Список диалог терезесі ашылады. Бұл терезеде Маркерленген, Номерленген, Көпдеңгейлі қосымшалары бар. Әрбір қосымшаны ашып, қажет стильді таңдауға болады. Бірақ таңдау бұнымен тоқтап қалмайды. Бұл стильдерді әрі өзгертуге болады. Маркерленген тізімде өзгертетін стильді таңдап, Изменить батырмасын шертеді. Ашылған терезеде, маркер түрін, маркердің орналасуын, текстің орналасуын беруге болады. Ал шрифт батырмасы арқылы маркердің түрін өзгертуге болады.

Номерленген тізіді өзгерту де осыған ұқсас жүреді. Өзгешелігі мұнда тізімді 1-ден өзге цифрдан да бастауға болады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Тізім не үшін керек?
  2. Тізімнің қандай түрлері бар?
  3. Тізімді қандай команда арқылы орындай аламыз?
  4. Бағанды қалай қосамыз?
  5. Бетке жиекті қалай қоя аламыз?

Сергіту сәті. Көз, қол жаттығулар

Қол және  көз жаттығуларын музыка арқылы сүйемелдеумен орындау.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар: Алақанды ұқала, қолды қысу, білезіктен айналдыру, 3 – 4 рет орындау

Көз жаттығулары: Көзді бірнеше рет жыпылықтату, көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3 -4 рет орындау
4.Толғаныс бөлімі (Сабақты қорытындылау.)

  • Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
  • Тест жұмысы (My Test Pro )

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 10-ші пернесіндегі әріп; Қ

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп;А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 11-ші пернесіндегі әріп;З

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп;А

Орыс алфавиті бойынша 2 қатардың 10-ші пернесіндегі әріп;Қ

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 4-ші пернесіндегі әріп;С

Орыс алфавиті бойынша 5 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп;Т

Орыс алфавиті бойынша 4 қатардың 5-ші пернесіндегі әріп;А

Орыс алфавиті бойынша 3 қатардың 7-ші пернесіндегі әріп;Н

 

 

Қандай сөз шығатының табады, картадан сол елді тауып, туын картаға жабыстырып, сол елдің  конвертке салаған тапсырмасын компьютерде орындайды.

(Әрбір дұрыс жауапқа  бір жапырақша беріп отырамын)

 

1-жаттығу.

  1. Берілген тексті теріп, тізім жасап, жиектеп, бағанға бөл!.
  1. 2- жаттығу. Тест жұмысы (My Test Pro )
  1. Бағалау. (оқушылардың білім деңгейлеріне, сабаққа қатысуына қарап бағалау) Жинаған жапырақтарымызды санап,топ жеңімпазын анықтаймыз.Қане балалар , жапырақтарды қосып, жинап болсақ , сендерге сұрақ :осы жинаған жапырақтарымыз неге ұқсайды екен?
  2. Оқушы: Экспо – 2014 логотипі
  3. Осы логотипте не бейнеленгенің айтып берейін .Күн астында көктейміз. Күн – қуат көзі, әрі Астанада өтетін «Ехро-2017» көрмсесінің сиволы. Еліміз бен әлем үшін маңызды осынау шараға арнайы әзірленген логотипке көз салсаңыз, осындай ой жатыр. Әдемі иілген, сәнді қалпымен көрген адамның көзін қуантатын жасыл жапырақтар қозғалыс және күштің белгісі болуы тиіс. Түстерді пайдалану кезінде логотип авторлары кемпірқосақтың түстерін пайдаланған, осылайша отандық суретшілер табиғатты әспеттеп, энергияның жасыл идеяларына мән беруге тырысқан. Ал сары түстердің көптеп орын алғаны біздің Экспоны күнмен байланыстырады. Астана қаласы жылына 300 күн бойы күннің жарығына шомылады, күн біз үшін әлеуеті зор қуат көзі болып табылады.
  4. Бүгінгі сабағымызда ең көп жапырақшалар жинаған «Энергия және біз» тобы жеңіске жетті, бұл топқа менің арнайы дайындаған сыйлығым бар, ол «Экспо – 2017» көрмесіне жолдама, қошемет көрсетіп қоялық! Бұл топ оқушылары «5» баға, «Энергия болашақ», «Эенргия және өмір» топтары «4» баға алды. (жинаған жапырақтар санына қарай)

Үйге тапсырма: Тізім және баған

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

 

 

 

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master