Үлгі тұтарлық адам – Елбасы. Етістік

Мұғалімі: Жумагалиева А.Н.

Тақырыбы: Үлгі тұтарлық адам – Елбасы. Етістік

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып,елжандылыққа,отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы,құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ, панорамалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Синквейн немесе 5жолды өлең, кластер немесе топтастыру.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, фотосуреттер, бейнеролик, А3 қағазы, түрлі-түсті бояулар.

Сабақтың барысы:

I.Сабақтың басы. Сәлемдесу. Оқушылардың дайындықтарын тексеру. Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді, елбасымды сүйемін» тренингі.

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз.

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз.

Егер сіз иттерді жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз.

Егер сіздер Отаныңызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды ашыңыздар.

Егер сіздер Елбасыңызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар.

-Жарайсыңыздар,балалар! Ия ендеше біз кім үшін қол соқтық. Дұрыс айтасыздар. Елбасы үшін….,еліміз үшін….,Отанымыз үшін.

Бүгінгі тақырыбымызда еліміздің тірегі, жүрегі, қорғанымыз, қорғаушымыз, «Үлгі тұтар адам – Елбасы» туралы болмақ.

-Сабағымызды бастамас бұрын «Үлгі тұтамын» тарауы бойынша ойымызды жинақтап алайық. Үлгі тұтатын қасиеттерді атап өтейікші. Олар: қарапайымдылық, адалдық, мейірімділік, сыпайылық, сыйластық, имандылық, адамгершілік, ұлтжандылық және т.б.

– Осыдан мыңдаған жыл бұрын Асан Қайғы желмаясына мініп шұрайлы жер, мәңгілік өмір іздегенін біз әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Біздің еліміздің басшысы да Қазақстан – Мәңгілік ел болады, Мәңгілік елеміздің-мәңгілік тілі, мәңгілік салт-дәстүрлері, мәңгілік әдет-ғұрыптары болу керек деп айтқан идеясын біз әрқашан да қолдауымыз керек. Ендеше бүгінгі сабақта біз желмаяға отырып Елбасымыздың өмірі мен еңбек жолдарына саяхаттаймыз. Әр тоқтаған жерімізде біз тапсырмалар орындап, Қазақстан дейтін байтақ еліміз, үлгі тұтатын адам-Елбасымыз туралы мәлімет алатын боламыз.Бейнебаян көре отырып, елбасының өмірбаяны мен еңбек жолын таныстыру.

1-ші жол. «Білгенге маржан…»

1940 жылы 6 шілде де Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді. Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты – Нұрсұлтан болсын. Еңбек жолын 1960 ж.Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-1969жж Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969-1973жж Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж Қарағанды облысының партия комитетінің 2-ші хатшысы
1979-1984жж Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы
1984-1989жж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
1989-1991жж Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы
1990ж.ақпан-сәуір Қазақ КСР жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1990ж.сәуірінен Қазақ КСР президенті
1991ж. 1желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті

 

2-ші жол. «Даналық ойдан дән ізде» деп аталады. Елбасының қанатты сөздерінің мағынасын ашу.

1-топ.Ел болу үшін ұлттық рух,ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек.

2-топ.Елдік те,ерлік сияқты сын сағатта танылады. Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

3-топ.Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

 

3-ші жол. «Ыстық орындық» әдісі бойынша «Мен елімнің үлгі тұтар адамы – Елбасымын» тақырыбында рөлге еніп ойын айту.

 

4-ші жол. «Ол не істеді?» деп аталады. Бұл сұраққа жауап беріп, етістіктерге морфологиялық талдау.

Елбасы – ………………………..

басқарды, жасады, айтты, қолдау көрсетті, салғызды, дамытады, көркейтеді.

 

5-ші жол.Синквейн немесе 5 жолды өлең.

Кім?                           Елбасы

Қандай?                    Мейірімді, ақылды…….

Не істеді?                 Оқыды,жұмыс істеді, көмектесті

Түйін                        Біз елбасымызды үлгі тұтамыз.

Синоним                   Президент

 

 

6-шы жол. Кластер жасау. Топпен

 

 

Үлгі тұтар адам – Елбасы қандай болу керек?

 

 

 

 

 

Бекіту.

7-ші жол. «Айтарым бар…..» деп аталады. 3 топтан тілшілер сайлансын. Қысқа да нұсқа, нақты 1 сұрақтан дайындау.

Үйге тапсырма: Елбасына хат немесе өлең шумақтарын құрастыру, сурет салу.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші,ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де,әніміз. – деген өлең шумақтарымен біз бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.

Бағалау.

 

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment